5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;
6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;
7) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сауал салудың есебін жүргізуге;
8) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;
9) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті органның сұратқан ақпаратын, оның ішінде:
берілуі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ақпарат бермеуі, уақтылы бермеуі не толық көлемде бермеуі туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын бұза отырып, осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;
12) уәкілетті органға дерекқордың қол жеткізуіне рұқсат беруге;
13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған, сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасалған міндетті сақтандыру шарты туралы дерекқорда мәліметтердің бар екендігі туралы ақпарат беруге;
14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің өліміне байланысты зиянның өтеміне құқығы бар адамның жазбаша өтініші алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру полисінің бар не жоқ екендігі туралы жазбаша мәліметтер беруге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2. Ұйым:
1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпаратты берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және дұрыс ақпаратты талап етуге;
3) ақпарат берушінің ұсынған ақпаратын оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъекті деректерінің ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
3. Ақпарат берушілер:
1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;
3) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
4) ұйымға дерекқор субъекті туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;
5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;
7) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
4. Ақпарат беруші:
1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) ақпарат алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
5. Осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
1) ақпарат алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;
2) алынған ақпаратқа қатысты оның жабықтығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді мойнына алуға міндетті.
6. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
7. Дерекқор субъектісі:
1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;
2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;
3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алысымен сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;
4) ақпарат берушіге және ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:
1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;
3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;
4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;
5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;
6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;
7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;
8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;
9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;
10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;
11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:
1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;
2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.
84-бап. Ұйымға тіркелу
Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.
Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
85-бап. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату
Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде дерекқор бөліну, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына берілуге жатады.
Ұйымды тарату кезінде дерекқор осы Заңның 79-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес өтеусіз негізде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі басқа ұйымға беруге жатады.».
7. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 134-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті немесе ерікті сақтандыру түрлері;»;
4) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы), сондай-ақ жәбірленушіге (зиянды өтетуге құқығы бар адамға) сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде келтірілген зиянды өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;»;
10) тармақшада:
«, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы көзделген» деген сөздер алып тасталсын;
«міндетті сақтандыру түрлері» деген сөздер «кепілдік берілетін сақтандыру түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
11), 12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) өтініш беруші -сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы;»;
15) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) сақтандыру шарты - кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;»;
2) 3-2-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;»;
3) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «және өтемақы» деген сөздер алып тасталсын;
4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қор кепілдіктері
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қор:
1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу;
2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмаған жағдайда, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін сақтандыру шарттары бойынша туындаған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тізіліміне және (немесе) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінің немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға енгізілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру шарттары Қор кепілдіктерімен жабылмайды.
Осы жағдайда кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына жүгінеді.
3. Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.»;
5) 8-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «және өтемақы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді;»;
6) 9-бапта:
1-тармақ «Өтініш беруші» деген сөздерден кейін «кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «міндетті сақтандыру» деген сөздер «кепілдік берілетін сақтандыру түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«міндетті сақтандыру бойынша» деген сөздер «кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және міндетті сақтандыру» деген сөздер «және сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-баптың 1-бөлігінің 10 тармақшадағы «талаптар;» деген сөз «талаптар болуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын;
8) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және осы сақтандыру түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.»;
9) 12-бапта:
2-тармақтағы «міндетті түрлері» деген сөздер «кепілдік берілетін түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы-сақтандыру ұйымы бұзған жағдайда, мұндай сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарна ставкасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ұлғайтылуға тиіс.
2-2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв:
1) осы Заңның 7-бабында көзделген Қордың кепілдіктері бойынша міндеттемелерін;
2) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды Қордың жүзеге асыруына байланысты шығыстарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді өтеу үшін пайдаланылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Кепілдік және өтемақы төлемдерін», «кепілдік және өтемақы төлемдерін» деген сөздер тиісінше «Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды», «осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
«сақтандырудың міндетті түрлері» деген сөздер «сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті сақтандыру» деген сөздер «сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Кепілдік және өтемақы төлемдерін» деген сөздер «Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі және 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «міндетті» деген сөз «кепілдік берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейінгі кезеңде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«растайтын құжаттар болғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
«алты» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлігіндегі «оларды алу үшін» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлігіндегі «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөлік «заңнамалық актілерде» деген сөздерден кейін «немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «іс-шараларды» деген сөзден кейін «, бүлінген мүлікті бағалау жүргізуге арналған шығыстарды қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кепілдік төлемдерінің ерекшеліктері, тәртібі мен мөлшері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық төлемі және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған өзге де шығыстар кепілдік төлемімен жабылмайды.»;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген көшірмені алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерінің жүзеге асырылуы туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.»;
12) 16-бап алып тасталсын;
13) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы
Қор кепілдіктері:
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемі жүзеге асырылған;
2) кредитордың осы Заңның 15-бабында белгіленген өтініш жасау мерзімдері аяқталған;
3) сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталған;
4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеген жағдайларда тоқтатылады.»;
14) 18-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
5) тармақшадағы «осы Заңда және» деген сөздер «осы Заңда, сақтандыру шартында немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
15) 19-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
4) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті сақтандыру түрлері» деген сөздер «сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
16) 20-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «алуға;» деген сөз «алуға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
17) 21-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе сақтандыру шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті» деген сөз алып тасталсын;
18) 22-баптың 2-тармағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздерден кейін «немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен толықтырылсын.
8-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «болуы;» деген сөз «болуы міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-1, 8-2 және 8-3-баптар алып тасталсын;
3) 16-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы «деректер базасын» деген сөздер «сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды (бұдан әрі - дерекқор)» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорларында, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.»;
2) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері қатарынан өзі тағайындайтын өзінің өкілін банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жібереді.