Қазақстан Республикасының
Заңы
Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Сауда-өнеркәсіп палатасын құрудың ерекшеліктері (6-9 баптар)
3-тарау. Сауда-өнеркәсіп палатасы және оның мүшелері (10-12 баптар)
4-тарау. Сауда-өнеркәсіп палатасын басқару (13-17 баптар)
5-тарау. Сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметі (18-23 баптар)
5-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер (24-25 баптар)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында сауда-өнеркәсiп палаталарын құруға және олардың қызметiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, олардың мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасы ұғымы
1. Сауда-өнеркәсiп палатасы - кәсiпкерлiк қызметтi дамыту, Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерiнiң және (немесе) заңды тұлғаларының, сондай-ақ олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында оларды ерiктi негізде бiрiктiретiн, коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзiн-өзi қаржыландыратын және өзiн-өзi басқаратын ұйым.
2. Сауда-өнеркәсiп палатасы кәсiпкерлiк қызметпен бұл қызмет өзiнiң жарғылық мақсаттарына қаншалықты сай келсе, соншалықты ғана айналыса алады.
3. Сауда-өнеркәсiп палатасы өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсiп палаталары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсiп палаталары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасындағы сауда-өнеркәсiп палаталарының жүйесi
Қазақстан Республикасындағы сауда-өнеркәсiп палаталары:
1) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарын;
2) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасын қамтитын сауда-өнеркәсiп палаталарының бiртұтас жүйесiн құрайды.
4-бап. Сауда-өнеркәсiп палаталарының мақсаттары мен мiндеттерi
1. Сауда-өнеркәсiп палаталары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға, оның дүниежүзiлiк шаруашылық жүйесiне ықпалдасуына, қазiргi заманғы өнеркәсiп және сауда инфрақұрылымын қалыптастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылады.
2. Сауда-өнеркәсiп палаталарының мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметті дамытуға жәрдемдесу;
2) экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғаларына сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын игеруде практикалық көмек көрсету;
4) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiне ақпараттық қызмет көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдесу;
5) өздерiне берiлген құқықтар шеңберiнде жосықсыз бәсекенi болғызбауға және оның жолын кесуге шаралар қолдану.
5-бап. Сауда-өнеркәсiп палаталары қызметiнiң принциптерi
Сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметi мына принциптерге:
1) ерiктiлiкке;
2) сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң тең құқықтылығына;
3) тәуелсiздiкке;
4) кәсiпқойлыққа;
5) өзiн-өзi қаржыландыруға;
6) өзiн-өзi басқаруға негiзделедi.
2-тарау. САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
6-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасын құрудың ерекшелiктерi
1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы кемiнде он бес құрылтайшының бастамасы бойынша құрылады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында бiр аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкiн.
Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы өзi құрылған және жұмыс iстеп жатқан облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында құрылымдық бөлiмшелер (филиалдар мен өкiлдiктер) құруға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасын құру, жарғысын қабылдау, басқару органдарын және олардың басшыларын бекіту туралы шешiмдер аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары мүшелерінің Республикалық конференциясында (жиналысында) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарынан сайланған делегаттар жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде қабылданады.
4. Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдаған жарғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ережелерi көзделген құрылтай шарты сауда-өнеркәсiп палатасының құрылтай құжаттары болып табылады.
5. Сауда-өнеркәсiп палатасын мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының атауы және орналасқан жерi
1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының атауында оның ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетілуін, сондай-ақ өзi аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атауын қамтиды.
2. Осы Заңға сәйкес сауда-өнеркәсiп палатасы нысанында тiркелмеген заңды тұлғаның атауына «сауда-өнеркәсiп палатасы» деген сөздердi немесе «СӨП» деген аббревиатураны енгізуге болмайды.
3. Сауда-өнеркәсiп палатасының орналасқан жерi оның алқалы атқарушы органы орналасқан жер болып танылады.
8-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкi
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда-өнеркәсiп палатасына тиесiлi болуы мүмкiн емес жекелеген мүлiк түрлерiн қоспағанда, сауда-өнеркәсiп палатасының меншiгiнде оның жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiк болуы мүмкiн.
2. Мүшелiкке кiру және мiндеттi мүшелiк жарналары, кәсiпкерлiк қызметтен түскен түсiмдер (кiрiстер), сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiн қалыптастыру көзi болып табылады.
3. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының мiндеттi мүшелiк жарналары, көрсетiлетiн қызметтен түскен түсiмдер (кiрiстер), сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiн қалыптастыру көзi болып табылады.
4. Сауда-өнеркәсiп палатасына өзiнiң құрылтайшылары (мүшелерi) берген мүлiк сауда-өнеркәсiп палатасының меншiгi болып табылады. Сауда-өнеркәсiп палатасы құрылтайшыларының (мүшелерiнiң) өздерi сауда-өнеркәсiп палатасының меншiгiне берген мүлiкке құқықтары сақталмайды.
5. Сауда-өнеркәсiп палатасының қаражаты жарғылық қызметтi қамтамасыз етуге ғана жұмсалады.
6. Сауда-өнеркәсiп палатасы өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi бүкiл мүлiкпен жауап бередi, өз атынан мүлiк сатып алып, мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттемелердi жүзеге асыруы, сотта талапкер және жауапкер болуы мүмкiн.
7. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелерi одан шыққан жағдайда, төленген жарналар қайтарылмайды және сауда-өнеркәсiп палатасы мүлкiнiң бөлiгiне уәждерi қабылданбайды.
9-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасын қайта ұйымдастыру және тарату
Сауда-өнеркәсiп палатасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3-тарау. САУДА-ӨНЕРКӘСIП ПАЛАТАСЫ ЖӘНЕ OHЫҢ МҮШЕЛЕРI
10-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасына мүшелiк
1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасына Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғалары, сондай-ақ олардың қауымдастықтары (одақтары) мүше бола алады.
2. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасына аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары ғана мүше бола алады.
11-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi:
1) сауда-өнеркәсiп палатасы тарапының жәрдемiн, кәсiби қолдауы мен қорғауын, сондай-ақ сауда-өнеркәсiп палатасының жарғысында көзделген қызметтердi пайдалануға;
2) сауда-өнеркәсiп палатасының органдарына сайлауға және оларға сайлануға (сайлау үшiн кандидатура ұсынуға);
3) сауда-өнеркәсiп палатасына оның қызметi туралы жазбаша сауалдар беруге және одан дәлелдi жауаптар алуға, сауда-өнеркәсiп палатасы мен оның органдарының жұмысын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi:
1) сауда-өнеркәсiп палатасы жарғысының ережелерiн сақтауға;
2) сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) және оның алқалы атқарушы органының шешiмдерiн орындауға;
3) мiндетті мүшелiк жарналар төлеуге мiндеттi.
3. Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi тең.
4. Сауда-өнеркәсiп палатасы өз мүшелерiнiң қызметiне араласуға және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға құқылы емес.
12-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасына мүшелiктi тоқтату
1. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi сауда-өнеркәсiп палатасынан өз қалауымен шығуға құқылы.
2. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi өзiне осы Заңмен және оның жарғысымен жүктелген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмi бойынша сауда-өнеркәсiп палатасынан шығарылуы мүмкiн.
3. Сауда-өнеркәсiп палатасының мүшесi сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмi бойынша сауда-өнеркәсiп палатасына қайта қабылдануы мүмкiн.
4. Сауда-өнеркәсiп палатасынан шығару жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
4-тарау. САУДА-ӨНЕРКӘСIП ПАЛАТАСЫН БАСҚАРУ
13-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының басқару органдары
1. Сауда-өнеркәсiп палатасының басқару органдары:
1) жоғары басқару органы - сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы);
2) алқалы атқарушы орган;
3) бақылау органы (тексеру комиссиясы) болып табылады.
2. Жарғыда көзделген жағдайларда сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелердiң негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
14-бап. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы.
2. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) өз мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде шешiмдер қабылдауға заңды құқығы бар.
Егер аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысына (конференциясына) қатысқандардың елу проценттен астамы шешiмдi жақтап дауыс берсе, аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмi қабылданды деп есептеледi.
3. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне:
1) жарғыны және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмдердi қабылдау;
2) қызметтiң басым бағыттарын айқындау;
3) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi;
4) алқалы атқарушы органның қаржылық есептiлiктi табыс етуiнiң тәртібі мен кезеңдiлiгiн, бақылау органының (тексеру комиссиясының) тексеру жүргізу тәртібін айқындау, сондай-ақ олардың нәтижелерiн бекіту;
5) алқалы атқарушы органды, бақылау органын (тексеру комиссиясын) және олардың басшыларын сайлау;
6) жарғыда көзделген басқа да органдар мен олардың басшыларын сайлау;
7) басқару органдары басшыларының қызметi туралы олардың есептерiн тыңдау және бекіту;
8) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiне иелiк ету тәртібін белгiлеу;
9) мүшелiкке кiру және мiндеттi мүшелiк жарналарының ставкаларын белгiлеу;
10) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң оның басқару органдары мен олардың басшыларының заңсыз iс-әрекеттерiне шағымдары мен арыздарын қарау;
11) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы басқару органдарының басшыларын мерзiмiнен бұрын керi шақырту;
12) Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысына (конференциясына) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң арасынан делегаттар сайлау;
13) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы жанындағы аралық сот регламентiн және оның құрамын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекіту жатады.
4. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысын (конференциясын) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы жылына кемiнде бiр рет шақырады.
5. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының жарғысында олар бойынша шешiмдер қабылдау аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуi мүмкiн.
15-бап. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
1. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары мүшелерінің арасынан сайланған делегаттардың жалпы санының кемiнде үштен eкici болғанда шешiмдер қабылдауға заңды құқығы бар.
Егер аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары мүшелерiнiң арасынан жалпы жиналысқа (конференцияға) қатысқан делегаттардың елу проценттен астамы шешiмдi жақтап дауыс берсе, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмi қабылданды деп есептеледi.
3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне:
1) жарғыны және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмдердi қабылдау;
2) қызметтiң басым бағыттарын айқындау;
3) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi;
4) алқалы атқарушы органның қаржылық есептiлiктi табыс етуiнiң тәртібі мен кезеңдiлiгiн, бақылау органының (тексеру комиссиясының) тексеру жүргiзу тәртібін айқындау, сондай-ақ олардың нәтижелерiн бекіту;
5) алқалы атқарушы органды, бақылау органын (тексеру комиссиясын) және олардың басшыларын сайлау;
6) жарғыда көзделген басқа да органдар мен олардың басшыларын сайлау;
7) басқару органдары басшыларының қызметi туралы олардың есептерiн тыңдау және бекіту;
8) Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiне иелiк ету тәртібін белгiлеу;
9) мiндеттi мүшелiк жарналар ставкаларын белгiлеу;
10) Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң оның басқару органдары мен басшыларының заңсыз iс-әрекеттерiне шағымдары мен арыздарын қарау;
11) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы басқару органдарының басшыларын мерзiмiнен бұрын керi шақырту;
12) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы жанындағы аралық сот регламентiн және оның құрамын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекіту жатады.
4. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысын (конференциясын) Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы жылына кемiнде бiр рет шақырады.
5. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының жарғысында олар бойынша шешiмдер қабылдау Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкiн.
16-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы
1. Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы жасырын дауыс беру арқылы сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) көпшiлiк даусымен төрт жыл мерзiмге сайланады.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қарар)
2. Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы:
1) кәсiпкерлердiң мемлекеттік органдармен тиiмдi өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргiзедi;
2) сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
3) сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелiгіне қабылдайды;
4) экономиканың әртүрлi салаларында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
5) жарғыда және сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) айқындалған тәртiппен сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiне иелiк етедi;
6) бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілікті жүргізуді, алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды және iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастырады;
7) сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелерден басқа, сауда-өнеркәсiп палатасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.
17-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының бақылау органы (тексеру комиссиясы)
1. Сауда-өнеркәсiп палатасының қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн сауда-өнеркәсiп палатасының саны үш мүшеден кем емес бақылау органы (тексеру комиссиясы) құрылады.
2. Сауда-өнеркәсiп палатасы бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшелерi алқалы атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
3. Сауда-өнеркәсiп палатасының бақылау органы (тексеру комиссиясы) сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысына (конференциясына) тiкелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп бередi.
5-тарау. САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТI
18-бап. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және оның құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы:
1) қазақстандық ұйымдар мен кәсiпкерлерге озық технологияларды игеруде жәрдемдеседi;
2) кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметiн дамытуға жәрдемдеседi, қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң дүниежүзiлiк нарыққа шығуы үшiн халықаралық маркетингтi және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен мазмұн 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкісінің түпнұсқасын және оның көшірмелерін дайындаумен байланысты шығыстарға ақы төлеуді қоспағанда, тауардың шығарылуы туралы сертификатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ақысыз негізде береді;
2-2) тауардың шығарылуы туралы сертификаттың көшірмесін және техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды тауардың шығарылуы туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтайды;
2-3) кем дегенде жылына бір рет кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыруға уәкілетті тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қолдарының үлгілерін, сондай-ақ аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мекенжайларын жібереді;
2-4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты тоқсан сайын табыс етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлiк, маркетингiлiк, жарнамалық, аудармашылық, сондай-ақ консалтингiлiк қызметтер көрсетедi;
4) экономика, сыртқы экономикалық байланыстар саласында, сондай-ақ кәсiпкерлердiң заңды мүдделерiн қозғайтын басқа да мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларына тәуелсiз сараптаманы жүзеге асырады;
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен мазмұн 4-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4-1) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады;
2009 жылғы 10 шілдедегі № 178-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кәсiпкерлiк қызметтi және сауда-өнеркәсiп палатасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспа басылымдарын шығаруды жүзеге асырады және интернет-ресурстар құрады;
6) қаржы-экономикалық жағдайы кәсiпкерлiк қызмет үшiн әрiптестер ретiнде өздерiнiң сенiмдiлiк деңгейiн айқындауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғаларының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аталған тұлғалардың келісімi бойынша жасалған тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) барлық елдердiң экспорт-импортты реттеу мәселелерi жөніндегі заңнамасы, өткiзiлетiн жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық сауда және iшкi шаруашылық қызметке байланысты басқа да мәселелердiң жайы туралы өз мүшелерiне ақпарат жинауды, талдауды және берудi жүзеге асырады;
8) өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайды және жергілiктi мемлекеттік басқару органдарында, соттарда және өзге де ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiредi;
9) экономиканың әртүрлi салаларында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
10) көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар және конференциялар өткiзудi ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмiлелерi мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерiлмейтiн күштiң мән-жайын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт салт-дәстүрлерiн куәландырады;
12) экономикалық дауларды шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы жанынан аралық сот құрады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келетiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының өз құзыретi шегiнде берген құжаттары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында танылады.
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен мазмұн 18-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат
1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауарларға беріледі.
2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы мынадай құжаттардың: