Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтем шаралары және
демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «қалыпты бағасынан», «қалыпты баға», қалыпты бағасын», «қалыпты бағаны», «Қалыпты баға», «қалыпты бағасы», «қалыпты бағасының», «қалыпты бағасына» деген сөздер тиісінше «қалыпты құнынан», «қалыпты құн», «қалыпты құнын», «қалыпты құнды», «Қалыпты құн», «қалыпты құны», «қалыпты құнының», «қалыпты құнына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
11) тармақша «тауарды» деген сөзден кейін «экспорттаушы елде тұтыну кезінде осыған ұқсас тауарға белгіленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы «көбірек (елу проценттен артық) бөлігін» деген сөздер «негізгі бөлігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «көп» деген сөз «негізгі» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы»(көлемі мен бағасы)»деген сөздер»(көлемі мен құны)»деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Демпингке қарсы істі қарау рәсімінің басталуы туралы шешім қабылдау және дәлелдемелердің жеткіліктілігін айқындау мақсатында уәкілетті орган арызда көрсетілген мәліметтердің анықтығы мен дәлдігін зерделейді.»;
4) 10-баптың 1) тармақшасындағы «бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 3-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Демпингке қарсы істі қарау рәсімінің басталуы туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган, мүдделі мемлекет үкіметінің хабарламасын қоспағанда, келіп түскен арыз туралы ақпаратты жария етпейді.»;
«3-1. Егер уәкілетті орган жекелеген мүдделі тұлғаға демпингке қарсы істің басталғаны туралы хабарлама жіберсе, онда ол бұл хабарламаның өзге де мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс.»;
«5. Уәкілетті орган алған дәлелдемелер, құпия болып табылатын ақпараттардан басқасы, демпингке қарсы істі қарауға қатысатын барлық мүдделі тұлғаларға табыс етіледі.»;
6) 18-баптың 1-тармағында:
«валютаның» деген сөз «валюталардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Әдетте келісім-шарттың» деген сөздер «Келісім-шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 24-бапта:
«тоғыз айдан аспауы керек» деген сөздер «бір жылдың ішінде аяқталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган айрықша жағдайларда бұл мерзімді ұзартуы мүмкін, бірақ ол алты айдан аспауы керек.»;
8) 25-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «орган» деген сөзден кейін «үш күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
9) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
10) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Мүдделі тұлғалардың кездесулерi
1. Демпингке қарсы істі қарау кезінде барлық мүдделі тұлғалар өз мүдделерін қорғауға құқылы. Осы мақсатта уәкілетті орган мүдделі тұлғалардың өтінімі бойынша істі қарау материалдарын талқылау, қосымша ақпарат беру үшін мүдделері қарама-қайшы тараптардың кездесуіне мүмкіндік беруге тиіс. Негіздемелер болған кезде мүдделі тұлғалардың қосымша ақпаратты ауызша беруге құқығы бар.
Мұндай кездесулерде қандай да болсын мүдделі тұлғалардың болмауы істің қаралуын жүргізу кезінде олардың мүдделеріне залал келтіруге әкеп соқпауға тиіс.
2. Уәкілетті орган ауызша ақпаратты кездесуден кейін он күннің ішінде ол жазбаша расталғаннан кейін назарға алады.
3. Уәкілетті орган барлық мүдделі тұлғаларға демпингке қарсы істі қарауда олардың істері бойынша дәлелдер дайындау үшін уәкілетті орган пайдаланатын барлық құпия емес ақпаратпен уақтылы танысуға мүмкіндік береді.»;
11) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талабын ескере отырып, демпингке қарсы уақытша шараларды енгізу туралы хабарлама:
өнім берушілердің не, егер іс жүзінде бұл мүмкін болмаса, тиісті өнім беруші елдердің атауын;
кедендік мақсаттар үшін тауардың жеткілікті сипаттамасын;
белгіленген демпингтік айырманы және осы Заңның 3-тарауына сәйкес экспорттық баға мен қалыпты құнды белгілеу және салыстыру үшін пайдаланылған әдіснаманың негіздемесін;
осы Заңның 4-тарауына сәйкес залалдың бар екенін белгілеуге қатысты уәкілетті органның пікірін;
демпингке қарсы уақытша шараларды қолданудың негізгі дәлелдерін қамтуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Демпингке қарсы уақытша шаралар демпингтік тауар импортына істің қаралуы басталған кезден кем дегенде алпыс күннен кейін қолданылуы мүмкін.
Егер демпингке қарсы уақытша баждың шамасы алдын ала есептелген демпинг айырмасының мөлшеріне тең болса, демпингке қарсы уақытша баждың қолданылу мерзімі, осы мерзім істі қарау объектісі болып табылатын демпингтік тауардың берілетін көлеміндегі үлесі елеулі бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша алты айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс.
Егер, демпингке қарсы уақытша баждың ставкасы алдын ала есептелген демпинг айырмасынан аз болса, демпингке қарсы уақытша баждың қолданылу мерзімі, осы мерзім істі қарау объектісі болып табылатын демпингтік тауардың берілетін көлеміндегі үлесі елеулі бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша тоғыз айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауға тиіс.»;
12) 31-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Демпингке қарсы шаралар енгізу туралы хабарлама ресми басылымдарда жарияланады және ол осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талаптарын ескере отырып, демпингке қарсы баждарды енгізу үшін фактілер мен құқықтық нормаларға қатысты істі қарауға жататын барлық ақпаратты, сондай-ақ демпингке қарсы істі қарау барысында өнім берушілер мен мүдделі тұлғалар табыс еткен жазбаша дәлелдемелер мен талаптарды қабылдау немесе қабылдамау себептерін қамтиды.»;
13) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат):
1) 1-бапта:
8) тармақшадағы «көп бөлігі (елу проценттен астамы)»деген сөздер «негізгі бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-баптың 3-тармағында:
«және осы Заңның 8-бабының 2-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
«көзделген жағдайларды» деген сөздер «көзделген жағдайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бап алып тасталсын;
4) 9-баптың 2-тармағындағы», 8» деген цифр алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Консультациялар жүргізу
1. Уәкілетті орган арызды қабылдағаннан кейін және істі қарау басталғанға дейін тауарлары істі қараудың нысанасы болуы мүмкін шет мемлекеттерге (шет мемлекеттер одағына) осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша жағдайды нақтылау және келісілген шешімге қол жеткізу үшін онымен консультациялар жүргізу туралы ұсынысты жібереді.
2. Істі қараудың барлық кезеңі ішінде тауарлары істі қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекеттерге (шет мемлекеттер одағына) іс жүзіндегі мән-жайларды нақтылау және келісілген шешімге қол жеткізу үшін уәкілетті органмен консультацияларды жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
3. Консультацияларды жүргізу істі қараудың басталуына, қорытындылар шығаруға, осы Заңға сәйкес уақытша немесе түпкілікті өтем шараларын қолдануға кедергі жасамауға тиіс.
4. Уәкілетті орган тауарлары істі қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер одағының) өтініші бойынша істі қарауды бастау немесе жүргізу үшін пайдаланылатын құпия емес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат береді.»;
6) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган мүдделі тұлғалардың көрсетілген бір айлық мерзімді ұзарту туралы өтінішін назарға алуы керек және негіздемелер жеткілікті болған кезде мұндай ұзарту істі қарау барысында табыс етілуге тиіс.».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 9-ы. № 114-III ҚРЗ