3) тармақшадағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
Қазақстан Республика-сында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттер-ден импорттала-тын тауарларға | Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импорттала-тын тауарларға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 2207-ден | 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті мен кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатураттал-ған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа) | 550 теңге/литр | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, боялған) | 1 теңге/литр | 1 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 650 теңге/литр 100% спирт | 750 теңге/литр 100% спирт |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 55 теңге/литр | 60 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 65 теңге/ литр 100% спирт | 75 теңге/литр 100% спирт |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім | 400 теңге/ литр 100% спирт | 650 теңге/литр 100% спирт |
7. | 2208 | Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) | 400 теңге/литр 100% спирт | 650 теңге/литр 100% спирт |
8. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) | 325 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
9. | 2208 | Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди | 160 теңге/литр 100% спирт | - |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шараптар | 20 теңге/литр | 75 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00 | Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) | 100 теңге/литр | 170 теңге/литр |
12. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 0 теңге/литр | 75 теңге/литр |
13. | 2203 00 | Сыра | 25 теңге/литр | 50 теңге/литр |
14. | 2202 90 1001-ден | Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр | 0 теңге/литр |
»;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
7) 25-бапта:
6-тармақтағы «Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде» деген сөздер «кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды экспорт кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармағының 7) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұдан әрі оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асырушылар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асырушылар;»;
8) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктерінде және 9-тармағының 2) тармақшасында, 632-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында, 3 және 6-тармақтарында, 633-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тақырыптық тексерулер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-тарауында көзделген тәртіппен біржолғы талондардың болуы мәселесі бойынша да жүзеге асырылады деп белгіленсін.»;
9) 36-бапта:
бірінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацындағы және 2) тармақшасындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтардағы және 10-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
3) тармақшадағы «белгілеген нысан бойынша» деген сөздерден кейін «және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
бірінші абзацтағы «белгілеген нысан бойынша» деген сөздерден кейін «және тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармағының 9) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Қосылған құн салығын төлеушілерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген салық тіркелімін жүргізуге міндетті.»;
10) 37, 39 және 40-баптардағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) 41-бапта:
«2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«жеке тұлғаның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматының немесе оралманның» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 42-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 272-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарының қолданысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатыла тұрсын.
Тоқтата тұру кезеңiнде аталған абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бірінші абзацының қолданысы 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын:
«қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаптарды көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің соңында тауарлар импорты кезінде, пайдалануға енгізілген негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, қолда бар сатып алынған биологиялық активтер бойынша төленген есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын қоспағанда, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 273, 274-баптарында белгіленген тәртіппен есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуі (бұдан әрі - қосылған құн салығының асып түсуі).»;
13) 48-баптың 3) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2012» цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «2012» деген цифрлар «2013» цифрлармен ауыстырылсын;
14) 49-баптың 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «2011» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 225-баптың 17) тармақшасын:
«17) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өлшемдерге сәйкес келетін, еркін қойманың кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін тауарлар»;»;
жиырма бесінші абзацтағы «қаңтарға» деген сөз «шілдеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
отызыншы абзацтағы «жатқызу тәртібі» деген сөзден кейін «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз бірінші және отыз екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
«3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.»;
отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтардағы «ресімдеуді», «ресімдеу» деген сөздер тиісінше «декларациялауды», «декларациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс жетінші абзац «қосылған құн салығы» деген сөздерден кейін «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
жетпіс екінші абзац алып тасталсын;
15) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) темір жол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, кейіннен өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:
1) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада толтырылады;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
Міндеттеме негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді белгіленген тәртіппен төлеген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есепке жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.
Мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, осы бапта көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы тармақта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде қолданылады.»;
16) мынадай мазмұндағы 54, 55 және 56-баптармен толықтырылсын:
37-тармағының 16) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«54-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 56-бабы 3-тармағының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«3. Патент негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық қызметі органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты салық мақсатында қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.».
37-тармағының 16) тармақшасының тоғызыншы - жиырма бесінші абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
55-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген не казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, елдi мекендердiң автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген жерлерi, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген елдi мекендер жерлерiне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, автотұрақтар (паркингтер) мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлiнген басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшін осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
1-1. Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген елдi мекендердiң жерлерi осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Жобалау құжаттамасымен ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттарға жататын жерлер осы Кодекстiң 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге ғана қолданылады, ол бір мезгілде мынадай:
жобалау құжаттамасымен ғимараттың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген;
автотұрақтар (паркингтер) жалпы алаңы ғимараттың жалпы алаңының 50 пайызынан аспайтын шарттарға сәйкес келеді.
2. Казино орналасқан елді мекендер жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа санаттағы жерлер, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекеннің жерлерi үшiн осы Кодекстің 381-бабында белгiленген елді мекендер жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкалары азайтылуы мүмкін, бiрақ ол осы Кодекстiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.».
56-бап. Тоқтата тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 387-бабы 1-тармағының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын:
«387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, осы Кодекстiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларының 50 пайызынан аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.».».
38. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның күші кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасын қоспағанда, кедендік статистиканы қалыптастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды.».
2-бап.
1. Осы Заң:
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасының сегізінші абзацын, 5) - 7) тармақшаларын, 14) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 16) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 23), 24), 27) тармақшаларын, 33) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 36) тармақшасын, 51) тармақшасының екінші, үшінші, он екінші - он төртінші абзацтарын, 54) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 55) тармақшасының екінші - он жетінші абзацтарын, 77) - 80) тармақшаларын, 99) тармақшасын, 104) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 106), 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма бесінші абзацтарын, 37-тармағының 7) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтарын, 16) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтарын;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 9) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтарын, 10) - 13) тармақшаларын, 26) тармақшасының екінші абзацын, 109) тармақшасын, 37-тармағының 3) тармақшасын, 16) тармақшасының тоғызыншы - жиырма бесінші абзацтарын;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 37-тармағының 1) тармақшасын;
4) алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын;
5) 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 116) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтарын;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 14) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 16) тармақшасының екінші абзацын, 18) тармақшасының сегізінші абзацын, 25) тармақшасын, 26) тармақшасының үшінші абзацын, 30) тармақшасын, 31) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 33) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 34), 35), 37), 39) тармақшаларын, 47) тармақшасының екінші - бесінші, тоғызыншы абзацтарын, 48) тармақшасын, 51) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 53) тармақшасын, 55) тармақшасының он сегізінші абзацын, 81), 82), 83) тармақшаларын, 91) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 110) тармақшасының екінші, жиырма екінші абзацтарын, 112) тармақшасының екінші абзацын, 113) тармақшасының екінші абзацын, 116) тармақшасының жиырма бірінші, отыз үшінші, отыз төртінші абзацтарын, 14-тармағының 1) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 3) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын;
7) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасын, 114) тармақшасын, 116) тармақшасының бесінші, алтыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 7-тармағының 1) - 3) тармақшаларын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 11, 19, 21, 22, 23-тармақтарын;
8) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 22) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 37-тармағының 5) тармақшасын, 9) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтарын;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 9-тармағын, 28-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 30-ы.
№ 297-IV