6-тармағының 112) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма бесінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кейіннен оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді жүзеге асырған;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) байланыс қызметтерін беруді жүзеге асырған;»;
113) 637-бапта:
6-тармағының 113) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 9) тармақшасындағы «салық кезеңін» деген сөздер «кезеңді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салықтық тексеру актісінің данасына оны алғаны туралы қол қоюға міндетті.
Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады.»;
6-тармағының 114) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
114) 638-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, аудару, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, резидент еместердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
«қосымша тексеруден басқа, кезектен тыс құжаттық тексеру» деген сөздер «осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«айыппұл санкциясы» деген сөздер «жазалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
115) 642-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының кеден органдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
116) 653-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«653-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау»;
1-тармақ «таңбалау» деген сөзден кейін «, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармағының 116) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу (әкету) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.»;
4-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;»;
5) тармақшадағы «кеден» деген сөз алып тасталсын;
6-тармағының 116) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтары 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін өнімдерді тиісті таңбалаусыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тыйым салынады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы бапқа сәйкес:
1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
6-тармағының 116) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өткізу пункттері арқылы акцизделетін тауарларды өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
6-тармағының 116) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
5) акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жекелеген жағдайларда акциздік постылар алкоголь өнімін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
10-тармақта:
2) тармақшадағы «салық төлеушіде» деген сөздер «сатып алушыда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) импортталған акцизделетін тауарлардың есепке қабылдануына;»;
3) тармақшада:
«бөлінуіне» деген сөзден кейін «және (немесе) босатылуына» деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
6-тармағының 116) тармақшасының отыз үшінші, отыз төртінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері босатылған кезде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;»;
11-тармақтың 3) тармақшасындағы «салық төлеушінің аумағынан шығып бара жатқан» деген сөздер «салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде кеден одағы шеңберінде өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық және кеден органдары жүзеге асырады.».
7. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат):
7-тармағының 1) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 1-тармағының 92) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармағының 2) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-баптың 16) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармағының 3) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-баптың 1-тармағының 60) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 62-баптың 2-тармағы «санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің» деген сөздерден кейін «, кеден органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармағының 5) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 80-бапта:
7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде» деген сөздер «кеден одағының шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгені және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілгені туралы мәліметтерді табыс етеді.»;
6) 149-бапта:
7-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.»;
7-тармағының 7) тармақшасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 150-баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16,99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 2, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Кедендік рәсім
Кедендік рәсім кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
9-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
22-баптың 4-1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.
10. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 10-баптың 4-тармағындағы «ресімдеуге» деген сөз «декларациялауға» деген сөзбен ауыстырылсын:
2) 17-баптың 3-1-тармағы «Қазақстан Республикасының кеден заңдарына» деген сөздер «кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
11-тармақ 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат, № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-баптың екінші және үшінші бөліктері және 13-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» және «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат):
1) 30-баптың 4-тармағындағы «орталық кеден органы белгiлеген» деген сөздер «кеден заңнамасында айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын:
2) 42-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «ресiмдеу», «ресiмдеудегi» деген сөздер тиісінше «декларациялау», «декларациялаудағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат):
39-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «ресiмдеу», «ресiмдеуiн» деген сөздер тиісінше «декларациялау», «декларациялауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат):
1) 1-бапта:
14) тармақшадағы «кедендік режимінде ресімделген» деген сөздер «кедендік рәсімінде декларацияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша «айналымын» деген сөзден кейін «(экспорттан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармағының 1) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) ілеспе жүкқұжат - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат.»;
2) 4-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Уәкілетті органның құзыреті»;
14-тармағының 2) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету тәртібін бекітеді.»;
3) 9-баптың 2-тармағында:
бірінші абзацтағы «спиртi мен» деген сөздер «спиртiнің және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімін (шарап материалы мен сырадан басқа) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз не сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау таңбаларымен алып өтуге және одан әрі өткізу мақсатында сақтауға және өткізуге (экспорттан басқа);»;
14-тармағының 3) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшадағы «өткізуге тыйым салынады» деген сөздер «өткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатсыз этил спиртін немесе алкоголь өнімін алып өтуге тыйым салынады.»;
4) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң немесе шарап материалының импорты этил спирті немесе шарап материалы жасап шығаруға пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы болған кезде этил спиртінің немесе алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.
Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде алкоголь өнімінің импортына берілетін лицензия бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан этил спиртiнiң және (немесе) шарап материалының импорты жасап шығаруға этил спиртi немесе шарап материалы пайдаланылатын алкоголь өнiмiн өндiруге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еркін қоймаларда этил спиртi мен шарап материалын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.»;
14-тармағының 5) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.»;
6) 15-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «айналымы» деген сөзден кейін «(экспорттан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармағының 6) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша «импортына» деген сөзден кейін «, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттерден этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты лицензиялауға жатпайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензия әрбір қызмет объектісіне нақты мекенжай бойынша беріледі.
Алкоголь өнімінің импортына лицензия осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша беріледі.
Лицензия барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап:
1) отыз жұмыс күнінен кешiктiрілмей - субъектілерге этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге;
2) он бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей - субъектілерге этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің импортына;
3) он жұмыс күнінен кешiктiрмей - шағын бизнес субъектілеріне алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге беріледі.»;
4-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге лицензия өндірушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін қойма үй-жайларда, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жерде сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерге көтерме саудада өткізуге құқық береді.»;
үшінші бөліктегі «және бөлшек» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаған кезде уәкілетті орган қызмет объектісі орналасқан жер бойынша өзінің аумақтық органдарының қызметкерлерін тартуға құқылы.».
15. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат):
2-баптың екінші бөлігіндегі «кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органға» деген сөздер «кеден органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат):
25-баптың 2-тармағында:
«Қазақстан Республикасының кеден заңдарында» деген сөздер «Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкетудің кеден тәртібі» деген сөздер «әкету кедендік рәсімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
12-3-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
20-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «ресiмдеудi» деген сөз «декларациялауды» деген сөзбен ауыстырылсын.
19-тармақ 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат:)
бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылсын.
20. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) халықаралық почта алмасу орны - почта операторының өндірістік объектісі, онда кіріс және шығыс халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу жүзеге асырылады, сондай-ақ кеден органдары көрсетілген жөнелтімдерді кедендік бақылауды жүргізеді;»;