116) талап-арыздармен және өтініштермен сотқа жүгіну, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қолданумен және оны бұзумен байланысты істерді соттар қараған кезде процеске қатысу;
117) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуымен байланысты қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;
118) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуды тергеу жүргізуі;
119) экономикалық шоғырлану үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
120) «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді алдын ала келісу;
121) монополияға қарсы заңнама талаптарына қайшы экономикалық шоғырлануға жол бермеуді қамтамасыз ету;
122) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге бағытталған актілерін, әрекеттерінің (әрекетсіздіктерін) тию;
123) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланудың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету;
124) бәсекеге қарсы, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және тиюды жүзеге асыру.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және босататын Министрдің орынбасарлары (Вице-Министрлері) болады.
17. Министр Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оларға өз функцияларын жүзеге асыруына басшылықты жүзеге асырады және дербес жауапты болады.
18. Министр:
1) реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
4) өз қызметінде оның бақылауындағы ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) ведомстволар актілерінің әрекетін толықтай немесе жартылай тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
8) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
9) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
10) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп беруі тиіс.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларына орынбасарларын тағайындауды келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселелерді шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыны дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшы мыналарға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.
26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрлік құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен министр бекітеді.
27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
28. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.
29. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Егер заңда өзгедей белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 616 ; 2006.14.09. № 868; 2007.15.01. № 22 ; 2007.09.04. № 280 (бұр.ред.қара); 2007.11.05. № 376 ; 2007.18.09. № 818 ; 2007.05.12. № 1180 ; 2008.17.10 № 962 (бұр. ред. қара); 2009.02.10. № 1521 (бұр.ред.қара); 2009.15.12. № 2123 (бұр.ред.қара); 2010.10.03. № 185 (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 266 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 742 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. «Шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы» жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
10. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
11. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13.-20 ҚР Үкіметінің 2008.17.10 № 962 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
22. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28. ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29. «Ұлттық инновациялық қор» ұлттық» акционерлік қоғамы.
30. ҚР Үкіметінің 2010.31.03. Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен Құрылымдар алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
Құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен құрылым өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен құрылым өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi
комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен тiзбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінiң Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
6. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
7. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
8. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
9. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
10. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
11. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
12. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнің Павлодар облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
13. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
14. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
15. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
16. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесi.
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен тізбе алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.05.07. № 741 қаулысымен тізбе толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 (бұр. ред. қара.); 2007.05.12. № 1180 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.17.01. № 25 (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 72 (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 201 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсіп комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. ҚР Үкіметінің 2008.04.08. № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2008.17.01. № 25 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
4. «Кентау СуШар» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
5. «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
6. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара.)
3. «Қазақжарылысөнеркәсiбi» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
4. ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара.)
5. ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. «Иналмасалтын» ашық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
7. ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 212 қаулысымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
8. «Қазақстантрактор» ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
9. ҚР Үкіметінің 2009.20.02. № 201 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. . ҚР Үкіметінің 2008.07.05. № 429 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік мекемелер
1.»Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
2. «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
ҚР Үкіметінің 2008.17.01. № 25 қаулысымен бөліммен толықтырылды
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.16.04. № 352 қаулысымен; 2008.21.04. № 371 қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн) республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны» (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
3. «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы.
ҚР Үкіметінің 2008.21.04. № 371 қаулысымен бөлім алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, Астана қаласы.
ҚР үкіметінің 2008.03.04. № 317 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. «Мемсараптама» мемлекеттік жобаларды ведомстводан тыс сараптау республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. «ҚазСҚСҒЗИ» Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. ҚР Үкіметінің 2008.03.04. № 317 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Акционерлік қоғамдар
«Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
«Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен тізбемен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 2007.09.04. № 280 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 878 қаулысымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғам
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы, Алматы облысы.
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен тізбемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті
қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесi
1. Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
2. Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
3. Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
4. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
6. Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
8. Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
9. Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
10. Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
11. Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
12. Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма
15. Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
16. Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң «Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Жезқазғансирекмет» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 121-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 16, 161-құжат).
4. «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 195-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 211-құжат).
6. «Қазақ Суарнажоба» мемлекеттік жобалау институты» мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 752 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 304-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 951 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 385-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 6 қазандағы № 1027 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 40, 425-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).