Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 280 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 6-тармақтың 10) тармақшасындағы «, инвестициялар» деген сөз алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 8-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
«14. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |