Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларды беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру болып табылады.
6. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама құқық иесінің, құқық қорғау және сот органдарының сұрауы бойынша беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы мынадай қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген сәттен басталады:
1) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
тұтынушы ақпараттық қызметті электронды түрде алуға жүгінген кезде:
1) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама сауал түскен сәттен бастап 30 минут ішінде электронды түрде беріледі;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудін рұқсат берілген уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz., сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орнатылады.
10. Уәкілетті органда мереке және демалыс күндерін қоспағанда, оның жұмысын қамтамасыз ететін, түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті органның үй-жайларында бөлек кіретін есік, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар мыналарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтінішті, онда сауал берілетін орган, берілетін ақпараттың түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның тұрған жері, өтініш берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, паспорттық деректері (жеке куәлігінің деректері) жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері) көрсетіледі;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдіктің өкілеттіктерін куәландыратын құжат.
Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да жағдайларда, сұрау салуда талап етілген ақпарат негіздемесі, сондай-ақ сұралатын ақпараттың пайдаланылу мақсаты (арналуы) көрсетіледі.
13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп журналында тіркелуін және құжаттардың жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
Орталық қоса берілетін құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін мыналарды:
- осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы әзірлейді;
- орындалған құжаттар тізілімін қалыптастырады және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
Өтініш беруші электронды түрде ақпараттық қызмет алу үшін тікелей Орталыққа жүгінген кезде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат жазбаша сұрау негізінде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ұсынылады және тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Орталық қызметкері түскен өтініш бойынша сұрауды өзінің электронды қолымен растап, тиісті электронды деректер қорына сұрау жолдайды.
Уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электронды құжат және түскен сұрау басып шығарылады, Орталық қызметкерінің жеке мөрімен куәландырылып өтініш берушіге беріледі.
Мемлекеттік уәкілді органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электронды құжат Орталық қызметкерінің жеке мөрі мен куәландырылған және басып шығарылған қағаз жүзіндегі құжатқа заңды түрде теңестіріледі.
15. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Уәкілетті органда дайын құжаттарды тұтынушыға беруді құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде «терезе» арқылы жүзеге асырады.
Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде «терезе» арқылы жүзеге асырады.
17. Құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде күту залының «терезесі» арқылы бас тарту себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы жүзеге асырылған кезде, уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кейіннен тұтынушыға беру үшін Орталыққа бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық директорының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті орган басшылары мен Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес анықталады.
Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.
Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар)
екендігі туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | қабылдау бөлмесі 40-10-63 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | қабылдау бөлмесі 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | қабылдау бөлмесі 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | қабылдау бөлмесі 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | қабылдау бөлмесі 28-94-67 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | қабылдау бөлмесі 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | қабылдау бөлмесі 43-84-14 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | қабылдау бөлмесі 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | қабылдау бөлмесі 41-63-10 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | қабылдау бөлмесі 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | қабылдау бөлмесі 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | қабылдау бөлмесі 42-23-12 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | қабылдау бөлмесі 33-47-35 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | қабылдау бөлмесі 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | қабылдау бөлмесі 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | қабылдау бөлмесі 378-09-09 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | қабылдау бөлмесі 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | қабылдау бөлмесі 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | қабылдау бөлмесі 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | қабылдау бөлмесі 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | қабылдау бөлмесі 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | қабылдау бөлмесі 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | қабылдау бөлмесі 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | қабылдау бөлмесі 37-74-34 |
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар)
екендігі туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекен-жайы | Телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 9-үй | 23-32-58 | қабылдау бөлмесі 40-21-91 |
2 | «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 108 «а» үй | 55-73-13 | қабылдау бөлмесі 55-73-07 |
3 | «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 76-үй | 27-33-93 | қабылдау бөлмесі 27-33-91 |
4 | «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 96 «б» үй | 45-15-19 | қабылдау бөлмесі 45-15-34 |
5 | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Өскемен қаласы, Буров көшесі, 51-үй | 53-79-73 | қабылдау бөлмесі 53-79-99 |
6 | «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Орал қаласы, Театральная көшесі, 16/2-үй | 50-91-96 | қабылдау бөлмесі 51-10-44 |
7 | «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69-үй | 45-56-48 | қабылдау бөлмесі 45-58-22 |
8 | «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй | 56-51-34 | қабылдау бөлмесі 56-56-63 |
9 | «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы, Досжанов көшесі, 84-үй | 50-62-87 | қабылдау бөлмесі 50-63-45 |
10 | «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй | 23-07-34 | қабылдау бөлмесі 23-03-84 |
11 | «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй | 50-45-26 | қабылдау бөлмесі 50-76-11 |
12 | «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Павлодар қаласы, Есеналиев көшесі, 24-үй | 32-19-86 | қабылдау бөлмесі 32-03-24 |
13 | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Петропавл қаласы, Көшеков көшесі, 10-үй | 33-38-38 | қабылдау бөлмесі 33-96-30 |
14 | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй | 54-12-72 | қабылдау бөлмесі 53-50-53 |
15 | «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-58 | қабылдау бөлмесі 378-46-50 |
16 | «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Астана қаласы, Иманов көшесі, 149-үй | 37-99-12 | қабылдау бөлмесі 37-65-58 |
«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар)
екендігі туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алу үшін кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген (тіркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған құжаттар % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің, ақпараттың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |