Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен
өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - өтініш берушіге заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы жоғалған куәліктің орнына беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны заңды тұлғаны (филиал мен өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу туралы куәліктің, заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) құрылтай құжаттарының телнұсқасын беру болып табылады.
6. Заңды тұлғаны (филиал мен өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу туралы куәліктің, заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) құрылтай құжаттарының телнұсқасы заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің өкілдеріне өтініш бойынша беріледі.
7. Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап (тіркелген, талонды алған сәттен бастап) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) өтініші бойынша уәкілетті орган заңды тұлғаны (филиал мен өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу және есептік тіркеу туралы куәлікті, заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) құрылтай құжаттарының телнұсқасын беруді үш жұмыс күні ішінде жүргізеді (құжаттар қабылданған күн мен берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет Орталыққа заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені (қайта тіркегені) үшін бюджетке 0,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым төлегенін растайтын түбіртекті немесе құжатты ұсыну жолымен ақылы негізде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (www.minjust.kz) және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде, сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет мейрам және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Заңда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар Орталыққа мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтқаны туралы ақпаратты мерзімді басылымға жариялағанын растайтын құжат;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені (қайта тіркегені) үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат.
13. Бланкілер Орталықтың күту залындағы арнайы тағанда орнатылады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Орталық инспекторы мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына өткізуді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жүргізуді және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттармен тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері қайтаруды осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде тіркеу рәсімін жүзеге асырады.
Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес болған жағдайда заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы бұйрық шығарады.
Орындалған (дайын) құжаттар тіркеуші органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімі біткенге дейін бір күн бұрын түсуі тиіс.
15. Орталық құжаттарды қабылдау барысында тұтынушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.
17. Уәкілетті орган құжаттарды рәсімдеудегі қателерді анықтаған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған және құжаттар тиісті рәсімделмеген жағдайда, құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды бас тартудың/қайтарудың себебін жазбаша негіздемемен Орталыққа қайтарады.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік-тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын ресімдеу үшін төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшылығының атына беріледі.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық: 580058 телефоны бойынша алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым Орталық басшысының атына беріледі. Орталықтардың мекен-жайы мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Арыз иесіне шағымды қарау нәтижелер туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Орталықтар басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге айқындалады.
Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайы осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат кездерінде және Орталықтың үй-жайларында орнатылған стендтерде көрсетілген.
Орталықтар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) және заңды тұлғаның
филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәліктің
телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | 378-47-01 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | 37-02-06 қабылдау бөлмесі |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | 40-65-62 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | 32-42-79 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй. | 37-70-46 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
«Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) және заңды тұлғаның
филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәліктің
телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғалары % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайлары (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші тапсырған оқиғалардың % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, ақпараттардың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санымен негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |