2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес түсімдердің түсуін салықтық бақылау;
3) трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі бақылау;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) акцизделетін өнімдердің өндірілуін және айналымын бақылау.
2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
19. Банкроттық саласындағы мемлекеттік орган:
сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің өткізілуін бақылау.
20. Кеден ісі мәселелері жөніндегі мемлекеттік орган:
1) кеден ісі саласындағы бақылау;
2) Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуын бақылау;
3) құзыреті шегінде салықтық бақылау;
4) мәдени құндылықтардың әкетілуіне бақылау.
2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
21. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен бақылау;
2) кредиттік бюролар қызметін қадағалау мен бақылау;
3) инвестициялық қорлар қызметін қадағалау мен бақылау.
4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
22.
2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен 22-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) валюталық операцияларды жүзеге асыруға және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті бақылау;
2) құзыреті шегінде қаржылық ұйымдардың қызметін бақылау;
3) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуын бақылау;
4) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалау.
5) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі мемлекеттік орган - монополияға қарсы орган:
1) экономикалық шоғырлануды бақылау;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылау.
2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 24-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24. Әділет органдары:
1) авторлық құқық және сабақтас құқық, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы объектілерін пайдалануды бақылау;
2) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтінін кейіннен жариялау саласындағы бақылау.
3) бағалау қызметі саласындағы бақылау.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) табиғи монополиялар салаларындағы бақылау;
2) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтауын өз құзыреті шегінде бақылау;
3) реттелетін нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгізілетін өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауын бақылау.
26. Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы жекешелендіру мен меншік мониторингі саласындағы мемлекеттік орган:
1) жекешелендіруден кейінгі бақылау;
2) мемлекеттің үлесі бар меншік объектілерін, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы басқару тиімділігінің мониторингі.
2007.21.07. № 304-III (2008 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен 27-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
27. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау.
2) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік орган:
1) жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;
3) түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельді-гравюралық кәсіпорындардың қызметін бақылау;
4) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивті материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылау;
5) өз құзыреті шегінде шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерінің сақталуын бақылау;
6) күзет қызметін бақылау;
7) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылау;
8) көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау.
2008.05.07 № 59- ІV ҚР Заңымен 29-тармақпен толықтырылды
29. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын бақылау.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 30-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. Аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік орган:
аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдар қызметі саласындағы бақылау.
2009.04.05. № 157-IV ҚР Заңымен 31-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен 31-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
31. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік орган:
1) ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
2) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
2009.04.05 № 156-IV ҚР Заңымен мазмұн 32-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңымен 32-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
32. Сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
2) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
2009.10.07 № 181-IV ҚР Заңымен 33-тармақпен толықтырылды
33. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
2) спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталуы жағынан бақылау;
3) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен қосымша 33 - 38-тармақтармен толықтырылды
33. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік орган:
дене шынықтыру және спорт саласындағы бақылау.
34. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік орган:
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы бақылау.
35. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік орган:
өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметін бақылау.
36. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік орган:
тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуын және пайдаланылуын бақылау.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік орган:
мемлекеттік статистика саласындағы бақылау.
38. Кәсіпкерлік жөніндегі мемлекеттік орган:
жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылау.