3. Техникалық-экономикалық негіздеме пайда мен шығынды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасалады.
4. Әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы оны экономикалық сараптама жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады, ол осы Заңда айқындалған мемлекеттік қолдау түрлерін ұсынады.
6. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
14) 16-бапта:
3-тармақтағы «стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, орта мерзімді фискалдық саясатқа» деген сөздер «республиканың стратегиялық даму жоспарларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.
5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.»;
15) 17-баптың 1-тармағының 6) және 10) тармақшаларындағы «концессиялық жобаның бағасы», «концессиялық жобаның бағаларын» деген сөздер тиісінше «концессия объектісінің құны», «концессия объектісінің құндарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 18-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «концессиялық жобаның» деген сөздер «концессия объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс;
2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.»;
2-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
17) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу
1. Комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиiстi конкурстық өтiнiмдердегі концессиялық өтiнiмдердi оларға сараптама жүргiзу үшiн жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Конкурсты ұйымдастырушы тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Комиссия концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, конкурсқа қатысушылар табыс еткен барлық конкурстық өтiнiмдердi қарайды.
Егер конкурс үшiншi рет өткiзiлетiн және конкурсқа қатысуға бiр ғана конкурстық өтiнiм табыс етiлген жағдайда, комиссия осы өтiнiмде табыс етiлген концессиялық жобаны оның iске асырылу мүмкiндiгi тұрғысынан қарайды.
3. Комиссия концессиялық өтінімі Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн жобаларға қойылатын критерийлер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзедi.
4. Келiссөздердi дайындау шеңберiнде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды комиссия өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жiберуге тиiс.
Келiссөздер жүргiзудiң қорытындылары бойынша олардың нәтижелерi туралы комиссияның тиiстi шешiмi қабылданады.
Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамасына өзгерістер енгiзуге жол берiлмейдi.
5. Егер концессиялық өтінімі үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертпелерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтiн болса, онда комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу арқылы үздiк концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.
6. Концессионердi таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен концессиялық өтінім бекітіледi, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
Комиссияның шешiмi хаттама түрiнде ресiмделедi.
7. Конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешiмi негiзiнде конкурс жеңiмпазымен концессия шартын жасасады.
8. Концессия шартын жасасу мерзiмi конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспауға тиiс.
9. Ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелерi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерінде жариялайды.»;
18) 26-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «шаралары» деген сөз «түрлері» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар):
1-баптың 12) тармақшасы «өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
5-баптың 10-тармағының 2) тармақшасындағы «тапсырыс берушінің бюджеттік бағдарламасының паспортына,» деген сөздер «мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің» деген сөздермен ауыстырылып, «шығаратын өзгерістер» деген сөздерден кейін «мен толықтырулар» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 24, 134-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада:
«28) тармақшасының жетінші - оныншы, он үшінші - он алтыншы» деген сөздер «28) тармақшасының бесінші - сегізінші, он бірінші - он үшінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«63) тармақшасының екінші - сегізінші» деген сөздер «63) тармақшасының екінші - жетінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«28) тармақшасының екінші - алтыншы, он бірінші, он екінші, он жетінші» деген сөздер «28) тармақшасының екінші - төртінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«63) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші» деген сөздер «63) тармақшасының сегізінші - оныншы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағы 57) тармақшасының алпыс үшінші абзацын, 8-тармағы 12) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 2-і.
№ 263-IV