7. Бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу
1. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.
2. Мыналардың:
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;
бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
4. Үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамадан өтуге тиіс.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
13. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту көзделетін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;
2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу.
155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу
1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді және оның оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.
4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жыл сайын жылжымалы негізде үш жыл мерзімге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының бюджеттен осы жобаны қоса қаржыландыру туралы ұсынымы бар оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру жөніндегі ұсынысты тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
4. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу негіздері
1. Мыналардың:
бюджеттен қоса қаржыландыру шарты айқындалатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;
концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;
жоспарлы кезеңге концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесіндегі концессиялық жобаның;
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган ұсыныстарының;
бюджет комиссиясының бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу туралы ұсыныстарының болуы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме экономикалық сараптамадан өтуге тиіс.
3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
4. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
156-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау
1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негiздемелерiн енгiзедi.
Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негiздемесiн, орындылығын және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты бiлдiредi.
Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол беріледі.
3. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердiң есептiлiгiн, мониторингiн және бағалануын қамтамасыз етедi.
4. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды iрiктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi жөніндегі экономикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде жүзеге асырады.
5. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
6. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
7. Қаржылық-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, әзiрлену тәртібі мен мерзiмiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды iрiктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру
1. Бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын бюджет комиссиясы қарамай және оның ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берiлмейдi.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.
7. Бюджеттік инвестициялық жобаның бюджеттен қосымша шығыстарға әкеп соғатын жобалау-сметалық құжаттамасын тиісті бюджет нақтыланбай түзетуге жол берілмейді.
8. Бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге жол берілмейді.
9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
10. Бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторингті және олардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструциялау және кейіннен оларды пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
1. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы
жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негiзiнде iске асырылады.
2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиiстi бюджеттік бағдарлама шеңберiнде жүргiзедi.
3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторингті және олардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструциялау және кейіннен оларды пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларға мониторингті және олардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
58) 162 және 163-баптардың 1-тармақтарының 2) тармақшаларындағы «белгілеу негізінде жүзеге асырылады.» деген сөздер «белгілеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жасалған концессия шарты негізінде жүзеге асырылады.»;
59) 183-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «тәртібі мен өлшемдерін» деген сөздер «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылсын;
60) 196-баптың 2-тармағы «жарияланған жағдайда» деген сөздерден кейін «республикалық бюджет туралы заңның негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
61) 203-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада:
«және жергілікті атқарушы органның борышын» деген сөздер алып тасталсын;
«лимиттерін» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуін және есепке алуын және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) 206-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
тармақшадағы «инвестициялық» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2 -тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер түрінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болып әрекет ететін қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік қазынашылық міндеттеме болып табылады.
3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
63) 215-баптың 3-тармағындағы «жарғылық капиталына мемлекеттің жүз процент қатысуымен құрылған» деген сөздер «мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 216-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.
Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімақының, айыппұлдың) барлық сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.
Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;»;
65) 217-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«217-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үшін инвестициялық жобаларды iрiктеу
1. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге және оның экономикалық сараптамасына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
3. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.»;
66) 229-бапта:
4) тармақша «органның» деген сөзден кейін «жобаның қаржылық сараптамасы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) экономикалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;»;
67) 230-баптың тақырыбы және мәтіні «беру» деген сөзден кейін «немесе лимит көлемін ұлғайту» деген сөздермен толықтырылсын;
68) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«223-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау
1. Кепілгерге міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қарызды өтеу күні басталған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін.
2. Мемлекеттің кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық орынды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін және (немесе) қарыз алушы банкрот деп танылған не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол таратылған жағдайда, орындалуға жатады.
Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
3. Егер қарыз алушы төлеу мерзімі өтетін күні мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерін өтемесе, кепілгер мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға құқылы. Бұл жағдайда кепілгер қарыз алушыға кері талап қояды.
Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.»;
69) 245-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
70) мазмұнында:
61-баптың тақырыбындағы «және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер алып тасталсын;
68, 152, 154 және 155-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау»;
«152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау»;
«154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу