4. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бап. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
3. Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі
Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.
9-бап. Атқарушылық құжаттардың тiзбесi
1. Мыналар атқарушылық құжаттар болып табылады:
1) сот актілерінiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) төреліктің шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) соттардың талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары, сондай-ақ соттардың алдын ала қамтамасыз ету шаралары немесе алдын ала қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы ұйғарымдары;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама;
7) 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-1) атқарушылық жазба.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.
2. Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен беретiн оның телнұсқасы өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.
3. Ол бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық iс жүргiзу материалдарында болады. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудің қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшірмесімен қоса орындау үшін жібереді.
10-бап. Сот орындаушысының қаулысы
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша сот орындаушысы қабылдайтын шешімдер қаулылармен ресімделеді.
Сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қаулылар қағаз жеткізгіштегі қаулылармен тепе-тең мәнде болады.
2. Сот орындаушысының қаулысында:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аумақтық бөлімнің атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;
2) қаулының шығарылған күні;
3) қаулыны шығарған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
4) қаулы шығарылатын атқарушылық iс жүргiзудің атауы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыда атқарушылық құжаттың атауы мен нөмірі;
5) қаулы шығарылатын мәселе;
6) қабылданатын шешімнің заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі бар негіздемесі;
7) мәселенің мәні бойынша қабылданған шешімді көрсететін қаулының қарар жазылған бөлігі;
8) қаулыға шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
3. Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою аумақтық бөлім басшысының - аға сот орындаушысының тиісті қаулысымен жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды оны шығарған жеке сот орындаушысы не іс жүргізуіне атқарушылық құжат берілген басқа жеке сот орындаушысы, оның ішінде сот актісінің немесе прокурордың наразылығының негізінде жүргізеді.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сот орындаушысының қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді, міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.
6. Сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-тарау. Оңайлатылған іс жүргізу
10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктері
1. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 5), 6), 11) жəне 13) тармақшаларында көзделген, жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар қабылданады.
2. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңда көзделген мерзімде орындалмаған жағдайда, осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сəйкес орындалады.
3. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған тəртіппен орындаудан бас тартуға құқылы.
Бас тартылған жағдайда атқарушылық құжат сот орындаушысына орындауға беріледі.
4. Оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулы сот орындаушысының қаулысымен тепе-тең мəнде болады.
5. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
10-2-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуге қабылдау
1. Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган осы Заңның 11-бабы 1-1-тармағының талаптарын сақтай отырып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол жөнінде қаулы шығарылады жəне борышкер тиісті түрде хабардар етіледі.
2. Атқарушылық құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігі үшін атқарушылық құжатты берген орган жауапты болады.
10-3-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі мəжбүрлеп орындату шаралары
Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 32-бабы 2-тармағының 1-1) жəне 3) тармақшаларында жəне 36-бабында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады.
Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алу атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады.
10-4-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері
Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжатты орындау оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Борышкердің оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттың талаптарын орындамауы атқарушылық құжатты уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жеке сот орындаушысына беруге негіз болып табылады.
10-5-бап. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары
1. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:
1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;
2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса, тоқтатылады.
2. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дереу қаулы шығарады.
3. Тоқтатылған оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тəртіппен қайта бастауға болмайды.
4. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар автоматты түрде жойылады.
5. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, орындалмаған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.
10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары
1. Егер:
1) осы Заңның 10-4-бабында көзделген мерзім өтсе;
2) борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартса, атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беріледі.
2. Берілген оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тəртіппен қайта бастауға болмайды.
3. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берілген жағдайда, оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың күші жойылуға жатпайды.
4. Оңайлатылған іс жүргізу берілген жағдайда, шығарылған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.
10-7-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі шешімге шағымдану
Өндіріп алушы немесе борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі қаулыға Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінде белгіленген тəртіппен шағым жасай алады.
2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР
11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзiмдерi
1. Атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзiмдерде:
1) сот актілері негiзiнде берiлетiн сот бұйрықтары мен атқарушылық парақтар, - үш жыл iшiнде;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары - үш жыл ішінде;
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) төрелiктiң шешiмдерiн, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары - үш жыл iшiнде;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) соттардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарған қаулылары - егер заңда өзге мерзiмдер белгiленбесе, бір жыл iшiнде;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) қаулылары, - бір жыл iшiнде;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы бұйрықтары - сот бұйрық шығарған күннен бастап бір жыл ішінде;
5) 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лаузымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар - бір жыл ішінде;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1) атқарушылық жазбалар - үш жыл ішінде берілуі мүмкін.
7) мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулылары - үш жыл ішінде;
8) сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келген шығыстарды өтеу туралы қаулылары - үш жыл ішінде;
9) жеке сот орындаушысының өз қызметіне төленетін ақы сомаларын бекіту туралы қаулылары - үш жыл ішінде;
10) соттың қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылары - бір жыл ішінде;
11) қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін:
қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде;
онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде;
ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде;
ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он жыл ішінде;
аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он бес жыл ішінде орындауға ұсынылуы мүмкін;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама - үш жыл ішінде;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары үш жыл ішінде ұсынылуы мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.
2. Аталған мерзiмдер:
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) сот актілерінің негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде орындау кезiнде - сот актiсi заңды күшiне енген не сот актiсiн орындаудың мерзiмiн кейінге қалдыру немесе ұзарту кезiнде белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап, ал сот актiсi дереу орындалуға тиiс болған жағдайларда - шешім шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) төрелiктiң шешiмдерiн, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезiнде, - қаулы шығарылған күннен бастап;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын орындау кезiнде, - мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен бастап;
5) қалған барлық атқарушылық құжаттар бойынша - олар берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.
3. Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы (алименттер өндіріп алу туралы, жарақат алумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен және басқадай келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша) шешімдердің негізінде жазылған атқарушылық құжаттар төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін жоймайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.
12-бап. Атқарушылық құжатты беру кезiндегi мерзiм үзiлісі
1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiм:
1) атқарушылық құжат орындауға берілгенде;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) борышкер атқарушылық құжатты iшiнара орындағанда, сот орындаушысы бұл жөнінде атқарушылық құжатқа белгі қояды;
3) борышкердi iздестiру кезеңiнде үзiледi.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үзiлiстен кейін мерзiмнiң өтуi қайтадан басталады, бұл ретте үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептеледi.
3. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алу толық немесе iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледi.
13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру
1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
2. Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмін өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы
Мыналар:
1) атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер);
2) атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сот орындаушысы;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.
15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары
1. Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады.
2. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады.
3. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады.
4. Атқарушылық iс жүргiзуге бірнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.
16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мирасқорлық
1. Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.
18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы