Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 6, 89-құжат) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 82 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму)
және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Лицензияның болуы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жоюға (құртуға, кәдеге жаратуға, көмуге) және қайта өңдеуге байланысты қызметпен айналысу үшін талап етіледі.
Қызметтің осы түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;
2) босатылатын қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу.
3. Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі лицензиялар қызмет көлемі бойынша ерекшеленеді:
1) бас лицензия - қолдану мерзімі шектеусіз берілетін;
2) бір жолғы - 5 жылдан аспайтын мерзімге берілетін.
4. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
5. Лицензия иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтату, лицензияны тоқтата тұру және лицензиядан айыру тәртібі
6. Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жоюмен (құртумен, кәдеге жаратумен, көмумен) және қайта өңдеумен айналысқысы келетін адамға (бұдан әрі - өтініш беруші) беріледі.
7. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) бюджетке лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
10. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартқан кезде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
12. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, онда осы Ережеде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
13. Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады.
14. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының телнұсқасын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкісі лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
16. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерін бастайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
17. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) лицензия алып қойылғанда;
3) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
4) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
5) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.
19. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.
3. Есеп және бақылау
20. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар ез құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы.
21. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, уақытша тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтер бар лицензиялар тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 82 қаулысымен
бекітілген
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) өтініш берушінің басшысында және/немесе оның орынбасарында, сондай-ақ жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
2) тиісті жоғары техникалық білімі бар білікті мамандардың, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) мыналарды қамтитын жеке меншік құқығындағы тиісті өндірістік-техникалық базасы:
ғимараттар, құрылыстар, көтергіш тетіктер, жабдықтар, көлік құралдары;
жай тартқышы, сынақ зертханалары бар контурлы найзағай қорғау жүйесімен жабдықталған босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар;
босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарды сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жайлар немесе арнайы алаңдар;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайлар;
пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары.
Өндірістік базаның аумағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғынға үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, қоршалған, күзетілетін әрі оқшауланған болуы тиіс;
4) жоюға (құртуға, кәдеге жаратуға, көмуге) және қайта өңдеуге жоспарланған босатылатын оқ-дәрілердің тактикалық-техникалық сипаттамалары;
5) техникалық-экономикалық негіздемелер мен жұмыс кезеңдерінің нұсқауы;
6) ұйымдардың басшысы белгіленген тәртіппен бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;
7) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы жұмыстарды тапсырысшының растауы;
8) босатылатын оқ-дәрілерді жоюға (құртуға, кәдеге жаратуға, көмуге) және қайта өңдеуге мемлекеттік органмен немесе ұйыммен мемлекеттік тапсырыс және/немесе шарт (келісім-шарт);
9) орындалатын жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші өкілдігінің болуы;
10) кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтер.
2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) өтініш берушінің басшысында және/немесе оның орынбасарында, сондай-ақ жеке адамда жоғары техникалық білімі;
2) тиісті жоғары техникалық білімі бар білікті мамандардың, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) мыналарды қамтитын жеке меншік құқығындағы тиісті өндірістік-техникалық базасы:
ғимараттар, құрылыстар, сынақ зертханасы, көтергіш тетіктері, жабдықтар, көлік құралдары;
жоюға (құртуға, кәдеге жаратуға, көмуге) және қайта өңдеуге жататын топтар, маркалар және сұрыптар бойынша босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды бөлек сақтау үшін арнайы жабдықталған аумақ немесе контейнерлер бар үй-жай;
босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайлар немесе арнайы алаңдар;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайлар.
Өндірістік базаның аумағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормалар талаптарына сәйкес қолданыстағы нормативтерде көзделгендей тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, қоршалған, күзетілетін әрі оқшауланған болуы тиіс;
4) жоюға (құртуға, кәдеге жаратуға, көмуге) және қайта өңдеуге жоспарланған босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың тактикалық-техникалық сипаттамалары;
5) техникалық-экономикалық негіздемелер мен жұмыс кезеңдерінің нұсқаулары;
6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары;
7) ұйымның басшысы белгіленген тәртіппен бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды кәдеге жарату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;
8) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы жұмыстарды тапсырыс берушінің растауы;
9) босатылатын оқ-дәрілерді, арнайы техниканы, арнайы құралдарды жоюға (құртуға, кәдеге жаратуға, көмуге) және қайта өңдеуге мемлекеттік органмен немесе ұйыммен мемлекеттік тапсырыс және/немесе шарт (келісім-шарт);
10) орындалатын жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыру
үшін тапсырыс беруші өкілдігінің болуы;
11) кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтер.