4. Мемлекеттік инспекторлар жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер:
1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
5. Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, қағидаларды, техникалық регламенттерді және стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-6 бап өзгертілді
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10 тармақпен толықтырылды
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 11 тармақпен толықтырылды
9-6-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3-1- тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің
құқықтық жағдайы және олардың қызмет өткеруі
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-7-баппен толықтырылды
9-7-бап. 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 454-II;29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап толықтырылды және өзгертілді
10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29.12.03 ж. № 511-I ҚР Заңымен 10-1 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі қолданылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-2 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-2-бап өзгертілді
10-2-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және білім деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта білімi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен тәртібі көзделетiн келісім-шарттар жасалады. Казарма жағдайындағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға отыз бес жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi білімi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты уәкілетті орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi. Кіші және орта басшы құрам лауазымына - қызмет түрі бойынша орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар адамдар, аға басшы құрам лауазымына қызмет түрі бойынша жоғары кәсіптік білімі бар адамдар тағайындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртібі мен шарттарын уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімін бітірген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері өрт-техникалық оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі бес жыл бойы қызметін өткеруден бас тартқан не осы Заңның 10-4-бабы екінші бөлігінің 5), 7), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда, ол өзінің оқу кезеңіндегі стипендия төленуіне, тамағына, заттай жабдықталымға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстап қалуға жататын сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет өткермеген әрбір толық ай үшін барабар есептеледі.
Өрт-техникалық оқу орны күндізгі бөлімінің әскерге шақырылу жасына жеткен және сабақ үлгермегені, тәртіп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркімен оқудан шығарылған курсанттары, егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермесе, арнайы есептен шығу үшін тұратын жері бойынша әскери басқарманың жергілікті органдарына жіберіледі.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-3 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-3-бап өзгертілді
10-3-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтiң шектi жасы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:
1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу үш жас;
3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу сегіз жас болып белгiленедi.
Қызметте болудың шекті жасына жеткен кезде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қызмет ету мерзімі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы басшысының шешімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қызметтiң ұзартылуы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-4 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-4-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;
5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;
6) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:
1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына байланысты;
5) өз еркi бойынша;
6) келісім-шарттың бұзылуына байланысты;
7) аттестаттау тәртібімен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша;
8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;
10) қызмет тәртібін үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-5 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-5-бап өзгертілді
10-5-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:
қатардағы құрам:
өртке қарсы қызметтiң қатардағы жауынгерi;
кiшi басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң кiшi сержанты;
өртке қарсы қызметтiң сержанты;
өртке қарсы қызметтiң аға сержанты;
өртке қарсы қызметтің старшинасы;
өртке қарсы қызметтiң прапорщигi;
өртке қарсы қызметтiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң кiшi лейтенанты;
өртке қарсы қызметтiң лейтенанты;
өртке қарсы қызметтiң аға лейтенанты;
өртке қарсы қызметтiң капитаны;
аға басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң майоры;
өртке қарсы қызметтiң подполковнигi;
өртке қарсы қызметтiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
өртке қарсы қызметтiң генерал-майоры.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру , төмендету (одан айыру) тәртібі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
Заң 3-2 тараумен толықтырылды 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)
3-2-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін
әлеуметтік қорғау және осы органдарды қаржыландыру
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-6 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10-6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-6-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн нысанды және арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері аттестаттау тәртібімен анықталып, қызметіне сай келмеуі бойынша, беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін немесе қызметтік тәртіпті ұдайы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған жағдайда, ол өзіне берілген және тиесілі мерзім бойынша пайдаланылмаған нысанды киім-кешектің құнын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның тозуын есепке ала отырып өтеуге міндетті.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-7 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-7-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-8 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-8-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң демалысы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;
он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн;
жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi.
Өрт-техникалық оқу орнында оқудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын курсанттарға:
1) қысқы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн;
2) жазғы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн;
3) оқу орнын аяқтауына байланысты - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн демалыс беріледі.
Оқуда қарызы бар курсанттарға каникулдық демалыс оны өтегеннен кейін беріледі.»;
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-9 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 10-9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-9-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтем төленедi.
Бiржолғы өтемдi төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Егер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-10 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-10-бап жаңа редакцияда
10-10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын
қаржыландыру
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-11 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-11-бап. 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1 Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Заң 3-3- тараумен толықтырылды 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен
3-3-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қатысуы
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12- бап жаңа редакцияда
12-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттеріне:
1) тиісті объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
2) тиісті объектілерде өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатады.
3. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттік жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиісті нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары)
Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары) Қазақстан Республикасының заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөніндегі шараларға қатыса алады.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15- бап өзгертілді
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.