Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтардың
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне
құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 ж.
29 қарашадағы № 488-І Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша), № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987, № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41 құжат; № 8, 55 құжат; № 9-10, 64 құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат; 1999 жылғы 29 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 31 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 3 және 5 тамызда Казахстанская правда газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 9 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қазыналық кәсiпорындардың қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 185-7-баппен толықтырылсын:
"185-7-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лауазымды адамдарының мемлекеттік органдардың шаруашылық қызметтi тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы нұсқамаларын орындамауы
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лауазымды адамдарының мемлекеттік органдардың заңда көзделген құзыретi шегiнде шаруашылық қызметтi тоқтата тұру және оған тыйым салу жөніндегі нұсқамаларын орындамауы, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айып салуға әкеп соғады, ал егер iстiң мән-жайына қарай, тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып, бұл шараларды қолдану жеткiлiксiз деп танылса, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады.
2. "Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызметтiң еркіндігі және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., № 51, 483-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96-құжат; № 24, 597-құжат; 1993 ж., № 8, 176-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; № 21, 130-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат):
16-бапта:
- бiрiншi бөлiктiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
" - кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру және тоқтату;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Осы баптың бiрiншi бөлiгіндегі жетiншi абзацта көзделген санкциялар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың талап арызы негiзiнде сот шешiмi бойынша қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтатуға немесе тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органның шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы актісі сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
3. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424 құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121 құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар):
1) 1-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгіндегі "Осы Заңда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында "жеке кәсiпкерлiк қызметтi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкердiң қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын және "мәжбүрлеп тоқтату" деген сөздерден кейiн "немесе тоқтата тұру;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 25-бап мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуды немесе тоқтата тұруды бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызын уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтатуға немесе тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органның қызметтi тоқтату немесе тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
4. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 40-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат):
9-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiткен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға, олардың уәкiлеттi лауазымды адамдарына авариялық жағдайлар пайда болған, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей анық қауiп төнген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
5. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат):
17-бап мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арыз Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуына немесе оны тоқтата тұруына карантиндiк, аса қауiптi, жұқпалы, паразиттiк және кәсiби аурулардың таралу қаупi анық туындаған кездегi ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
6. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 жылғы 31 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" мен 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 27 тамызда "Егемен Қазақстан" және 24 тамыз бен 1 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 13 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 8 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 22-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.";
2) 24-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "қызмет" деген сөз "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағының он төртiншi абзацындағы "ұйымдары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-бапта:
сегiзiншi абзацтағы тоқтата тұруға деген сөздерден кейiн "және оған тыйым салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шаруашылық қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудегi, сақтаудағы, тасымалдаудағы және өткiзудегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердiң бұзылуын жойғанға дейiн мемлекеттік мал-дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жануарлардың және құстардың карантин белгiленетiн жұқпалы аурулары анықталған ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
8. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 жылғы 13 тамызда "Егемен Қазақстан" және 28 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бап мынадай мазмұндағы алтыншы, жетiншi және сегiзiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Ұйымдарды, объектiнi, ғимаратты, үйдi салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық жағынан қайта жарақтау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi бұзылған жағдайда, сондай-ақ жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жүзеге асыратын ұйымның, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, үйлердi, ғимараттарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң жұмысына iшiнара немесе толық тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда, өртке қарсы нормалар мен ережелердiң бұзылуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына анық қауiп төндiрген кезде талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, өрт қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру жөніндегі уәкiлеттi лауазымды адамдар болып табылады.".
9. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 185-құжат; № 22, 333-құжат):
33-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органның өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi.
Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызды уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жеке кәсiпкердiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметтi тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
10. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
16-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тек сот тәртібімен ғана тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы мүмкiн. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген ерекше жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
11. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағының төртiншi абзацындағы "қайта құруға" деген сөздерден кейiн "сот тәртібімен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 77-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
12. "Өсiмдiктер карантинi туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат):
8-бапта:
6) тармақша "тоқтата тұруға" деген сөздерден кейiн "және тыйым салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуды немесе оны тоқтата тұруды Өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтiң лауазымды адамдары сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды Өсімдіктер карантині жөніндегі фитосанитариялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне сот шешімінсіз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға карантиндік объектілер анықталған ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат етіледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.".
Қазақстан Республикасының Президенті