3. Мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіппен қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) тексеру жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру мәніне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктер беруге;
6) тексеру жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексерудің мәніне қатысты қажетті ақпарат беруге;
7) тексеру аяқталған күні жеке кәсіпкерлік субъектісіне жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актіні беруге;
8) алынған құжаттардың және тексеру жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргiзу кезіндегі жеке кәсiпкерлiк
субъектiсiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік бақылауды жүргiзу кезiнде:
1) мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдағы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
мемлекеттік органдар өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы 7-тармағының 2), 4), 6) 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға оған қатысты көрінеу қайта тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 37-1-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Заңның 38-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
осы Заңның 37-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше жеке кәсіпкерлік субъектілері көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған жағдайларда, объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жiбермеуге;
2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң мәнiне жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiге және тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
4) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың жеке кәсiпкерлiктi шектейтiн заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудио- және бейне-техника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды жүргiзген кезде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
1) осы Заңның 38-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайларына мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының кедергiсiз өтуiн қамтамасыз етуге;
2) осы Заңның 11-бабының талаптарын сақтай отырып, тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қосу үшiн табыс етуге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен мәнiне сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуiне мүмкiндiк беруге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында алғаны туралы белгi жасауға мiндеттi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Тексеру жүргізу кезіндегі шектеулер
Тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның атынан әркет ететін лауазымды адамдардың құзыретіне жатпаса, мұндай талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) мемлекеттік стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кетуге;
6) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізуге;
7) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізуге құқылы емес.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 40-2-баппен толықтырылды
40-2-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген
тексерудің жарамсыздығы
1. Бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның осы Заңда белгіленген, тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылған талаптарды өрескел бұза отырып жүргізген тексеруі жарамсыз деп танылады, ал осы тексерудің нәтижелері жөніндегі акт жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген міндетті талаптарды бұзуының дәлелі болып табылмайды және жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың оның күшін жоюына негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда шешім жеке кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына шешілді деп есептеледі.
2. Өрескел бұзушылыққа:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;
4) осы Заңның 40-1-бабының талаптарын бұзу;
5) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
6) тексерілетін субъектіге тексеру актісін табыс етпеу жатады.
41-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібi
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісі тиісті органның және (немесе) лауазымды адамның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қылмыстық істі қозғаумен және тексеру жүргізумен байланысты мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-тарау.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
42-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауаптылықтың
жалпы негіздері мен нысандары
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары осы Заңның 29-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік реттеудің мақсатына қол жеткізбеген мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасағанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кінәлі лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бір ай ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз ақпаратты тарату нәтижесінде оған келтірілген зиян өтелуге тиіс.
43-бап. Жеке кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін
жауаптылық
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекеті (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе тыйым салу солардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың, кредиттік бюролардың кәсіпкерлік қызметін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметін мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметін сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, көрсетілген мерзімде талап-арызды сотқа табыс етуді міндеттей отырып, ерекше жағдайларда жол беріледі.
Бұл ретте бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы актісі соттың шешімі шыққанға дейін қолданыста болады.
4. Кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі келтіру салдарынан жеке кәсіпкерлік субъектісі көтерген барлық шығындар мен жеке кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген өзге де зиян өтелуге жатады.
44-бап. Жеке кәсіпкерлікті тексерудің белгіленген
тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық
1. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда (тексеруді негізсіз тағайындау, акті шығармай және оны құқықтық статистика органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндірісті тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негізсіз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда) өтеулі талап етілетін шығындардың көлеміне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшін жеке кәсіпкерлік субъекті қызметкерлеріне төленген сыйақы сомалары, өндірістің мәжбүрлі тоқтаған уақытына жалақы, өндірісті тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу кезінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің алуы ықтимал жіберіп алған пайда енгізілуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылған мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) жеке кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
10-тарау.
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
45-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жауаптылығының
жалпы жағдайлары
Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
46-бап. Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ
зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегi
органдардың жауаптылығы
Сәйкестікті тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдар өз міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
47-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының жосықсыз бәсеке туралы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
48-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
49-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкi
рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылығы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
11-тарау.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
51-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бапты қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңды қолданысқа енгізу кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтін бөлікте қолданылады және 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін соған сәйкес келтірілуге тиіс.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат, № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат; № 19-20, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);
2) «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 150-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 19-20, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат);
3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 185-құжат; № 22, 333-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 31-і.
№ 124-III ҚРЗ
«Жеке кәсіпкерлік туралы»
2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124-III
Қазақстан Республикасының Заңына
қосымша
2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Мемлекеттік бақылау және қадағалау
ТҮРЛЕРI
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Электр энергетикасы саласындағы, жер қойнауын пайдалану және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган:
1) электр энергетикасы саласындағы бақылау және қадағалау;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім-шарттар талаптарының орындалуын бақылау;
3) жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы бақылау;
4) мұнайгаз кәсіпшілігі инфрақұрылымын бақылау;
5) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы бақылау;
6) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы бақылау;
7) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және оның айналымын бақылау;
8) атом энергиясы саласындағы бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлік саласындағы мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы бақылау;
2) азаматтық авиация қызметін бақылау;
3) халықаралық әуе тасымалдарын бақылау;
4) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау;
5) автомобиль көлігі саласындағы бақылау;
6) темір жол көлігі саласындағы бақылау;
7) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы бақылау;
8) ішкі су көлігі саласындағы бақылау;
9) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау.
12) көлік саласындағы бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:
өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын бақылау
4. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік орган:
1) техникалық реттеу саласындағы бақылау.
2) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылау.
5. Метрология саласындағы мемлекеттік орган:
метрология саласындағы бақылау.
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік орган:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау.
2009.08.06 № 163-IV ҚР Заңымен қосымша 6-1-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1. Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік орган:
тұрғын үй қатынастары саласын бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07 № 190-IV ҚР Заңымен (бр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік орган:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласындағы бақылау;
3) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласындағы бақылау;
4) өсімдіктерді қорғау және оның карантині саласындағы бақылау;
5) тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау;
6) астық нарығын реттеу саласындағы бақылау;
7) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы бақылау;
8) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бақылау;
9) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы бақылау;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау;
11) мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласындағы бақылау.
8. Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік орган:
1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;
2) геодезиялық және картографиялық қызметті бақылау.
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік орган:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы бақылау;
2) шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін бақылау;
3) қалдықтармен жұмысты бақылау;
4) міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы бақылау.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік орган:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы бақылау;
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау;
5) қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қауіптілігіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау.
2008.10.12. № 115-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бақылау;
2) көрсетілетін медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау.
12. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау;
2) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудің ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылау;
3) жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын және олардың өткізілуін бақылау.
13. Білім беру саласындағы мемлекеттік орган:
білім беру жүйесіндегі бақылау.
14. Әлеуметтік-мәдени қатынастар саласындағы мемлекеттік орган:
Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын бақылау.
2008.10.12. № 115-IV ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
2) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау;
3) халықты жұмыспен қамту саласындағы бақылау;
4) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы бақылау;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы бақылау.
16. Бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі мемлекеттік орган:
бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
17. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік орган:
1) байланыс саласындағы бақылау;
2) ақпараттандыру саласындағы бақылау;
3) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
18. Мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган:
1) салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын салықтық бақылау;