акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205-1) тармақшамен толықтырылды
205-1 тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205-2) тармақшамен толықтырылды
205-2) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
206) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
207) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 208) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
208) Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
209) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
210) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салыққа жатпайтын төлемдердің түсімін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 210-1) тармақшамен толықтырылды
210-1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес соттарда талап қою арызын ұсыну;
211) трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау, мәміле бағасының тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасынан ауытқу мәселесі бойынша тексеру, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған кезде салық салу объектілерін түзету;
212) темекі бұйымдарының өндірісі және айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылау;
213) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімдерін есепке алуды және талдауды жүргізу;
214) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдері базасында және автомобильдерге құйып беру станцияларында есепті бақылау құралдарымен жабдықтау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 214-1) тармақшамен толықтырылды
214-1) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
215) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;
216) мемлекеттік мекемелердің шоттарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 217) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
217) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
218) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылау;
219) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
220) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаты, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асыру;
221) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
222) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
223) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
224) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
225) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
226) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде атқаруға міндетті болатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
мемлекетті органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекітілген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
13. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
14. Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
15. Министр:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Министрліктің ведомстволары туралы ережелерді бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеден органдарының қызметкерлеріне жоғары басшылық құрамының арнайы атағын беру туралы ұсыным енгізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді іске асырады.
16. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
17. Министрліктің аппаратын басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
18. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.
19. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
20. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын реттелетін мемлекеттік басқару салаларындағы саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және өз тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволар басшыларының тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, оларды көтермелеу, оларға сыйлық беру, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
12) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Министрі бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жоспарының және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің басшысына бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін дайындауды және Министрмен келіскеннен кейін бекітуді қамтамасыз етеді;
17) регламенттерді және мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары жөніндегі қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Жауапты хатшыға Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті орындалуға тиіс тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
23. Министрліктің Министрдің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан Министр бекітеді.
24. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыретін және өкілеттігін, жауапты хатшы бекітетін Министрліктің жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді.
4. Министрліктің мүлкі
25. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет тапсырған мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
26. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолдармен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта құру және тарату
28. Министрлікті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 17 қазандағы № 962 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.23.12. № 1228 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Медетші қор» | акционерлік қоғамы |
«Қызмет-Сервис А» | акционерлік қоғамы |
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» | акционерлік қоғамы |
«Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» | акционерлік қоғамы |
Ақпараттық-есептеу орталығы» | акционерлік қоғамы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың Тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 25-3-жол алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 35, 376-құжат):
6-тармақтың 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтары алынып тасталсын.
3. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 364-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерінің тізбесінде:
І «Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген бөлімде:
1 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының ғимараттары» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 40-жол алынып тасталсын;
«БАРЛЫҒЫ 636 объект» деген жолда:
«636» деген сандар «635» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Тізбеге кестеде:
І «Аса маңызды мемлекеттік объектілер» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдағы «636», «396» деген сандар тиісінше «635», «395» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолдағы «1078», «528» деген сандар тиісінше «1077», «527» деген сандармен ауыстырылсын;
«ТІЗБЕ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ» деген жолдағы «1346», «575» деген сандар тиісінше «1345», «574» деген сандармен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысының 2-тармағы алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
4 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
15-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтары алынып тасталсын.
6. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 348-құжат) 3-тармағы алынып тасталсын.
7. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1377 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 652-құжат) 5-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 209-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы алынып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 559 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 290-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
10. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 937 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 35, 487-құжат) 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 1063 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 542-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы алынып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 26-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алынып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8, 15, 18 және 19-тармақтары алынып тасталсын.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы алынып тасталсын.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 135 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 59-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 және 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 333 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 147-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
17. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 624 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 5-тармағы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің өңіраралық мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаменттері - мемлекеттік мекемелері
болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті және Жезқазған мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
2. Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтау қаласындағы «Каспий» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
3. Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
4. Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті және Арқалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай қаласындағы «Тобыл» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
5. Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті және Жетісу мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
6. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Семей мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Семей қаласындағы «Ертіс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
7. Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік
мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Астана қаласы бойынша басқармалары біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Астана қаласындағы «Сарыарқа» Өңіраралық департаментіне.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Ақтау қаласындағы «Каспий» Өңіраралық департаментіне.