«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 және 2004 жылғы
28 қазандағы № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 333 Қаулысы
(2008.24.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 526-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті туралы ережеде:
1-тармақта:
«өз» деген сөз «орталық атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«іске асыру» деген сөздер «арнайы атқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) арнайы атқару:
егер борышкердің жекелеген кредит берушімен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмілесі банкроттық туралы іс қозғалғаннан немесе соттан тыс тарату рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бір кредит берушінің басқа кредит беруші алдындағы талаптарын артықшылықты қанағаттандыруға әкеп соқса, борышкер оны банкрот деп танығанға дейін не кредит берушілерді таратудың соттан тыс рәсімін өткізу туралы шешім қабылданғанға дейін жасаған мәмілені жарамсыз деп тану туралы өтініш енгізеді;
кредит берушілер комитеті оңалту және конкурстық басқарушылармен жасалатын оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындау тәртібі мен шарттары, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, дәрменсіз борышкердің істері мен мүлкін басқару «көлігіндегі өкілеттіктер көлемі туралы келісімді келіседі;
лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім береді;
оңалту, конкурстық басқарушыларды және сырттан байқаушы әкімшіні тағайындайды;
кредит берушілер комитетінің құрамын қалыптастырады және бекітеді және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі мен оңалту рәсімінде оның алғашқы отырысын шақырады;
кредит берушілер комитеті оңалту немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттан байқаушы әкімшімен жасайтын келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды;
оңалту және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімінің және таратудың соттан тыс рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келіседі;
оңалту басқарушысының оңалту рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді);
сырттан байқаушы әкімшінің сыртқы байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;
оңалту басқарушысының қорытынды есебін келіседі және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды береді;
оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;
конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімі кезінде, сондай-ақ сырттан байқау рәсімі кезінде кредит берушілер комитетінің құрамын бекітеді;
кредит берушілер талаптарының тізілімін бекітеді;
кредит берушілер мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы кредит берушілер талаптарының тізіліміне енгізу туралы келіспеушіліктерді қарайды;
конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарайды;
оңалту, конкурстық басқарушылардың және сырттан байқаушы әкімшінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
өз құзыреті шегінде мониторингіні жүзеге асырады;
кредит берушілер комитеті сырттан байқаушы әкімшімен борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкер төлемге қабілетсіз болған сырттан байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелері мен іс-әрекеттерін анықтау және талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар туралы және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге іс-шаралар туралы жасаған келісімдерді келіседі;
борышкерді оңалту жоспарын мақұлдайды;
оңалту жоспарындағы өзгерістерді келіседі;
оңалту басқарушысының оңалту рәсімінің аяқталғаны туралы мәлімдемесіне қорытынды береді;
сауықтыруға қатысушының оңалту басқарушысымен дәрменсіз борышкерге кредит берушілердің талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алмаған сауықтыруға қатысушының жауапкершілігі туралы келісімін бекітеді;
борышкер мүлкін сату жоспарын келіседі;
тарату теңгерімін және конкурстық іс жүргізу және оңайлатылған банкроттық рәсімдер кезінде кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса бере отырып, кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін сотқа берілетін конкурстық басқарушының өз қызметі туралы есебін келіседі;
жоқ борышкердің мүлкі болмаған не егер оның құны конкурстық іс жүргізуді өткізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болған жағдайда конкурстық іс жүргізуді қозғамастан, жоқ борышкерді банкрот деп тануды келіседі;
егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оны білдіруге өкілеттік берілген тұлғалар болмаған кезде конкурстық іс жүргізуді қозғамай жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есепті жасауды ұйымдастырады;
жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастырады;
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында көзделген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдайды;
2) бақылау-қадағалау:
банкроттық рәсімдерінде және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде оңалту және конкурстық басқарушылардың қызметін, сондай-ақ сырттан байқау рәсімі кезінде сырттан байқаушы әкімшінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда оңалту, конкурстық басқарушыларды және сырттан байқаушы әкімшіні шеттету туралы шешім қабылдайды;
конкурстық сауда-саттықта борышкердің конкурстық массасын сату кезінде жариялылықтың, бәсекелестіктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жалған және қасақана банкроттық белгілерін анықтайды;
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жағдайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
банкроттық рәсімдерінде дәрменсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқаруға лицензиясы бар тұлғаларды тіркеп, есепке алуды жүзеге асырады;
төлемге қабілетсіз және дәрменсіз ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
камералдық бақылауды жүзеге асырады;
банкроттық рәсім, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсім тараптарының Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
оңалту және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген банкроттық рәсімдерін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін сақтауын тексеруді жүзеге асырады;
тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы қолданыстағы заңнамасын бұзуды жою мерзімін көрсете отырып, банкроттық саласындағы құқықтық кесімдерді бұзу анықталған кезде оңалту және конкурстық басқарушыларға ұсынымдар шығарады.
11. Комитет:
1) бұйрықтар шығаруға;
2) оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда, борышкердің мүлкі иесінің немесе ол өкілеттік берген органның қолдаухаты бойынша кредит берушілер комитетінің келісімімен оңалту рәсімін жүргізуді борышкердің басшысына жүктеуге;
3) конкурстық және оңалту басқарушыларына мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы және борышкер берген, оның ішінде жалға немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға немесе таратудың соттан тыс рәсіміне бастамашылық жасалғанға дейін үш жыл ішіндегі кезеңде бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлікті осы мүлікті өтеусіз, нарықтық бағадан едәуір төмен баға бойынша немесе кредит берушілердің мүдделеріне зиян келтіре отырып, жеткіліксіз негізде алған тұлғалардан қайтаруды міндетті талап ету туралы мәлімдеме жолдауға;
4) конкурстық және оңалту басқарушыларына мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы және банкроттық туралы іс қозғалғанға немесе таратудың соттан тыс рәсіміне бастамашылық жасалғанға дейін үш жылға дейінгі кезеңде борышкер берген мүлікті алдындағы міндеттемелер басқа кредит берушілердің мүдделеріне зиян келтіре отырып, оларды орындау мерзімі басталғанға дейін орындалып кеткен кредит берушілерден қайтаруды міндетті талап ету туралы мәлімдеме жолдауға;
5) сауықтыруға қатысушыдан растаушы құжаттарды талап етуге;
6) конкурстық, оңалту басқарушыларының не сырттан байқаушы әкімшінің қолдаухаты бойынша конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімі мен сырттан байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредит берушілердің мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
7) оңалту және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген банкроттық рәсімдерін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін сақтауына тексеру жүргізуге ұйғарым беруге;
8) тексеруге басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға;
9) сотқа сырттан байқауды енгізу туралы өтініш енгізуге;
10) оңалту басқарушысынан борышкер мүлкіне билік ету жөнінде жасалған мәмілелер туралы ақпарат беруді, ал ол болмаған жағдайда мұндай мәмілелер туралы ай сайын есеп беруді талап етуге;
11) конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты сұрауға құқылы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің құрылымында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалту, мониторинг және сырттан байқау басқармасы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«жабық» деген сөз алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |