ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу» (тууды, неке қиюды, неке бұзуды, әкелікті анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, тегін, атын, әкесінін атын өзгертуді, қайтыс болуды тіркеу) мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі уәкілетті органдар), сондай-ақ мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) (тууды, неке бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу) арқылы баламалы негізде көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе дәлелденген бас тарту беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тууды, әкелікті анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, сот шешімінің негізінде неке бұзуды, белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды, қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдаған және берген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Осы стандартқа 11- қосымшада белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге ұзартылады, басқа органға сауал қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі тұтынушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
заңнамада белгіленген мерзімді бұза отырып, тууды тіркеу, некені тіркеу, кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жөніндегі мемлекеттік қызметтер басқа органдарға сауалдары болған кезде күнтізбелік 30 күн ішінде көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі тұтынушыны хабарландыра отырып, 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тууды тіркеу туралы өтініш азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне бала туғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей, ал бала өлі туған жағдайда туғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей беріледі.
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 минуттан аспайды.
Орталыққа жүгінген кезде:
тууды, әкелікті анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, сот шешімінің негізінде неке бұзуды, белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды, қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдаған және берген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Осы стандартқа 11- тармақта белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге ұзартылады, басқа органға сауал қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі тұтынушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Заңнамада белгіленген мерзімді бұза отырып, тууды тіркеу, некені тіркеу, кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жөніндегі мемлекеттік қызметтер басқа органдарға сауалдары болған кезде күнтізбелік 30 күн ішінде көрсетіледі, қызмет көрсету мерзімі тұтынушыны хабарландыра отырып, 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
4) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
5) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
8. Қазақстан Республикасының азаматтарының тууын, қайтыс болуын және әкелікті анықтауды, бала (қыз) асырап алуды тіркеген кезде мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қалған жағдайларда мемлекеттік баж заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) құжаттар берген орны бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банктер мен банкі операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс.
9. Құжаттарды қабылдау:
уәкілетті органға жүгінген кезде:
сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен ұсынылады.
Орталыққа жүгінген кезде:
күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Орталықтың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 19-00-дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электронды» кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Уәкілетті органның үй-жайында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинет болады, онда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар көзделген. Кабинетте толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер ілінген.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар жасалынған ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:
- тууды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 3-қосымша);
2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін;
3) ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі немесе некеге тұрмаған анасының өтінішін;
4) емдеу мекемесінің туу туралы анықтамасын немесе кемінде екі куәгердің баланың туғанын растайтын еркін нысанда жазылған айғағын ұсынады.
- заңнамада белгіленген мерзімді бұзып тууды тіркеу үшін қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
1) баланың туған жері бойынша аумақтық әділет органының туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы анықтама;
2) тұратын жері бойынша баланың денсаулығы туралы медициналық анықтама;
- ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әкелікті анықтауды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 4-қосымша);
2) баланың туу туралы куәлігі;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 4-1-қосымша);
2) тұтынушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмелері;
3) әкелікті анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) баланың туу туралы куәлігі.
- бала (қыз) асырап алуды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 5-қосымша);
2) тұтынушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
3) бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) баланың туу туралы куәлігі;
5) бала (қыз) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
6) бала (қыз) асырап алушылардың неке қию туралы куәлігінің көшірмесі.
- неке қиюды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 6-қосымша);
2) некеге тұратын тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
3) бюджетке мемлекеттік баж төленген күні мен мөлшерін растайтын төлем құжаты.
Егер заңнамада белгіленген некені тіркеу мерзімін қысқарту не ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту не ұзарту негіздемесін растайтын құжат қосымша беріледі.
Егер неке жасына толмаған тұлға некеге тұратын кезде некеге тұратын адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері ұсынылады.
- сот шешімінің негізінде неке бұзуды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 6-1-қосымша);
2) тұтынушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
3) неке бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі
4) бюджетке мемлекеттік баж төленген күні мен мөлшерін растайтын төлем құжаты;
-кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 6-2-қосымша);
2) тұтынушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) неке қию туралы куәлік;
4) некені бұзғаны туралы куәлік берген кезде - некені бұзғаны үшін бюджетке мемлекеттік баж төлеген күні мен көлемін растайтын төлем құжаты;
- сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды тіркеген кезде:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 6-3-қосымша);
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
3) сот шешімінің не сот үкімінің көшірмесі;
4) неке қию туралы куәлік;
5) бюджетке мемлекеттік баж төленген күні мен мөлшерін растайтын төлем құжаты.
- тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 7-қосымша);
2) тұтынушының туу туралы куәлігі;
3) егер тұтынушы некеде тұрса, неке қию туралы куәлігі;
4) кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлігі (егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса);
5) бала (қыз) асырап алу туралы куәлік немесе әке болуды анықтау туралы куәлік (егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бұлар тіркелген болса);
6) некені бұзғаны туралы куәлігі (тұтынушы некенің бұзуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін бергені туралы өтініш жасаса);
7) тұтынушының 3х4 мөлшерінде 2 фотосуреті;
8) тұтынушының тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазған егжей-тегжейлі өмірбаяны;
9) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамнан - туу туралы куәлік).
- қайтыс болуды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандартқа 8-қосымша);
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат беріледі.
Қолданыстағы неке және отбасы туралы заңнамаға сәйкес қайтыс болу туралы куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тізіміне енетін тұлғаларға беріледі.
12. Өтініштер бланкілері уәкілетті органның тиісті кабинетінде не Орталықтың күту залындағы арнайы тағандарда немесе Орталықтың консультанттарында болады.
13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар уәкілетті органның маманына, құжаттарды Орталыққа тапсырған кезде - мекенжайы 1- қосымшада көрсетілген оның инспекторына тапсырылады.
14. Тиісті құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органда тұтынушыға:
1) өтінішті қабылдаған күні;
2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
3) құжаттарды беретін күні мен уақыты;
4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған кезде тұтынушыға:
1) сауалдың нөмірі мен қабылдаған күні;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беретін күні, уақыты мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Дайын құжаттарды беруді тұтынушы жүгінген кезінде уәкілетті органның маманы жүзеге асырады.
Тұтынушыға дайын құжаттар беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда уәкілетті орган, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Уәкілетті орган Орталықтан түскен құжаттардың ресімделуінде қателіктер анықтаған кезде немесе осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, Орталыққа қайтарып береді.
Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және қайтару себептері туралы уәкілетті органның жазбаша дәлелдерін береді.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға қайта жібереді.
Уәкілетті органда құжаттардың сақталу мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның, Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызметті әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін тұтынушы телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталықтың басшыларына жүгінеді.
21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайы: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған сапасыз мемлекеттік қызметтер мен Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса беріледі.
25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде қаралады.
Тұтынушыға шағымның қорытындысы туралы пошта арқылы жазбаша түрде жолданады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекенжайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | (87162) 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | (87132) 56-24-53 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | (87282) 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | (87122) 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | (87232) 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | (87232) 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | (87112) 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | (7212) 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | (87142) 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | (87242) 23-07-51 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | (87292) 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | (87182) 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | (87152) 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | (87252) 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | (8727) 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | (8727) 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | (8727) 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9а | (8727) 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | (8727) 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | (8727) 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9-үй | (8727) 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | (87172) 61-84-03 | 61-84-03 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Субханбердин көшесі, 2-үй | (87172) 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | (87172) 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | (87172) 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27 | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | (87172) 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37-үй | (87162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 «а» үй | (87132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» үй | (87282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 «а» үй | (87122) 46-53-15 46-53-12 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6-үй | (87232) 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208-үй | (87112) 50-82-91 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1-үй | (87212) 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38-үй | (87142) 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй | (87242) 23-03-57 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | Ақтау қаласы, 2 шағын ауданы, 8-үй | (87292) 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18-үй | (87182) 32-43-02 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72-үй | (87152) 33-27-53 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-үй | (87252) 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287-үй | (8727) 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15-үй | (87172) 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |