2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзiнiң қаржылық есептілігiн Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде, Қазақстан Республикасы ёлттық Банкінің жылдық қаржылық есептіліктi жариялау тәртібі туралы нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген көлемде және мерзiмдерде жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
4. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен мiндеттi жарналарды төлеуге және шартты мiндеттемелердi қалыптастыруға мiндеттi.».
17. «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған акционерлік қоғам;
2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) егiстiң толық жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн жағдай;
4) егiстiң iшiнара жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, бiр гектардан өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудегi бағалау кiрiсi немесе iс жүзіндегі кiрiс мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген бiр гектарға жұмсалатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiру шығындары нормативiнiң мөлшерiнен кем болатын жағдай;
5) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);
6) қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi бойынша зерттеу актiсi (бұдан әрi - зерттеу актiсi) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысан бойынша осы Заңда талаптар көзделген, егiстiң iшiнара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiң жойылған алаңдарын айқындау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
8) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - мiндеттi сақтандыру шарты) - осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
10) өсiмдiк шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi - қоғам) - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
13) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
14) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
15) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
16) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
17) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
18) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
19) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату;
20) шығындар нормативi - өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.»;
2) 4-1-баптың 6) тармақшасындағы «қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
3) 5-бапта:
2-тармақта:
6) тармақша «агенттiң» деген сөзден кейiн «қоғамның» деген сөзбен толықтырылып, «оның» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарайды;»;
8) тармақшадағы «және агенттен» деген сөздер «, агенттен және қоғамнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «және агенттiң» деген сөздер «, агенттiң және қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға қоғамдардың атауын және орналасқан жерiн көрсете отырып, оның тiзiлiмiн ұсынады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы «құжаттарды» деген сөзден кейiн «өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 5-1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 5-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.»;
6) 6-бап «сақтандыру жағдайларына» деген сөздерден кейiн «зерттеу актiсiнде тiркелген» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ғылыми негiзделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының» деген сөздер «шығындардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 8-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi «артық» деген сөз «кем» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк «мынадай» деген сөзден кейiн «ең төмен және» деген сөздермен толықтырылсын;
1)-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):
Рет № | Облыстардың атауы | Сақтандыру тарифі %-пен |
ең төменгі | ең жоғарғы |
1. | Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан | 1,78 | 3,48 |
2. | Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан | 3,17 | 5,83 |
3. | Ақтөбе, Батыс Қазақстан | 5,21 | 9,15 |
2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 2,01%, ең жоғары - 3,44%;
3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 5,76%, ең жоғары - 8,39%;
4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 0,92%, ең жоғары - 1,33%.»;
9) 9-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Комиссия сақтандырушы мәлiмдеген егiс алаңын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен апатқа ұшыраған егiс алаңын анықтау әдiсi бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң апатқа ұшырау деңгейiн анықтайды: толық немесе iшiнара.»;
төртiншi бөлiкте:
«тиiстi зерттеу актiсiн» деген сөздер «зерттеу актiсiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(бұдан әрi - зерттеу актiсi)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнiң қолдары болған кезде зерттеу актiсi қабылданған болып есептеледi.»;
6-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
10) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi. Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.»;
11) 12-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiк «депозиттерге» деген сөзден кейiн «және мемлекеттік бағалы қағаздарға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiктегi «депозиттерге» деген сөз «Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi «депозиттерге» деген сөз «Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 13-баптың 1-тармағындағы «сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi» деген сөздер «осы баптың 2-тармағында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«сақтанушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге;»;
14) 16-баптың 2-тармағының төртiншi абзацындағы «жетi» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мазмұнына қойылатын талаптар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.».
18. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат):
20-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпарат беру туралы және кредиттiк есептердi алу туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар;».
19. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».
20. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
1) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы»;
2) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
2) бүкiл мәтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиiсiнше «қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасының бiрiншi-он төртiншi абзацтары ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аннуитеттiк сақтандыру шарты (бұдан әрi - аннуитет шарты) - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттілік - қызметкердiң белгiлi бiр біліктіліктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттіліктен айрылу дәрежесi - қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
6) қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру - еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешенi;
7) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
8) сақтандыру жағдайы - осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);
9) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
11) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
20-тармағы 3) тармақшасының он бесiншi абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi
12) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмiрдi сақтандыру» саласында аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;
3) тармақшасының он алтыншы абзацы ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
13) сақтанушы - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.»;
4) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейдi.
2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды.»;
5) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру объектiсi мен субъектiлерi
1. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi зардап шеккен қызметкердiң кiнәсi болған не болмаған кезде, оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.»;
6) 6-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.»;
7) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
7) 7-бап алып тасталсын;
8) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
8) 8-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.»;
9) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
9) 9-баптың 2-тармағында:
3) тармақша «төлемдерiн» деген сөзден кейiн «және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеудi» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «қабылданған жағдайда» деген сөздерден кейiн «, өтiнiштi және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жетi жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемi бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Аннуитет сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.»;
10) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
10) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.»;
11) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған кейiннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі мiндеттерден босатпайды.
Зардап шегушi қызметкерге кәсiптiк ауруының табылуы салдарынан кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда, сақтандыру төлемiн кәсiптiк ауру белгiлi болған мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.»;
12) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемi (сақтандыру төлемдерi) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерiнiң сомасына азайтылады.»;
13) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
13) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары
Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиға кезіндегі мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 2-тармағында көзделген.»;
20-тармағының 14) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi
14) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту
Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушының кiнәсiнен болса, сақтандырушы жұмыс берушiнiң қызметкерлерiнiң жалпы санына қарай үстемеақы коэффициентiн қолдану арқылы осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақының мөлшерiн мынадай мөлшерлерде:
1) зардап шегушi қызметкерлер саны екiден бес процентке дейiн болғанда 1,10 мөлшерiнде;
2) зардап шегушi қызметкерлер саны алтыдан он бес процентке дейiн болғанда 1,30 мөлшерiнде;
3) зардап шегушi қызметкерлер саны он бестен және одан да көп процент болғанда 1,50 мөлшерiнде ұлғайтуға мiндеттi.
Бұл ретте, осы тармақта белгiленген шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылу кезеңiнде болған екi немесе одан да көп қызметкердiң қатысуымен сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталған кезде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген үстемеақы коэффициенттерi сақтандыру жағдайына ұшыраған персоналдың сол санаттары мен кәсiптiк тәуекел сыныбы бойынша сақтандыру тарифiне қолданылады.
Үстемеақы коэффициентiн қолдану тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.»;