15) 18-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi «келтiрiлген зиян» деген сөздерден кейiн «қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
16) тармақшасының екiншi абзацы ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
«19-бап. Зиянның мөлшерiн анықтау тәртібі.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi
1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiнiң белгiленуiне байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
Қызметкердiң бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне теңдей мерзiм iшiнде қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы болады.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдер есебiнiң тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегушi қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесi 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесi 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1000;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесi 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1500;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесi 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 2000.
Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемiн жәбiрленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бiр мезгiлде жүргiзедi.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн ұзарту (қайта куәландыру) кезiнде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
3. Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда,
оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
16) тармақшасының он тоғызыншы абзацы ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.
5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.»;
20-тармағының 17) тармақшасы ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
20-тармағының 17) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады
17) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:
1) қызметкердiң кемiнде бiр жыл мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердiң денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.
Қызметкерге бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттілігiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi, сондай-ақ қызметкердiң қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн жүзеге асырады.
«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.
2. Сақтанушы аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерiн осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.»;
18) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
18) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн - қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетiп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттіліктен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе жәбiрленушi қызметкердiң жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттіліктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
кәсiптiк аурудың болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, жәбiрленушi қызметкер жұмыс iстеген, бiрақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкер жұмыс iстеген, бiрақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариаттық куәландырылған сенiмхаты бойынша денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға тiкелей төленуi мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.»;
19) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
19) 21-бап алып тасталсын;
20) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
20) 22-бап «жағдайларда» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 23-бапта:
1-тармақта:
«7» деген цифр «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
«бiр жыл және одан астам мерзiмге» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.».
21. «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, № 27-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».
22. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
1) 6-баптың 4-тармағының он бiрiншi абзацындағы «қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.» деген сөздер «қызметтi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
«кредиттiк бюролардың қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.»;
2) аталған Заңға қосымшаның 15-тармағының 2) тармақшасындағы «қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007ж., № 8, 52-құжат):
1) 2-баптың 3-тармағында:
«Сақтандыру қызметi туралы» және «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздер «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тiліндегі мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, қазақ тiліндегі мәтiн өзгермейдi;
2) 4-баптың 4-тармағындағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғам» деген сөздер «Қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-бапта:
тақырыптағы «қызметi лицензиялануға жатпайтын» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қоғамның активтерiн инвестициялаудың тәртібі мен көлемiн белгiлейдi.»;
4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қоғамның атауы
1. Қоғамның атауында «өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздер болуға тиiс.
2. Егер қоғам өзара сақтандырудың бiр ғана түрiн жүзеге асыратын болса, онда оның атауында сақтандырудың осы түрi көрсетiлуге тиiс.
3. Қоғамның атауында кез келген тiлде толық не қысқартылған түрде «ұлттық», «мемлекеттік», «орталық», «бюджеттік», «республикалық» деген сөздер болмауға тиiс.
4. Қоғам өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн оқшауланған бөлiмшесi орналасқан жерiн өзгерткен кезде бұл туралы уәкiлеттi органға он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.»;
5) 7-баптың тақырыбындағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамды» деген сөздер «Қоғамды» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамның құрылтай шартында:»;
3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
7) 9-баптың 1-тармағындағы «екеуден» деген сөз «екi жүз елуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату
Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыру талаптары
1. Өзара сақтандыру қызметi лицензиялауға жатпайды.
2. Қоғам:
1) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру бойынша;
2) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қоспағанда, мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.»;
10) 14-бапта:
тақырыптағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «лицензиясыз» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өзара сақтандыру жүзеге асырылатын жалпы шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 825-1-бабының талаптарына сәйкес келетiн өзара сақтандыру ережесiнде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Өзара сақтандыру ережесi қоғам мүшелiгiне кiруге тiлек бiлдiрген адамдарға таныстыру үшiн ұсынылуға тиiс.»;
11) 15-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қоғам осы Заңда көзделген тең құқықтарды қоғамның барлық мүшелерiне беруге мiндеттi.»;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салу
Қоғамның өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруiне, сондай-ақ делдалдық қызметтi немесе қайта сақтандыруға арналған тәуекелдердi қабылдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруына тыйым салынады.»;
13) 21-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
14) 23-бапта:
2-тармақтағы «Қызметi уәкiлеттi органның лицензиялауына жатпайтын қоғам» деген сөздер «Қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
15) 24-бапта:
тақырыптағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен және жағдайларда» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, оны есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
3-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын.
24-тармақ ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi
24. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
32-баптың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
1) 1-баптағы «2010 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2010 жылғы 1 наурыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
2) 12-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «құжаттары бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.» деген сөздер «құжаттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
3) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
3) мынадай мазмұндағы 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 137-бабы 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдарға қолданылады деп белгiленсiн.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдар 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 124-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерге ауыстырылады.
Бұл ретте, хеджирлеу операцияларының ерекшелiктерi ескерiле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдар келесi үш жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және туынды қаржы құралдары бойынша түсетiн табыстар есебiнен өтеледi.»;
«16-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 143-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн есепке жазылған және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетiн, осындай сыйақы есептелген күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салуға жатпайды;
2) сыйақы есептелген күнi қор биржасының ресми тiзiмiнде болмаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы осындай сыйақы төленетiн күнi белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен салық салуға жатады деп белгiленсiн.»;
4) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
4) 18-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушы бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, өндiрген минералды шикiзатты (пайдалы қазбаны) кейiннен одан әрi қайта өңдеу үшiн бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлiмшеге беретiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiне сәйкес пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкаларын белгiлеу мақсатында рентабельдiлiк деңгейi тұтастай заңды тұлға бойынша айқындалады.
Бұл ретте, рентабельдiлiктi есептеу үшiн заңды тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғадан өңдеу үшiн алынған және (немесе) сатып алынған минералды шикiзатты қайта өңдеудi қоса алғанда, минералды шикiзатты (пайдалы қазбаны) өндiруге және қайта өңдеуге тiкелей байланысты кiрiстерi мен шығындары қызметтiң өзге түрлерi бойынша кiрiстер мен шығындар ескерiлместен, бөлек салықтық есепке алудың деректерi негiзiнде есептеледi.»;
төртiншi бөлiк «бiр бөлiгiн),» деген сөздерден кейiн «пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкаларын белгiлеу тәртібін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 22-бапта:
5) тармақшасының екiншi абзацы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
бiрiншi абзацтағы «2015» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақта:
5) тармақшасының төртiншi - бесiншi абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлді