ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.04. № 388 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
(2013.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада және www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Электрондық тіркеу жағдайында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - электрондық тіркеу) мәмілелерді нотариаттық куәландырғаннан кейін автоматты түрде Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі - БНАЖ) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне түсетін құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1, 2, 4-тармақтарының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz) интернет-ресурсында «Ақпараттық материалдар» деген бөлімде;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) ресми ақпарат көздерінде және мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген орталықтар ғимараттарында, сондай-ақ уәкілетті органдардың ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша да алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі:
1) орталықта жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты не Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауапты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қағаз жеткізгіште) беру;
2) БНАЖ-да электрондық тіркеген жағдайда құқық белгілейтін құжатты және тіркеу туралы хабарламаны не уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауапты қамтитын хабарламаны жіберу;
3) порталдағы жеке кабинетіне және құқық иесінің электрондық мекенжайына (болған кезде) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы хабарламаны не тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауапты жіберу болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) жылжымайтын мүлікке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерін құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызмет уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру бесінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызмет уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап келесі жұмыс күні ұсынылады және дайын құжаттарды беру келесі жұмыс күні жүргізіледі (егер Орталықта өтініш сағат 18-ден кейін немесе сенбі күні қабылданса, онда уәкілетті орган үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күні басталады);
3) мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі (орындалған құжаттар мемлекеттік қызметті алушыға уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі);
4) егер кепіл «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын, «Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын» іске асыру шеңберінде Мурабаха, Иджара және Истисна шарттарын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялаған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайда, онда жылжымайтын мүлік кепілінің туындауын немесе өзгеруін тіркеу, сондай-ақ ипотекалық куәлікті беру қызметі уәкілетті органға өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру үшінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
5) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алушы үшін өтініш беру) - 20 минуттан аспайды;
6) жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 минуттан аспайды;
7) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
Электрондық тіркеу мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін немесе алым төлеуден босатылғанын растайтын растама ЖТ МДҚ ақпараттық жүйесіне түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметті ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептелетін салық салу объектісі тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Электрондық тіркеу қызметін алуға электрондық сұрау салу БНАЖ арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» веб-порталында: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Порталға алушының жеке кабинетіне мемлекеттік алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат қызметтер төлемі тарихында сақталады.
9. Жұмыс кестесі:
1) орталықтарда еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет физикалық мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұратын жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі.
Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
орталықта жеке тұлға үшін:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басып куәландыратын мәліметтер көрсетілген өкілдік етуге өкілеттіктерді куәландыратын құжат не мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
5) бюджетке тіркеу алымының сомасын төлегенін не алым төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардан басқа тіркеу объектісіне байланысты өзге де құжаттар ұсынылады.
Орталықта заңды тұлға үшін:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) мемлекеттік қызмет алушының өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттікті куәландыратын құжат;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
4) бюджетке тіркеу алымының сомасын төлегенін не алым төлеуден босатылғанын растайтын құжат;
5) құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін көшірмесі не анықтама;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жылжымайтын мүлік объектісін сатып алуға немесе иеліктен айыруға арналған жиналыстарының хаттамалары (олардың үзінділері);
7) шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмені немесе мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариаттық куәландырылған аудармасы берілген шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат.
Көрсетілген құжаттардан басқа тіркеу объектісіне қатысты өзге де құжаттар ұсынылады.
Егер тіркеу туралы өтініште сатып алатын немесе сатылатын активтердің жиынтық теңгерімдік құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететін жағдайда, онда мемлекеттік қызмет алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметті, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің 2) тармақшасында көрсетілген құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін аталған құжаттарды мемлекеттік қызметі алушыға қайтарады.
Электрондық тіркеу кезінде:
1) нотариустың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не анықтама;
4) заңды тұлғаның жарғысы (заңды тұлға үшін) - құжат электрондық нысанда электрондық сұрау салуға тіркеледі;
5) тіркеу объектісін растайтын нотариат куәландырған құқық белгілеуші құжаттар - құжат электрондық нысанда электрондық сұрау салуға тіркеледі;
6) жеңілдіктің жеке санатын және алым төлеуден босатылғанын (жеке тұратын зейнеткерлер санаты және кадрлар даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары үшін, мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде растайтын құжат - электрондық нысанда электрондық сұрау салуға тіркеледі);
7) мәмілеге қатысушылардың интернет желісіндегі электрондық мекенжайлар (болған кезде).
Бюджетке тіркеу алымының сомасын төлеуді мемлекеттік қызметті алушы порталдағы жеке кабинетінде БНАЖ берген сұрау салудың нөмірі туралы ақпараттың негізінде ЭҮТШ арқылы жүргізеді.
12. Мемлекеттік қызметті орталықта алу үшін бланкілер күту залындағы арнайы тағанда не орталықтың қызметкерлерінде, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz орналастырылады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға:
Орталықта мынадай:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Электрондық тіркеу кезінде мемлекеттік қызметті алушыға БНАЖ берген бірегей нөмір туралы ақпарат беріледі.
Бюджетке тіркеу алымының сомасын портал арқылы төлеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықта «терезелер» арқылы дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде тікелей беру немесе оның уәкілетті өкіліне тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған кезде беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік қызметті алушы қызметтің нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайларда, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға қайтарады.
Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық тіркеу кезінде уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін БНАЖ-ға, порталға алушының «жеке кабинетіне» және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) жібереді.
16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
3) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) егер қажетті құжаттардың болмауын тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмаса, мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы үшін;
5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда белгілі бір қарама-қайшылықтардың болуына байланысты мұндай органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпаратты талап ету үшін;
6) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде белгіленетін тіркеу объектісінің және өтініште көрсетілген тіркеу объектісінің сәйкессіздігі кезінде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей қабылдайды.
Тіркеуді тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган кейіннен мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін орталыққа тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарламаны жібереді.
БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде алымды ЭҮТШ арқылы төлеудің растамасы болмаған жағдайда электрондық сұрау салуды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ЖМ МДҚ-на автоматты түрде «Тоқтататыла тұрады» деген мәртебе беріледі.
Тіркеуді тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган БНАЖ-ға, алушының порталдағы жеке кабинетіне және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатыла тұру себептері мен мерзімдері көрсете отырып хабарлама жібереді.
Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
Уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден:
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген;
2) құжаттарда өшіріп жазу, қосып жазу, сызылған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулер болған;
3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тіркеуге ұсынылған;
4) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған;
5) заңды күшіне енген сот актісі болған;
6) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мен-жайлар жойылмаған;
7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде уәкілетті органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде кейіннен мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін уәкілетті орган орталыққа бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жазбаша жауапты және тіркеу үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын жібереді.
Тіркеу алымының төленгені туралы құжатты мемлекеттік қызметті алушы тіркеуге қайтадан құжат тапсырған кезде ұсына алады.
Тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші орган хабарламаны БНАЖ-ға, порталға алушының жеке кабинетіне және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) бас тарту себебін, күні мен құжаттың тіркеу нөмірін көрсете отырып, уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тіркеу мерзімінен кешіктірмей жіберуі тиіс.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган өз қызметін:
1) сыпайылық;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
4) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдарының жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын, Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00 дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-деп 14.30-ға дейін түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым орталық немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтік нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Мемлекеттік қызметті алушылар қажет болған жағдайларда уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін немесе орталық қызметкерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарды шағымға қоса береді.
25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралады. Шағымдардың қолма-қол және пошта арқылы қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілетін талон береді. Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй.
«Орталық» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37 | 8 (7162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 «а» | 8 (7132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қабылыс жырау көшесі, 69 «а» | 8 (7282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |