3. Тараптардың құқықтары
8. Жалға беруші:
1) берілген тұрғын үйде (пәтерде) тұрып жатқан Жалға алушыдан және оның отбасы мүшелерінен тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдалану ережесін, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережесін сақтауды талап етуге;
2) Жалға алушының немесе Жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесінің келісімі бойынша және қатысуымен берілген тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы үй-жайларының техникалық қондырғылары құрастырмаларының жай-күйіне тексеру жүргізуге;
3) осы Шартты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Шартта көзделген тәртіппен және негіздерде бұзуға;
4) егер Жалға алушы және онымен бірге тұратын адамдар тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) бүлдірген немесе мақсаты бойынша пайдаланбаған болса, ақы төлеуден қатарынан үш ай бойы жалтарса және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да жағдайларда, оларды басқа тұрғын үй-жай берместен, оның ішінде сот тәртібімен тұрғын үйден шығаруға;
5) Жалға алушыдан осы Шарттың 5-тармағына сәйкес айыппұл өндіріп алуға құқылы.
9. Жалға алушы:
1) өзі орналасатын тұрғын үйге мынадай отбасы мүшелерін қоныстандыруға:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________;
2) өзі және өзінің отбасы мүшелері алты айдан артық мерзімде болмаған кезде Жалға берушіні бұл туралы жазбаша хабардар еткен және осы кезеңде тұрғын үйді тікелей күтіп ұстауға байланысты тұрғын үйге қызмет көрсету, жөндеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төлемдер сомасын енгізген жағдайда тұрғын үйді пайдалану құқығын өзіне қалдыруға;
3) Жалға алушының Жалға алушысы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан, Шарттың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген отбасы мүшелері бұрынғы талаптар бойынша бүкіл тұрғын үйді пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және міндетті болады;
4) қажет болған жағдайда, Жалға берушіден тексеру актісін жасай отырып, берілген тұрғын үйдің (пәтердің), оның ішінде құрастырмалар мен техникалық құрылғылардың жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді талап етуге құқылы;
5) Шарт бойынша өзі қабылдаған міндеттемелерді орындайтын Жалға алушының жаңа мерзімге арналған жалдау шартын жасауға басым құқығы болады.
4. Тараптардың міндеттері
10. Жалға беруші:
1) Жалға алушыға белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жай-күйдегі тұрғын үй беруге;
2) жалға (жалға алуға) берілген тұрғын үйдің (пәтердің) техникалық құрылғыларын тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты пайдаланудың және күтіп ұстаудың белгіленген талаптары мен ережелеріне сәйкес күтіп ұстауды жүзеге асыруға;
3) осы елді мекеннің жағдайына қарай көрсетілетін тұрғын үй - коммуналдық қызметтердің толық жинағын ұсынуды қамтамасыз етуге;
4) Жалға алушының талабы бойынша оны тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және есептемелермен таныстыруға;
5) егер тұрғын үй тараптарға байланысы жоқ мән-жайлардың әсерінен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиіс болса, Жалға беруші үш ай мерзім ішінде Жалға алушымен өзге тұрғын үйді жалдау шартын жасасуға не Жалға алушының қалауы бойынша осы Шартты бұзуға;
6) авариялар болған жағдайда, оларды жою үшін дереу барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
11. Жалға алушы:
1) егер осы Жалдау шартының айрықша талаптарымен өзгеше ескертілмеген болса, жалға алынған үйді мақсатына сай пайдалануға;
2) тұрғын үйді техникалық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда күтіп ұстауға, өз есебінен ағымды жөндеу жүргізуге, жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін тұрғын үйдің терезелерін, балконы мен кіреберіс есіктерді жылылауды жүргізуге;
3) тұрғын үйді, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың белгіленген ережелерін, тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережелерін, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
4) жалға (жалға алуға) берілген тұрғын үйдің суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің, басқа элементтерінің анықталған ақаулары туралы Жалға берушіге уақтылы хабарлауға;
5) тұрғын үйді қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргізбеуге;
6) тұрып жатқан тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргізбеуге;
7) үй-жайларда заттарды үйіп тастамауға, жарылғыш, улы, өрт қауіпті заттар мен бұйымдар сақтамауға;
8) осы Шарт талаптарына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу), тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық және басқа да қызметтерді тұтынғаны үшін төлемдер жасауға;
9) күндізгі уақытта, ал авариялар кезінде түнгі уақытта да тұрғын үйдің элементтерін қарауды және жөндеуді жүргізу үшін Жалға берушінің жұмысшылары мен тұрғын үйге қызмет көрсететін және жөндейтін кәсіпорынның өкілдерін кіргізуге;
10) Жалға берушіге Жалға алушының немесе онымен бірге тұрып жатқан адамдардың кінәсінен болған тұрғын үйдің, жалпы пайдаланылатын орындардың, тұрғын үй мен оның жабдықтарының бүлінуіне байланысты залалдарды белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті;
11) Жалға алушының уақытша болмауы оны осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
5. Жалдау шартын жасасудың негіздері
12. __________________________________________________________ 20__ жылғы «___» _____________ № ___ шешімі осы жалдау шартын жасасудың негізі болып табылады.
6. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, зардаптары және тәртібі
13. Шарт мына жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады:
1) Жалдау шартының Тараптар белгілеген мерзімі біткенде;
2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және талаптарда Жалдау шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі;
3) Жалға алушының және оның отбасы мүшелерінің басқа жерге тұрғылықты мекенге кетуі.
14. Егер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Жалдау шарты тоқтатылған не бұзылған жағдайда Жалға алушы өзімен бірге тұратын барлық адамдармен бірге басқа тұрғын үй-жай берілместен, шығарылуға тиіс.
15. Жалға алушының жеке қаражатына жүргізілген үй-жай құрастырмаларына зиян келтірмей бөліп алынбайтын тұрғын үйді жақсарту Жалға берушіге тұрғын үймен бірге тапсырылады және Жалға берушінің тарапынан өтеуге жатпайды.
16. Жалдау шартын тоқтату, бұзу кезінде екі тарап өкілдерінің қатысуымен тұрғын үйді Жалға алушыдан Жалға берушіге тапсыру актісі жасалады.
17. Жалдау шарты кез келген тараптың бастамасы бойынша кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, кез келген уақытта бұзылуы, тоқтатылуы мүмкін.
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабының негіздері бойынша бұзылған Жалдау шартын қалпына келтіру жүргізілмейді.
7. Тұрғын үйді қабылдау-беру мерзімі және тәртібі
19. Жалға беруші құзыретті органның шешіміне қол қойылғаннан және осы Жалдау шарты жасалғаннан кейін бес күн ішінде Жалға алушыға тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) қабылдау-беру актісі бойынша тапсырады.
20. Жалға алушы тұрғын үйді Жалдау шартын тоқтату, бұзу мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күн ішінде Жалға берушіге тұрғын үйді тапсыру актісі бойынша тапсырады.
21. Тұрғын үйді қабылдау-беру актісі және тұрғын үйді тапсыру актісі екі Тараптың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жасалады, Жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады және тұрғын үйдің акт жасау кезіндегі санитарлық, техникалық жай-күйі мен басқа сипаттамалары тіркеледі.
8. Тараптардың жауапкершілігі
22. Жалға беруші Жалға алушыға осы Жалдау шартында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді.
23. Жалға алушының кінәсінен тұрғын үйдің кездейсоқ қирау тәуекелі Жалға алушыға жүктеледі.
9. Жалпы талаптар
24. Тараптардың арасындағы осы Жалдау шартын орындау кезінде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
25. Осы Жалдау шарты бірдей күші бар екі данада жасалды және Жалға беруші мен Жалға алушыда сақталады.
26. Мыналар Жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады:
берілетін тұрғын үйді Жалға алушының қабылдау-беру актісі;
тұрғын үйді Жалға берушіге тапсыру актісі.
27. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жазылса және оларға екі тарап та қол қойса, олар жарамды болады.
10. Жалдау шартының айрықша талаптары
28. Жалға беруші Жалға алушының келісімімен Жалдау шартының мынадай айрықша талаптарын атап көрсетеді: ______________________
____________________________________________________________________
11. Шарттың қолданылу мерзімдері
29. Осы Шарт 20__ жылғы «___» ______ дейінгі мерзімге жасалған.
Жалға беруші ________________
Жалға алушы __________________
М.О.
Шарттың талаптарымен таныстырылды:
Жалға алушының отбасы мүшелері:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________