Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 100-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесі;
2) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шарты;
3) Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы;
4) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Астана қаласының әкімі Іс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тұрғын үйлер пайдалануға берілген күнінен бастап үш күн ішінде Комиссияға осы тұрғын үй туралы (пәтерлердің, бөлмелердің санын, жалпы алаңын, қабаттылығын және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып) ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат):
тақырыбындағы «Мемлекеттік» деген сөз «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Қоса беріліп отырған» деген сөздерден кейін «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы және кіріспедегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы «, не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры)» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «немесе мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы «не мемлекеттік кәсіпорын басшысының» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы «не жұмыс орны бойынша мемлекеттік кәсіпорында» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацтағы «не мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігіне» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы «мен мемлекеттік кәсіпорындар әкімшіліктері» деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органынан (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқында өздеріне тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтама;»;
8-тармақтағы «мен мемлекеттік кәсіпорындар» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта:
«не мемлекеттік кәсіпорындар әкімшіліктерінің» деген сөздер алынып тасталсын;
«тұрғын үй комиссияларының шешімдері» деген сөздер «тұрғын үй комиссиясының шешімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
10-тармақтағы «, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтың бірінші абзацындағы үшінші сөйлем алынып тасталсын;
19-тармақтағы «Қызметтер жергілікті атқарушы органдардың, не мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындар әкімшіліктерінің (одан әрі тұрғын үйлерді пайдалану қызметтері)» деген сөздер «Жергілікті атқарушы органдардың атынан мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерімен айналысатын қызметтер (бұдан әрі - тұрғын үйді пайдалану қызметтері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 2 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 3-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«, ұйымның» деген сөз алынып тасталсын;
«Ұйым басшысы _______________
м.о. « деген сөздер алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру» деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«пайдалануға берілетін тұрғын үйдің үштен бір бөлігі (барлығы 2000 пәтер) кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу және оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде елордаға қоныс аударғандарға беру үшін «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - «Жылжымайтын мүлік» МКК) берілетін болады.
Іс-шаралар жоспардың шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйлерді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсынысты әзірлеу мақсатында тиісті Комиссия құрылады.
Комиссия осы Жоспарға және Комиссия туралы ережеге сәйкес Астана қаласының әкімдігі ұсынған пайдалануға берілген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) туралы материалдарды зерделеуді сол жерге барып жүзеге асырады, кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде елордаға қоныс аударғандар арасында бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасайды.
Орталық мемлекеттік органдар бойынша пәтерлер санының квотасын Премьер-Министрмен келісім бойынша Комиссия айқындайды.
Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтерлердің жалпы санына пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды.
«Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-ға берілетін тұрғын үй қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерге басым тәртіппен беріледі, олардың құқықтық режимі қызметтік тұрғын үйге теңестірілуі мүмкін, бұл ретте, орталық мемлекеттік органдардың басқа мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй тұрғын үйді жалдау шартымен берілетін болады.
Елорданы көшіруге байланысты Астана қаласына қоныс аударған және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген (бөлме санына қажеттілікті көрсете отырып) мемлекеттік қызметшілердің тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайды және тиісті шешім қабылдау үшін Комиссияның қарауына енгізеді.
Қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер берілген пәтерден бас тартқан жағдайда орталық мемлекеттік орган оны қайта бөлуі мүмкін.
Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) мемлекеттік қызметшілердің тізімі жыл сайын орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиялары отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-ға тапсырылады.
Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте, жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда, орталық мемлекеттік орган ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Пәтер мемлекеттік қызметшінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда орталық мемлекеттік орган оны тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің арасында қайта бөлуі мүмкін.».
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбаcары Ө.Е. Шекеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1482 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан
тұрғын үй беру ережесі
1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Ереже мемлекетке меншік құқығында тиесілі және мемлекеттік кәсіпорынның қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлерге қолданылады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа адамдарға беріледі.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншікке сатып алу (жекешелендіру) не оны ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне мемлекеттік
кәсіпорынның тұрғын үй қорынан, оның ішінде жалдау шарттарында тұрғын үй беру
5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне беріледі.
6. Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігіне:
мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
өтініш берушінің (жұбайының/жарының) сол елді мекендегі жұмыс орнынан анықтаманы;
некеге тұру туралы (некені бұзу, жұбайының/жарының қайтыс болуы туралы куәліктің) және балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын;
еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;
азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтаманы тапсырады.
Қажет болған жағдайда өтініш беруші мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында ауыр сырқат түрімен ауыратын адамның болуы туралы анықтамасын тапсырады, бұл қосымша тұрғын бөлмеге құқық береді.
7. Мемлекеттік кәсіпорындар жанынан мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің өтініштерін қарайтын тұрғын үй комиссиялары құрылады.
8. Мемлекеттік, оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үйді беру мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің шешімімен ресімделеді.
Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің мемлекеттік тұрғын үй беру туралы шешімі 3 данада жасалады, олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және мемлекеттік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
3. Басқа адамдарға мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан,
оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үй беру
9. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй басқа адамдарға, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге берілуі мүмкін.
10. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тұрғын үй қорынан орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - ОМО) мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй беру үшін орталық мемлекеттік органдардың арасында тұрғын үйді бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Комиссия құрылады.
Тұрғын үй беруге ұсынылған, оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үй берілетін ОМО мемлекеттік қызметшілерінің тізімін орталық мемлекеттік органдардың жанынан құрылған тұрғын үй комиссиялары жыл сайын бекітеді.
Көрсетілген тізім осы Ереженің 6-тармағында санамаланған құжаттармен қоса мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің атына жіберіледі.
Мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссияларының ұсынымдары негізінде тұрғын үй беру туралы, оның ішінде жалдау шарттарымен шарттар жасасады.
Жалдау (жалға алу) шарты бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте, жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда, ол орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы ұсынатын тізімге сәйкес келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
11. Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің ОМО-ның мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тұрғын үй беру туралы шешімі 4 данада жасалады, олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға, үшіншісі орталық мемлекеттік органдарға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, төртіншісі өтініш берушіге беріледі және мемлекеттік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
12. Пәтер ОМО мемлекеттік қызметшісінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда, орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы оны ОМО-ның тұрғын үйге мұқтаж өзге мемлекеттік қызметшілерінің арасында қайта бөлуі мүмкін.
13. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж басқа азаматтарға тұрғын үй беру үшін мемлекеттік кәсіпорындардың жанынан тұрғын үй комиссиялары құрылады, олардың шешімдері бойынша мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі жалдау (жалға алу) шартын жасау арқылы тұрғын үй, оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үй береді.
14. Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің мемлекеттік тұрғын үй беру туралы шешімі 3 данада жасалады, олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және мемлекеттік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1482 қаулысымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді
іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын Іс-шаралар жоспарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) Іс-шаралар жоспары шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйді іріктеу;
2) кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде астанаға қоныс аударғандарға беру үшін орталық мемлекеттік органдардың арасында осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұрғын үйді бөлу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттерін жүзеге асыру үшін:
орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігінен және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
Астана қаласының әкімдігі ұсынған материалдарды сол жерге барып зерделеуге, кейіннен мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде астанаға қоныс аударғандарға бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасауға;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар тартуға;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия отырыстарында орталық мемлекеттік органдардың, Астана қаласы әкімдігінің және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтердің жалпы санының пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды.
Бөлінген пәтерден бас тартуды мемлекеттік орган Комиссия төрағасының атына жазбаша нысанда ресімдейді. Жазбаша бас тарту алынған жағдайда аталған пәтер басқа мемлекеттік органға ұсынылады.
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның жұмыс органы Астана қаласының әкімдігі болып табылады, ол Комиссияның отырысына дейін бес күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті материалдарды ұсынады.
10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет оның мүшелерінің үштен екісі болған кезде өткізіледі.
11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелері санының көпшілік даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
12. Комиссия отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалып, оған оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қояды.
6. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1482 қаулысымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді
іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның құрамы
Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Ыбыраева Амангүл Құмарбекқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы |
Қуанғанов Фархат Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы |
Шәженова Дина Мэлсқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Зейнелғабдин Алтай Болтайханұлы | - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
Көмекбаев Әли Амантайұлы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Тихонюк Николай Петрович | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Пепенин Анатолий Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі |
Хорошун Сергей Михайлович | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Испанов Ілияс Сапарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Экономика және қаржы департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Тұяқпаев Бейбітжан Шипатайұлы | - «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1482 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын
үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шарты
____________ қаласы | 20__ жылғы «__» ____________ |
Жалға беруші ______________________ атынан Жарғының (тіркеу нөмірі _______ ) негізінде әрекет ететін ______________ және бұдан әрі Жалға алушы деп аталатын, ҚР ІІМ/Әділетмині ___ ж. ____ берген жеке куәлігінің № ________ азамат(ша) ________________________ мына төмендегілер туралы осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
Жалдау шартының мәні
1. Жалға беруші Жалға алушыға және оның отбасы мүшелеріне пайдалы алаңы _____ шаршы метр, мынадай мекен-жайдағы: __________ көшесі, ___ үй, ______ пәтер, тұрғын үйді жалға (жалға алуға) (уақытша пайдалануға және ақылы пайдалануға) береді, оның сипаттамасы тұрғын үйді қабылдау-беру актісінде келтірілген.
2. Мемлекеттік тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) жалдау (жалға алу), оны күтіп ұстау, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін белгіленген тарифтер, сондай-ақ Жалға алушы енгізетін басқа да ай сайынғы төлемдердің мөлшері Жалға беруші ұсынатын төлем құжаттарында жазылуға тиіс.
2. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
3. Тұрғын үйге (бөлмеге, пәтерге) ақы төлеу айына__ теңгені, оның ішінде тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем__ теңгені құрайды.
4. Шарт бойынша бүкіл есеп айырысулар мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Жалға алушы шарт жасасқан сәттен бастап тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды;
2) одан кейінгі төлемді Жалға алушы есептесу кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
5. Жалға алушы тұрғын үйді, инженерлік желілерді және ортақ пайдаланылатын орындарды тұрғын үй, үй-жай элементтерінің техникалық сипаттамасының нашарлауына, ақауына, бүлінуіне, қирауына алып келетіндей күтіп ұстамаған кезде Жалға беруші келтірілген зиян мөлшерінде айыппұл есептейді, ал Жалға алушы төлейді. Өсімпұл, айыппұл есептеу Тараптарды өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындаудан және бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
6. Шарт бойынша бір айдан артық ақы (белгісіз себептермен) төленбеген жағдайда Жалға беруші сотта істі қарауға байланысты барлық шығындардың орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп талап ету туралы сотқа жүгінуге құқылы.
7. Пайдалануға арналған шығасылар, шығыстар, тарифтер, салықтық төлемдер және басқа да аударымдар ұлғайған кезде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) ақысын өзгерту құқығын Жалға беруші өзіне қалдырады.