3. Жоғары сапа өнімі.
Дайын өнімнің сапасы орта және жоғары деңгей арасында болжанады. Мысалы, джинсалар үшін бұйымдарда негізгі күш қазіргі заман стиліне жұмсалатын болады, мата салмағы жағынан жеңіл және өзінің құрамында лайкра болуы тиіс. Төсек жабдығын өндіруде компаниялар орта деңгейдегі өнім өндіруге бәсекелес болады. Мақсаты төмен шығын деңгейі мен іске асыру бағасы бар жаппай өндіріс тауарлары емес, жоғары деңгейдегі өнім болып табылады.
4. Тігінен ықпалдасқан кәсіпорындар.
Тамаша нұсқасында, кәсіпорындар тігінен ықпалдасатын болады, осылайша, тігу бұйымдарын өндіруге дайын өңделген мата өндіруге дейінгі барлық процестерді қамтиды. Тиісінше көптеген тоқыма кәсіпорындардың мынадай бір өндіріс құрылымы болады: тоқу, тігу, бояу/баспа сурет салу/ өңдеу - мысалы, төсек жабдығы, сүлгі, арнайы киім, вельвет және т.б.; иіру, тоқу, бояу/өңдеу - мысалы, ішкі киім, футболкалар; иіру, иірімжіпті бояу, тігу, өңдеу - мысалы, джинса немесе сәнді жейде маталары.
Түсіндіру кезінде басқа құрылым түрлерінің мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Мысалы, матадан жасалмаған материалдар өндірісін пайдаланып, фетр өндіруге мақта қалдықтарын қайта өңдейтін компания да сәйкес келетін кәсіпорын есебінде қарастырылатын болады.
Бояу және өңдеу сервистік немесе комиссиялық негізде құрыла алады және ұқсас кәсіпорындар «Оңтүстік» АЭА аумағында басқа тоқыма кәсіпорындарына қызметтерін ұсынады. Мұндай жағдайда, кәсіпорын тек бояумен/өңдеумен айналысатын болады.
Сондай-ақ, «Оңтүстік» АЭА-дан тысқары кәсіпорындар «Оңтүстік» АЭА-дан тысқары жасалған меншікті маталарын өңдеу үшін «Оңтүстік» АЭА аумағында бояу және өңдеу жөнінде фабрикасын іске қоса алады.
Сондай-ақ, медициналық дәке, мақта және тағы да басқа өндіру жөнінде фабрика құру мүмкіндігі де бар, өйткені олар жергілікті мақта пайдаланатын және дайын бұйымдар өндіретін болады.
5. Қазіргі заман жабдықтары мен технологиялары.
«Оңтүстік» АЭА аумағында құрылған кәсіпорындар ең жақсы технологияларды және қазіргі заман жабдықтарын қолданатын болады. Бұл зертханалар, жабдықтар, компьютерлік технологиялар мен компьютерлік желілер көмегімен дизайн жасаудың технологиялық аспектілеріне де жатады. Алайда, жұмыс күшінің жоғары құнының себебі бойынша ұқсас технология қолданылатын көптеген Еуропа тоқыма кәсіпорындарында кездесетін тек қана автоматтандырылған жабдықтар мен роботтар желілерін пайдалану болжалмайды.
Шындығында, инвесторлар жаңа жабдықтарды әлемдік нарықта танымал жеткізушілерден сатып алуы тиіс. Алайда, бұрын пайдаланылған жабдықтар да, егер қазіргі заманға сай және орнату сәтінде өндіруші кепілдік берген пайдалы қолданудың күтілетін мерзімі кемінде 10 жыл болса, «Оңтүстік» АЭА аумағына орнату үшін қарастырылуы мүмкін. Осы жабдықтар үшін техникалық қызмет көрсету құралдарына қол жеткізу өте маңызды.
6. Күшті маркетингтік жоспар.
Кәсіпорындардың нақты маркетингтік стратегиясы болуы тиіс: өніммен әрбір нарыққа кіру негіздемесін қоса алғанда елдер бөлінісінде сату ұйғарылатын дайын өнімді жеткізу жоспарланатын елдер анықталды. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді табысы көбіне жақсы және тұрақты тапсырыс берушілерді тарту және оларға өнімдерді ұстап тұру, сапа, баға мен жеткізу өлшемдері бойынша жоғары деңгейде жеткізу мүмкіндігіне байланысты. Бастапқы компаниялардың нысаналы нарықтары уақыт өте өзгеретін болады деп ұйғарылады. Уақыт өткеннен кейін инвесторларды халықаралық деңгейде тоқыма мен дайын киімде жеткізушілер танитын болады, осы нарықта белгілі және белсенді болады.
7. Өнімдерді дайындау.
Дайын өнімді тігу тігінен біріктірілген кәсіпорындар үшін опционды болуы тиіс. Алайда, тоқу жөніндегі компаниялар (тоқыма) әдетте мақтадан тоқылған ішкі киім, футболкалар мен ұқсас өнімдерді тігу жөніндегі кәсіпорындармен тікелей байланыста болады.
Тігу кәсіпорындары тұтынатын маталардың кемінде 40 %-ы «Оңтүстік» АЭА аумағында өндірілуі тиіс деген шартпен «Оңтүстік» АЭА енгізуге жатады. Дайын бұйымдарды өндіру үшін қажетті өнімнің жетіспеушілігі және «Оңтүстік» АЭА аумағында өндірісі жоқ жағдайында «Оңтүстік» АЭА аумағында өндірілмеген маталарды тұтыну мүмкіндігі шектелмейді.
8. Техникалық ноу-хау мен адамдардың салымы.
Қазақстан тоқыма өнеркәсібі даму сатысында екендігін ескере отырып, Италия, Германия, Түркия сияқты жоғары деңгейде техникалық жағынан дамыған елдерден техникалық ноу-хаудың елеулі салымы болады деп ұйғарылады. Осы елдерден және басқа елдерден инженер мамандардың келуі үш жыл және одан көп кезеңде созылады және осы кезең ішінде олар фабрикаларды жабдықтап және бір уақытта жергілікті техникалық мамандарды оқытатын болады. Біраз уақыт өткеннен кейін жергілікті халық білікті болады және одан әрі қарай адамдар тоқыма технологиялары саласында, станоктарда жұмыс істеуде және өнімнің сапасын бағалауда сарапшылар болады.
Инвестор жақсы техникалық менеджментті жүргізуді, экстенсивті тренингтер жүргізуді және ұзақ мерзімді перспективада компаниялар еңбегінің табысты дамуын және қызметін қамтамасыз ету үшін техникалық ноу-хау беруді қамтамасыз етуі тиіс:
1. Сатуға өндірілген иірімжіп.
Иірудің негізгі мақсаты тоқыма талаптарын қанағаттандыру үшін жіптердің сапасы мен нөмірлерінің дұрыс сәйкес келуін өндіру болып табылады. Иіру технологиялары сақиналы, пневмомеханикалық және вотекс әдісімен иіру болуы тиіс.
Жіптер нөмірлері № 6 мен № 30 ара қашықтығында болуы мүмкін. Алайда барлық өндірілетін иірімжіп тоқыма өндірісінде пайдалануы міндетті емес. Көптеген иіру фабрикалары сатуға да, ішкі тұтынуға да иірімжіп өндіреді.
2. Сервистік кәсіпорындар.
Қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беру арқылы «Оңтүстік» АЭА енгізілуі мүмкін түрлі сервистік компаниялар мен агенттіктер бар:
бояғыштарды жеткізу және қоймада сақтау;
жабдықтарға қосалқы бөлшектерді жеткізу және жабдықтарға сервистік қызмет көрсету;
жіптерді, түймелерді, сырмалар мен басқа қосымша бөлшектерді өндірушілер;
моторлар мен тұтқаларға сервистік қызмет көрсету;
компьютерлендірілген дизайн жөніндегі қызметтер;
баспа суреттерді салу жөніндегі қызметтер;
иіру мен тоқымада тез тозатын бөлшектерді жөндеу жөніндегі қызметтер;
электр энергиясын жеткізетін, су тазартумен айналысатын және т.с.с. компаниялар;
тоқыма мен киім өндіруге тікелей қатысы жоқ «Оңтүстік» АЭА қажет басқа да қызметтер:
мейрамханалар мен тамақ ішетін орындар;
банктік ЕКБ;
көлік қызметтері (автобустар, таксилер);
медициналық орталық және алғашқы көмек орталығы;
тасымалдау қызметтері.
Компаниялар бар көлік жарақтарын пайдалана отырып, шикізат пен дайын өнімді жеткізуді ұйымдастырады деп ұйғарылады. «Оңтүстік» АЭА жеке тасымалдау жүйесі бар кәсіпорындарды қоспайды.
«Оңтүстік» АЭА аумағында көлік агенттіктері болмайды.
«Оңтүстік» АЭА көлік компанияларын алып тастау себебі, қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беру арқылы барлық көлік компанияларына адал бәсекелестік шарттарын сақтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарды іріктеу үшін де, саудада шектеулердің орындалуын одан әрі бақылау үшін де өлшемдер осы құжатта белгіленген және «Оңтүстік» АЭА құқықтық құрылымының бір бөлігі болып табылады. «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» мемлекеттік мекемесі кезеңдерде кәсіпорындарды инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерінің негізгі талаптарынан ауытқуы жөнінде шешімдер қабылдайтын болады. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген ережелерде белгіленген пайыздық қатынастарды шешетін болады және өндіріс пен сауда жөніндегі деректерді пайдалана отырып кәсіпорындар қызметінің жыл сайынғы мониторингін жүзеге асыратын болады.
5.2.2. «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар салу
«Оңтүстік» АЭА аумағында өндірістер салу және бизнесті кеңейту кәсіпорындардың белгілі бір экономикалық мақсаттарға қол жеткізуіне байланысты себептермен шарттасқан. «Оңтүстік» АЭА тоқыма бағыттылығының негізгі себептері мыналар болады:
жергілікті шикізатқа қол жеткізу;
өндірістік шығындардың төменгі деңгейі;
қол жетімді логистика;
жергілікті және өңірлік сату нарықтарына қол жеткізу;
жеңілдікті сауда келісімдері;
инвестициялық жеңілдіктер;
сату нарықтарына жақындау;
білікті мамандардың болуы;
тәуекелдерді әртараптандыру.
Бағдарламаға сәйкес «Оңтүстік» АЭА аумағында қызметтің рұқсат етілген негізгі түрлері мыналар болып табылады:
джинсы өнімдерін өндіру: қалың мақта-мата маталарын және джинс өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: иіру (сақиналы және пневмомеханикалық) ағарту, бояу, тігін өндірісі операцияларын қоса алғанда маталарды өңдеу;
түкті өнімдер өндіру: орамалдар, жуыну халаттары мен басқа талшықты өнімдер өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: иіру (сақиналы және пневмомеханикалық), жіпті бояу мен ширату, иірімжіпті тізіпорау мен шлихталау, бояуды, тігу өндірісін қоса алғанда матаны өңдеу;
трикотаж өнімдерін шығару: трикотаж матаны өндіру және ішкі киім, футболкалар, пижама, спорт костюмдері, майкалар және т.б. трикотаж өнімдерін тігу. Өндіріс процестері мыналарды көздейді: сақиналы иіру, тоқу, бояу, тігу өндірісі;
арнайы киімдер мен маталарды өндіру: арнайы киімдерге арналған маталар мен өнімдер - курткалар, шалбарлар, кепкалар, шапкалар, комбинезондар және өзгелер. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: сақиналы иіру, тоқыма, бояу, баспа сурет салу, өңдеу, тігу өндірісі;
төсек жабдықтарын өндіру: төсек маталарын және дайын төсек жабдықтарын, жастықтыстар және үй тоқымасының басқа өнімдерін өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: сақиналы иіру, жіпті бояу мен ширату, иірімжіпті тізіпорау мен шлихталау, бояуды, тігу өндірісін қоса алғанда матаны өңдеу;
медициналық және басқа да өнімдерді өндіру, қалдықтарды қайта өңдеу, негізінен қалдықтардан өңделген материалдарды пайдалана отырып, мақта, тампондар, мақта талшықтары және басқа медициналық өнімдерді өндіру;
тоқылмайтын материалдар мен жоғары сапалы қағаз. Тоқылмайтын материалдардың матаға ұқсас (сырмалы, инемен тесуге болатын, желімделген, құрамдастырылған) және мақтаға ұқсас (сырмалы, инемен тесуге болатын, желімделген), сонымен қатар тұрмыстық және техникалық мақсаттардағы түрлері болады. Өндірістік процестер шикізатты дайындау, кенеп матаның пішінін келтіру және оның құрамдас бөлігі болып табылатын талшықтарды кейіннен жапсыру, арнайы құрамдас заттарды сіңірту, бояу және т.б. қарастырады;
жібек мата мен одан жасалған бұйымдар: ішкі киімдер, көйлек және жейделер; майкалар мен күпәйке (сырып тігілген қысқа сыртқы киім), ішкиімдер, түнгі көйлектер, пижама, халаттар және соған ұқсас бұйымдар, блузкалар, ер кісі көйлектері және қайырма жағалы, белі бүрмелі көйлектер. Тоқыма бұйымдар мен киімдердегі жібек үлгісінің мөрін басуға болады. Жібек маталарды табиғи және химиялық жіптерден (жасанды және синтетикалық) тоқиды;
кілемдер, кілем бұйымдары мен түс кілемдер: кілем, алаша және еденге төсегіш төсеніштерді қамтитын тоқыма өнімдерін шығару, киізден басылған өнімдерді жасау. Өнеркәсіптегі ең негізгі тәсілдер инемен тесіп тігу, тафтинг және кілем тәсілдері болып табылады;
мақта целлюлозасы мен одан жасалған бұйымдар: ағаш талшығы немесе басқа талшықты материалдардан целлюлоза өндіру, ерігіш сүрек сұрыптарынан целлюлоза өндіру, ерігіш сұрыптарынан басқа сүрек талшығының натронды және сульфатты целлюлозасы, сүрек талшықты, сульфитті целлюлоза (ерігіш сұрыптарынан басқа), қағаз бен қалың қатырма қағаз өндіру. Өндірістік процестер сүрек талшығынан целлюлоза дайындау (сульфит тәсілі, сульфат тәсілі); целлюлозаны ағарту; хлорлау; сілтілендіру; шүберектің жартылай талшығын, сүрек массасын, қағаз массасын дайындау; целлюлозаны жұмсарту; қағаз бояйтын машиналарда бояу;
былғарыдан жасалған бұйымдар: былғарыдан киімдер тігу, сыртқы киімдерді тігу, тері және оған қатысты өнімдерді дайындау. Өндірістік процестер былғары шикізатын өңдеуді, сіңдіруді, былғарыны жұмсартуды және илеуді қарастырады.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының алаңында 15 кәсіпорын: тоқыма кешені, талшықты маталар, жейде маталарын, костюм маталарын, джинсы маталарын, техникалық маталар, тігін жіптері мен басқаларды өндіру жөніндегі фабрикалар салу жоспарланады.
Өндіріс технологиясын ескере отырып, кәсіпорындарды орналастыру ғимараттар, құрылыстар, жолдар, желілер астында сенімді топырақ негіздер құрылғысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдана отырып, дербес террасаларда жүзеге асырылатын болады.
Табиғи жағдайларға байланысты, рельеф алаңдары, топырақтардың орнығуы, сондай-ақ кіреберіс теміржол жолдарын орнату, көлік түйісулері, инженерлік желілерді төсеу (су құбыры, кәріз және т.б.) жеңіл өнеркәсіптің, басқару қызметтерінің, кеден және т.б. ұтымды саны көзделді.
«Оңтүстік» АЭА бірлескен сервистік-технологиялық орталығын құру.
5.2.3. «Оңтүстік» АЭА бірлескен сервистік-технологиялық орталығын құру
Кешенді қызмет көрсету технологиялық орталығын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қызмет көрсету инфрақұрылымын төменде көрсетілгендерді жүзеге асыра отырып, жақсартуға мүмкіндік береді: қазіргі заманғы тігінен ықпалдастырылған құрал-жабдықтармен жарақталған сертификациялық талдамалық зертхана орталығы; орта буындағы мамандарды даярлау мен қайта даярлауға арналған тоқыма жабдықтарының қазіргі заманғы үлгілерімен жабдықталған оқу-ағарту орталығы; арнайы экономикалық аймақ кәсіпорындарының тоқыма өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған тоқыма саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының мүмкіндіктерін құру.
5.3. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндірістерді кеңейту және одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарыққа шығуы
Кәсіпорындар үшінші кезеңде өздерінің жоспарланған өндірістік қуаттылығына шығатын болады, бұған қазіргі заманғы технологияларды қолдану, шикізатқа еркін қол жеткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен көзделген жеңілдікті қолдану ықпал ететін болады.
Қазақстандық әріптестермен бірге бірлескен кәсіпорын құру жоспарлануда. «Оңтүстік» АЭА аумағында кейбір кәсіпорындар ішінара немесе толығымен Қазақстанның резиденттеріне тиесілі болады. Жеке меншіктің нақты құрылымы жоғарыда көрсетілгенмен шектелмейді және инвесторлардың жеке артықшылық беруіне тәуелді болады.
5.3.1. «Оңтүстік» АЭА аумағында шығарылған тоқыма тауарларды әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға жәрдемдесу
Қазақстан тоқыма және дайын өнімдерді өндірушілер үшін дәстүрлі сату нарықтары Ресей және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да елдері болды.
Құрылған кәсіпорындар иірім жіптер мен маталарды жеткізуді жүзеге асыра отырып, өнімдерінің негізгі бөлігін Ресейге, Еуропа және Түркияға өткізетін болады.
Жекелеген тігін өндірістері өз өнімдерін Ресей, ТМД-нің басқа елдеріне және Еуропа нарықтарына жеткізетін болады.
Батыс Еуропа елдерінде мақта-мата өнімін өндіру оның импортымен алмастыру үрдісі байқалып отыр, ол иіру фабрикаларының мақта талшығын тұтыну көлемінің азаюына әсерін тигізеді. Тұтынудың негізгі азаюы Италияда, Португалияда және Германияда болды. Батыс Еуропада мақта талшығын өнеркәсіптік тұтынудың көлемі дайын өнім импорты пайдасына қарай азаятын болады деп болжамдалады.
«Оңтүстік» АЭА-да кәсіпорындар салу үшін инвесторлар жеке маркетингтік көзқарастарын алып келеді деп күтілуде, бұл оларға дайын өнімді елеулі сату нарықтарында, негізінен Еуропада сатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан резиденттерінің жеке меншігі болып табылатын компаниялар Еуропада биік емес айналым деңгейі бар ресей нарығында сатуды жүзеге асыруға икемделетін болады.
АҚШ нарығына сатулар кішігірім деңгейде болады. Себебі контейнерлерді халықаралық порттарға дейін тасымалдауға қажет қосымша шығындар мен мерзімдерге негізделген.
Қытай, Үндістан, Пәкістан «Оңтүстік» АЭА аумағында өндірілген өнімді сатудың әлеуетті нарықтары бола алмайды. Ұзақ мерзімді перспективада дайын киім өнімдерінің жекелеген түрлері нарықтың жақындығына байланысты Қытайға жеткізілетін болады. Алайда, қытай нарығында бағаның төменгі деңгейі осы өңірді жақын жылдарда сату нарығы ретінде жоққа шығарады.
Қытай, Үндістан, Пәкістан «Оңтүстік» АЭА кәсіпорындары сияқты нарық сегментінде ірі өндірушілер болып табылады. Тиісінше, бір сегментте бәсекелесетін елдер арасында сауда жүзеге асырылады деген шындыққа онша жанасымсыз.
Дайын киім немесе үйге арналған өнім үшін жеке сауда дүкендер желісі немесе кез келген басқа ірі көтерме сатушы үлгілік клиент болып табылады. Арнайы киім жағдайында мемлекеттік мекемелер, әуе желілері, әскери қызмет және т.с.с. клиент бола алады.
Мақта немесе иірімжіпті сатып алушыларға тоқыма өнеркәсібі немесе киім тігу жөніндегі компания болады. Бұл жағдайда, «Оңтүстік» АЭА компаниялары сатуды тікелей тоқыма компанияларына жүзеге асыратын болады.
5.3.2. «Оңтүстік» АЭА аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру
Саланы бастапқы дамыту сатысында тарифтік және тарифтік емес шектеулер жолымен жеңіл өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлері бойынша ішкі тауар нарығының ашықтығы деңгейін реттеуді жүзеге асыру қажет. Бұл шаралар өндіріс қуатын өсіру сатысында ішкі нарыққа сату жөніндегі тоқыма өнімінің өндірушілеріне қосымша басымдық беретін болады.
«Оңтүстік» АЭА-да тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған мынадай сипаттағы іс-әрекеттер жоспарланады:
инвесторлардың өз жобаларын іске асыру кезінде инвесторларды бағыттау және оларға жәрдем көрсету үшін «Оңтүстік» АЭА-да инвесторлар үшін ақпараттық қызмет орнату. Осы қызмет мыналардан тұрады:
инвестициялық жобалармен тікелей байланысты ережелермен және заңдармен байланысты барлық мәселелер мен сәттерді жою жөніндегі заң көмегі;
лицензиялар, рұқсаттар, кеден рәсімдерін ұйымдастыруда әкімшілік қолдау;
көмекші қызметтер ұсынатын компаниялар қарым-қатынасы парағымен бірге тоқыма маркетингі, көлік, логистика жөніндегі ақпаратпен бірге тоқыма мен киімнің техникалық деректерінің ақпараттық қызметі;
экспортқа көмек қызметін құру. Бұл сараптамалық қызмет экспортты жеңілдету үшін интернет желісінде ұсынылатын қызмет болуы тиіс және мынадай қызметтерді қамтиды: тоқыма өнімдерін импортқа шығару сұранысы туралы ақпарат, тоқыма өнімдеріне салықтар, әртүрлі елдердегі тауар айналымы жөніндегі мәлімет, импорттаушылар және экспорттаушылармен байланыс орнату мүмкіндігін ұсыну;
«Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан тауарларды, сауда-саттық және компанияларды жылжыту үшін интернетте Оңтүстік веб-сайтын орнатудан және қолдауды қаржыландыру.
Консультациялық қызметтер түрінде «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындарға қолдау ұйымдастырылатын болады, бұл тоқыма кластерін құруға көмек беріп қана қоймай, сондай-ақ «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ-ін «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындардың қызметін одан әрі дамыту үшін барлық шығыс деректерімен қамтамасыз етеді.
5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру
Орта буын білікті кадрлары мен менеджерлеріне белгілі бір жетіспеушілік бар. Осы проблемаларды шешу үшін тоқыма өнеркәсібіне арналған шоғырланған сервистік-технологиялық орталықты қолдау және қаржыландыру ұйғарылады. Тоқыма кәсіпорындарының кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстанда бар тренингтік және білім беру орталықтарын бір жобаға біріктіру қажет.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны орындау үшін республикалық бюджеттен қаражат, инвесторлар кәсіпорындарының жеке ресурстары, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ қаражаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын салу Республикалық бюджет есебінен жоспарланады, шығындардың жалпы сомасы 7 068,023 млн. теңгені құрайды:
2007 жылғы объектілер жалпы сомасы 2 970,546 миллион теңге;
2008 жылғы объектілер жалпы сомасы 1 992,936 миллион теңге;
2009 жылғы объектілер жалпы сомасы 2 104,541 миллион теңге.
Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын салуға шетелдік және отандық инвесторлардың салынған инвестицияларының ұйғарылатын сомасы 65 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ «Самрұқ-Қазына» ұлттық даму қоры» АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджеттің қаражаты тартылатын болады.
Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар). Маркетингтік шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке қаражаты жұмсалатын болады, «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге «Самрұқ-Қазына» ұлттық даму қоры» АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға қажет бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Жұмыстарды жүргізу нәтижесінде «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібінің тігінен біріктірілген құрылымы құрылатын болады.
Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар кезеңі):
республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген 7 068,023 мың теңгені игере отырып, «Оңтүстік» АЭА қазіргі заманғы инфрақұрылымын салу аяқталатын;
тоқыма өнеркәсібін дамытуда инвестиция салуға ниет білдірген отандық және шетелдік компаниялар тартылатын болады.
Екінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар кезеңі):
15 тоқыма саласы кәсіпорнын салуды аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында инвестициялар тарту;
шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құру;
жыл сайын 100 мың тоннаға дейін мақта-талшық импортын ескере отырып, мақта-талшықты ішкі тұтыну көлемін арттыру;
мақтаға егу алаңдарын 90 мың га дейін арттыру;
ішкі нарықта мақта-талшықты тұтыну үлесін өндірістің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін арттыру көзделеді.
Үшінші кезеңде (2013 - 2015 жылдар кезеңі):
Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін әлемдік нарыққа ықпалдастыру;
«Қазақстан тоқымасы» сауда маркасын (брендін) құру және одан әрі ілгерлету көзделеді.
8. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Сумен жабдықтау құрылысы (диаметрі 600 мм, ұзындығы 7 км 2 желі) және кәріз коллекторының құрылысы (диаметрі 800 мм, ұзақтығы 7 км) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ | 2007 жылғы 25 шілде 2009 жылғы 25 қаңтар | 2007 ж. - 951,193 млн. теңге 2008 ж. - 663,000 млн. теңге | Республикалық бюджет |
2. | АЭА-ға 200 га ауыл шаруашылығы жерлерін беруден ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ | 2007 жылғы 25 шілде | 2007 ж. - 72,669 млн. теңге | Республикалық бюджет |
3. | ПС 220/10 кВ және ВЛ-220 кВ кірісі мен шығысының құрылысы, электрмен жабдықтау желісінің уақытша құрылысы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ | 2008 жылғы 25 қаңтар | 2007 ж. - 1 416,087 млн. теңге 2008 ж. - 905,585 млн. теңге | Республикалық бюджет |
4. | «Оңтүстік» АЭА-ға темір жол кіреберіс жолдарын және Текесу станциясында вагондарды жинау үшін екі қосымша жол тұйығын, ОЭ бағыт ауыстырғыштар салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ | 2008 жылғы 25 қаңтар 2009 жылғы 25 қаңтар 2010 жылғы 25 қаңтар | 2007 ж. - 96,750 млн. теңге 2008 ж. - 25,750 млн. теңге 2009 ж. - 57,775 млн. теңге | Республикалық бюджет |
5. | Бадам өзені арқылы өтетін кіреберіс автомобиль жолдарын және автомобиль көпірін салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ | 2008 жылғы 25 қаңтар 2009 жылғы 25 қаңтар | 2007 ж. - 393,631 млн. теңге 2008 ж. - 35,522 млн. теңге | Республикалық бюджет |
6. | Кеденге арналған қосымша құрылыстар салу (БӨП, салмақ өлшем, жете тексеру алаңы және бастырма) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ | 2008 жылғы 25 қаңтар | 2007 ж. - 40,216 млн. теңге | Республикалық бюджет |
7. | Инновациялық жобалардың 2-ші тоқыма конгресін (мақта/тоқыма саласында үздік зерттеулерді/технологияларды іздеуге тексеру/сараптау) жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЖӨКҚ, АШМ | 2008 жылғы 25 қаңтар | - | - |