Өндіріс деңгейі бойынша бірінші орында полимерлі жабындылардың (линолеум, асхана дастарханы, жұмсақ шатыр, түсқағаз, сүртіп тазартатын материалдар, тігін өнеркәсібіне арналған кенеп матадан жасалған аралық қабат) астындағы негіз ретінде пайдаланылатын матадан жасалмаған материалдар тұр. Екінші орында - геотоқыма және агротоқыма. Үшінші орынды автокөліктерге, құбыр жүйелеріне, өндірістік құрылыстар мен тұрғын үй ғимараттарына арналған жылу және дыбыс өткізбейтін материалдар алады. Сүзгіш, медициналық, санитарлық гигиеналық бұйымдардың үлесі жалпы алғанда 20 %-дан аспайды. Шетелдің емдеу тәжірибесінде кеңінен пайдаланылатын және дәстүрлі жара таңғыш пен мақтаны ығыстырған медициналық мақсаттағы матадан жасалмаған бұйымдарды шығару біздің елімізде әлі күнге дейін тым аз.
3.11.1. Техникалық тоқыманың жіктемесі туралы
Техникалық маталар және матадан жасалмаған материалдар
Қазіргі уақытқа тән өнеркәсіп салаларының жылдам дамуы техникалық мақсаттарға арналған тоқыма материалдарының қолданылу аясын кеңейтеді.
Техникалық тоқыма (матадан жасалмайтын материалдар мен техникалық маталар) мынадай өнеркәсіптің стратегиялық маңызды салаларының тіршілігін қамтамасыз етеді: қара және түсті металлургия, құрылыс индустриясы, автомобиль және тағам өнеркәсібі, әуе-ғарыш кешені, мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі, тігін және аяқ киім саласы, одан басқа ол медицина, гигиена және экология салаларына арналған бұйымдарда таптырмайтын материал болып табылады.
Техникалық тоқыманың маңыздылығын асыра бағалау қиынға түседі, себебі оның қолданылу аясы шексіз.
Алайда, техникалық тоқыманы одан әрі дамыту, оны тереңірек зерделеу, осы кіші саланың материалдары мен өнімдерінің сапасы мен қасиеттерін бағалау жөніндегі жұмыстарды біріздендіру үшін нақты жіктеменің болуы маңызды.
Қазіргі кезге дейін әлемде техникалық тоқыма мен матадан жасалмаған материалдар жіктемесінің жалпы қабылданған жүйесі болмаған еді.
Аталған жіктеменің қағидаттарының бірі ретінде оларды құрамы бойынша бөлуді есептеуге болады, яғни табиғи немесе химиялық талшықтардан материал жасалды. Басқа бір қағидатты осы тақырып бойынша аса ірі халықаралық көрменің ұйымдастырушылары «Мессе Франкфурт» ұсынды. Бұл жағдайда негіз ретінде материалдың немесе бұйымның түрі емес, оның қолдану аясы алынады. Осылайша, бір материал бірнеше негізгі қарапайым және техникалық тоқыманың қолдану аясына жатқызылуы мүмкін.
Техникалық тоқыма - барлық әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің анағұрлым карқынды дамитын кіші саласы. Алайда, әрбір елдің техникалық тоқымаға не жататыны бойынша өзіндік тәсіл қолданылады. Батыс Еуропа елдерінде 1993 жылға дейін техникалық тоқыманың бірыңғай жіктемесі болмаған. Еуропаны біріктірумен қатар, техникалық тоқымаға жатқызылатын өнімді жіктеу және есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бойынша жұмыстар айтарлықтай жандандырылды.
Қазіргі таңда Еуропа одағы елдерінде және (АҚШ-та) техникалық тоқыма ұғымына тұрмыстық мақсаттағы киімдерді, төсек жаймалары мен интерьер заттарын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдерге тікелей қатысы жоқ өнімдердің бәрін жатқызады.
Ресейде КСРО кезінен бері техникалық тоқымаға тек қана ауыр техникалық маталар, сиса, техникалық жібек, техникалық шұға мен техникалық зығыр маталар жатқызылған.
КСРО-да (Ресейде) ешқашан техникалық тоқымаға қарулы күштерге арналған нысанды киімдерді және әскери қызметшінің қаруы мен киімінен басқа керек-жарақтарды өндіруге арналған өнімдерді, қорғаныс және спорттық киімдер және көптеген тағы сол сияқты заттарды жатқызбаған. Осындай есепке алу қағидаттары Ресейде әлі күнге дейін сақталып отыр.
Егер техникалық тоқыманың батыстық жіктемесін қолданатын болсақ, онда Ресейде шығарылатын тоқыма өнімдерінің жалпы көлемінде оның үлесі сараптама сауалнамасына сәйкес 25 - 30 %-ды құрайтын болады.
Жіктеменің үстемдік әдісіне сәйкес Ресейде бүгінгі күні техникалық тоқымаға бұрынғыдай: ауыр техникалық маталар мен техникалық жібекті жатқызады.
3.12. Кілемдер, кілем бұйымдарын және гобелендер өндірісі
3.12.1. Кілем өндірісі. Кілем өнеркәсібінің шикізат әлеуеті
Кез келген тоқыма бұйымына қажетті негізгі материал талшық болып табылады. Барлық талшықтарды екі топқа бөлуге болады: табиғи (табиғатта осы немесе өзге түрде кездесетін) және синтетикалық (адамның қолымен жасалған).
1. Табиғи талшықтар
жануарлардан алынған (жүн, жібек)
өсімдіктерден алынған (мақта, кендір, кокос)
минералды (бұрын тыйым салынған материал - асбест)
2. Синтетикалық талшықтар
өсімдік шикізатының негізінде (вискоза, резеңке)
минералды шикізаттың негізінде (шыны талшығы, метал талшығы)
синтетикалық (полиамидті, полипропиленді, полиэфирлі, полиакрилді ацетатты талшықтар).
Қазіргі таңда кілем тоқу үшін полиамидті талшық (РА) немесе нейлон, полипропиленді талшық (РР), сонымен қатар жүн кеңінен пайдаланылады. Мақта, полиакрил (РАС), полиэфир, немесе оны жиі полиэстр (РЕS) деп атайды, және вискоза айтарлықтай аз мөлшерде қолданылады.
Кілем өндірісіндегі негізгі тоқыма шикізаты жүн болып табылады. Алайда, қой шаруашылығы мен жүн өндірісі апатты жағдайда тұр. Республикамыздағы қой шаруашылығын дамыту үшін жағымды әсер ететін қолайлы жағдайларға (табиғи жайылымдар 180 миллион гектардан астам жерлерді құрайды), сонымен қатар осы саланы дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қабылдануына қарамастан, 1992 жылы басталған құлдырау әлсіреген жоқ.
Осылайша, 1992 - 2006 жылдардың арасындағы мерзімде республикамызда қой басы 39,6 миллионнан 12,35 миллионға дейін қысқарды. Бұл ретте жыл сайынғы жүн алу 25-тен 7,09 мың тоннаға дейін азайды.
Бүгінгі күні асыл тұқымды қойлардың жалпы қой басынан алғандағы үлесі тек қана 4,5 пайызды құрайды. Бұл ретте етті және қаракөл бағытындағы қойлардың саны басым.
Шикізатты өңдеу саласында жағдай одан да нашар. Мәселен, республикамызда жүн мен терінің 3 пайыздан аспайтын көлемі ғана өңделеді; аталған шикізаттың 97 пайызы шетелге, көбіне Қытайға жіберіледі. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстандағы аяқ киім өндірісі 1992 жылмен салыстырғанда шамамен 220 есеге, яғни жылына 54 миллион жұптан 250 мың жұпқа дейін азайып кетті.
Жуылған, майы алынған, карбонизацияланбаған, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған жүн (қой жүні) өндірісі, тоннамен
| 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
Қазақстан Республикасы | 6027 | 3195 | 1227 | 2668 | 2880 |
Алматы | 564 | 349 | 44 | 50 | 164 |
Шығыс Қазақстан | 1255 | 874 | 956 | 1091 | 877 |
Жамбыл | 3502 | 1569 | 82 | 1506 | 1839 |
Оңтүстік Қазақстан | 706 | 403 | 145 | 21 | - |
Жүннен иірілген жіпті қолдану аясы
3.12.2. Кілем бұйымдарын өндіру және оларды тұтыну
Кілем бұйымдарының өндірісі Қазақстанда 1936 жылдың шілде айында басталған. Алматыда облыстық өнеркәсіптік одақ жанынан қолдан тоқылған кілемдер мен қайып тігілген бұйымдарды өңдеуге арналған «Ковровщица» кәсіптік бірлестігі ұйымдастырылған болатын.
1992 жылы кілем фабрикасы «Алматы кілем» акционерлік қоғамы ретінде қайта құрылған болатын.
Қазіргі таңда «Алматы Кілем» АҚ - Қазақстандағы бірден-бір кілем және кілем бұйымдарын өндіру бойынша ірі өндіруші болып табылады. Өзінің 72 жылдық қызметінің ішінде компания үш рет жаңғыртылды. Кәсіпорын мынадай толық өндірістік айналым асырады: жүннен иірілген жіпті шығару, иірілген жіпті тоқуға дайындау, дайын өнімді тоқу және безендіріп әшекейлеуді жүзеге асырады. Негізгі шығарылатын өнім түрлері мынадай - табиғи шикізаттардан тоқылатын кілемдер: жүн, мақта, зығыр және кендір, үстіңгі бетінің қалындығы 1 метр арқауға 260,400-ден 500,000-ға шалуға дейін.
Кілем тоқу үшін табиғи талшықтар пайдаланылады. Акрилді иірілген жіпті қолдана отырып, үстіңгі қабатының түгі жоғарғы қалыңдыққа ие кілемдерді тоқу меңгерілген.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бұйымдардың түрлері қатты өзгерген: қазіргі кезде кілемдер кішкентай кәдесыйға арналған кілемшелерден үлкен көлемді еденге төсейтін кілемдерге дейінгі сан алуан түсті, салынатын суреттері жиі өзгеріп отыратын әртүрлі кілемдер.
Кілем мен кілем бұйымдарын өндіру, мың шаршы метр
| 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
Қазақстан Республикасы | 98,9 | 99,1 | 105,6 | 101,5 | 36,1 |
Алматы | 0,1 | 0,1 | - | - | - |
Жамбыл | - | - | 0,2 | - | - |
Қызылорда | - | - | - | - | - |
Маңғыстау | - | - | - | 0,6 | - |
Солтүстік Қазақстан | - | - | - | 0,6 | - |
Оңтүстік Қазақстан | 3,5 | 3,5 | - | 0,1 | - |
Алматы қаласы | 95,3 | 95,5 | 105,4 | 100,2 | 36,1 |
3.12.3. Қазақстанның кілем саласының өнеркәсіптік әлеуеті
Кілем тоқитын бірнеше кәсіпорындар бар. Қазіргі таңда «Алматы Кілем» АҚ - Қазақстандағы кілем және кілем бұйымдарын өндіретін бірден-бір ірі өндірушілердің бірі. Бұрын табиғи өнімдерден жасалған кілемдер мен маталарға сұраныс үлкен болды. Бірақ қазіргі кезде оларға сұраныс айтарлықтай төмендеді, себебі олардың құны қымбат және нарықта көршілес елдерден әкелінетін синтетикалық қоспалармен жартылай жүннен жасалған анағұрлым арзан кілемдер пайда болды.
Осыған байланысты, «Алматы Кілем» АҚ соңғы жылдары өндірісін 100 мың шаршы метрге дейін қысқартуға мәжбүр болды, ал импорт көлемдері 7 млн. шаршы метрге дейін жетті.
Кілем бұйымдарын отандық өндірушілердің негізгі проблемасы ішкі нарықта орын алған жоғары бәсекелестік себебі бойынша бәсекеге қабілетсіздік болып табылады. Яғни, нарық сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының аумағында 7 түрлі кілем комбинаттарын салуға болар еді, алайда, өндірісті демпингтік импорт басып тастады.
Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанға әкелінетін кілемдердің 89 %-ы Бішкек арқылы тастамалы бағамен жеткізіліп отыр.
3.13. Мақта целлюлозасы мен мақта шикізатынан жасалған оның туындылары және жоғары сапалы қағаз өндірісі
3.13.1. Қағаз өндірісі. Шикізат әлеуеті
Кез келген қағаздың негізін целлюлоза талшығы құрайды. Осы талшықтар мынадай әртүрлі шикізат көздерінен, атап айтқанда - сүрек, сабан, мақта немесе сол қағаздың өзінен алынуы мүмкін.
Қазіргі таңда пайдаланылатын қағаздың басым көпшілігі шикізат ретінде сүректі қажетсінеді. Сонымен қатар осы шикізат көзін алудың басқа баламалы тәсілдері де бар. Мәселен, жоғарғы сапалы қағазды дайындау үшін мақта талшығын және сүректі араластыра отырып немесе тек қана мақта талшығының өзін пайдаланады. Мақтадан өте ұзын әрі берік талшық алуға болады, нәтижесінде олардан ең жоғарғы сапалы қағаз дайындалады.
Қазақстанда мақта егісі тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі, өйткені тек осы өңірде ғана мақтаны күтіп-баптауға арналған қажетті мынадай климаттық жағдайлар: мол күн сәулесі, құнарлы суарылатын жер, сонымен қатар суаруға ыңғайлы су мен еңбек ресурсы бар. Кейбір басқа дақылдармен салыстырғанда, мақта өндірісінің рентабельділігі артық екенін айта кету қажет.
2005 жылғы облысымыздағы шиітті мақта өнімділігінің жалпы көлемі 1 гектардан орташа өнім деңгейі бойынша 23,1 центнерден ала отырып, 464 мың тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 466 мың тоннаны құрайтын 2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамалы ауытқиды және 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырмалы түрде алғанда жалпы жинаудың 104 мың тоннаға артық, өйткені 2003 жылы жалпы өнім 360 мың тоннаны құраған болатын. Жалпы алғанда 2000 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта шиітті мақта жинаудың жалпы көлемі өсу үрдісін сақтап отырған, яғни жалпы өнім көрсеткіші 2000 жылы - 287 мың тоннаны құраса, 2001 жылы - 402 мың тоннаны, 2002 жылы - 416 мың тоннаны құраған, ал 2003 жылы 360 мың тоннаға дейін жетсе, 2004 жылы 466 мың тоннаны, ал 2005 жылы 464 мың тоннаны құраған.
Мақта целлюлозасы қағаз, химия және басқа өнеркәсіптер үшін негізгі шикізат көзі болып есептеледі. Мақта целлюлозасы - мақта мамығын техникалық содамен, кейіннен сутегі қышқылымен ағарта отырып және кептіре отырып қайта өңделетін өнім. Мақта целлюлозасын пайдалана отырып 120-дан астам тауар түрлерін дайындап шығаруға болады. Олардың ішінен: микрокристалды целлюлозаны (МКЦ), карбоксиметилцеллюлозаны (КМЦ), жарылғыш дәріні, коллоксилинді, лак, бояу, пластмассаны, жоғары сапалы қағаз түрін, әуе /кеме/ зымыран жасауда қолданылатын пластикалық материалды және көптеген тағы басқа заттарды атап кетуге болады.
Қағаз өнеркәсібінде мақта целлюлозасы мынадай бұйымдарды жасау барысында шикізат ретінде пайдаланылады:
сүзгілер (автокөліктік, зертханалық, өнеркәсіптік),
жазу-сызуға арналған қажетті заттар,
жоғары сапалы қағаз, фирмалық мөрқағаздар,
ақша,
бір реттік жаялықтар,
әйел гигиенасына қажетті заттар,
тұрмысқа қажетті сіңіретін майлықтар, еден жуатын құралдар,
балалар сулығы,
жоғары сапалы әжетханаға арналған қағаз.
3.13.2. Қағаз өндіру және тұтыну
Қазіргі таңда Қазақстанда мақта шикізатынан дайындалатын қағаз жоқ. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысында, атап айтқанда, Шардара ауданында қағаз өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысы жоспарлануда. Оған шикізат көзі ретінде қамыс пен мақта мамығы пайдаланылатын болады. Мақта мен қамыстан қағаз шығару өндірісін Алматылық «Ақ терек» ЖШС жүзеге асыратын болады. Аталған жоба $500 миллионға бағаланып отыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында целлюлоза мен карбоксиметилцеллюлоза өндірісі жөніндегі «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС зауытының құрылысы жүргізілуде. Аталған кәсіпорын алдыңғы қатарлы жоғарғы технологиялы жабдықтармен жасақталатын болады. Бұл жерде алғаш рет мұнай химиясында, лак және бояу өндіруде, целлофан және басқа процестерде кеңінен қолданылатын мақтадан жасалған целлюлозаны шығару қолға алынады. Зауыттың толық өндірістік қуаты:
ылғал жұтқыш мақта жылына 2500 тонна
мақта целлюлозасы жылына 2500 тонна
техникалық карбоксиметилцеллюлоза жылына 6250 тонна.
3.13.3. Қазақстандағы қағаз өндіру саласының өнеркәсіптік әлеуеті
Қазақстан Республикасындағы Экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы Жіктеуішіне(ЭҚТЖ) сәйкес, қағаз өндірісі экономикалық қызметтің 1 түрі және 2-кіші түрі бойынша ұсынылуы тиіс.
Қазақстан Республикасындағы қағаз өнеркәсібі саласындағы экономикалық қызметтің түрлері
Экономикалық қызмет түрі | Экономикалық қызметтің кіші түрі | Өндірістің жай-күйі |
Өндіріс бар | Өндіріс жоқ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Сүрек массасы мен целлюлозалар, қағаз және картон шығару | 1.1. Сүрек немесе өзге де талшықты материалдардан жасалған целлюлоза | Ерігіш сұрыпты сүректі целлюлоза | + | |
Ерігіш сұрыптарынан басқа, натронды немесе сульфатты сүректі целлюлоза | | + |
Сульфитті, сүректі целлюлоза (ерігіш сұрыптарынан басқа) | + | |
Механикалық тәсілмен алынатын сүректі целлюлоза (масса); жартылай целлюлоза; өзге де талшықты материалдардан (сүректен басқа) жасалған, целлюлоза (масса) | + | |
1.2. Целлюлоза өндірісі саласындағы қызметтер | | + |
2. Қағаз және картон өндірісі | 2.1. Газет қағазы, графикалық мақсаттар үшін қолмен құятын борланбаған қағаз және картон | | + | |
2.2. Дәретханалық немесе гигиеналық қағаз, сүлгілер немесе қағаз майлықтар, целлюлозды мақта, целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма | Дәретханалық немесе гигиеналық қағаз, сүлгілер немесе қағаз майлықтар, целлюлозды мақта, целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма | + | |
Каолинмен немесе өзге де органикалық емес заттармен қапталған, хат, баспа графикалық немесе өзге мақсаттар үшін пайдаланылатын борланған қағаз және картон | + | |
Ені 36 см-ден астам парақтағы көшіру, өзін-өзі көшіру немесе орамдағы ауыстырмалы немесе көшіру қағазы | + | |
Қағаз, картон, целлюлозды мақта және жабыны немесе сіңдіргіші бар, боялған немесе баспа суреттері бар орамдағы немесе парақтардағы целлюлозды талшықтардан жасалған жайма | + | |
2.3. Қағаз және картон өндірісі | + | |
3. Жазу қағазы бұйымдарын өндіру | 3.1. Кеңсе қағазы керек-жарақтары | Көшіру қағазы; ені 36 см-ден аспайтын өзге де өздігінен көшіру және көшіру немесе ауыстырмалы қағаз; көшіру аппараттарына арналған трафареттер және офсеттік қағаздан жасалған нысандар; жабысқақ немесе гуммирленген қағаз | | + |
3.13.4. Сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндірісі
Қағаздан жасалған бұйымдар нарқын сан алуан түрлі төсек жаймалар, трикотажды бұйымдар, киімдер, кілем бұйымдары және басқа күнделікті, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар арқылы таныстыруға болады. Әрине, мақта шикізат элементі ретінде соңғы сұранысқа ие өнімдерде ұсынылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті тұтынуға арналған дайын тоқыма бұйымдарын шығаруда қолданылатын мата өндірісінің толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарының жоғарғы өзіндік құны және шетелден әкелінген тауарлар көлемінің артуы - дайын тоқыма бұйымдарын өндірудің азаюына әкеп соқтырады. Осылайша, кейбір жылдардағы тұтыну көлеміне сәйкес, көрпе мен шашақты қалың төсек-орын жапқыштардың шетелден әкелінетін үлесі 90 %-ға (оның ішінде Қытайдан 53 %, Ресейден 10 %), свитерлер мен жемпірлер - 83 %-ға, кілем - 97 %-ға, трикотажды матадан тігілген киім - 46 %-ға, төсек жаймалар - 12 %-ға жетіп отырған.
Оңтүстік Қазақстан облысында аталған өндірістік тізбек саласы тіптен дамымай қалған. Облысымызда қағаз өндірісі, шикізат көзі ретінде қамыс пен мақта мамығы жөніндегі зауыттың құрылысы жоспарлануда. Қағаз шығаруды Алматылық «Ақ терек» ЖШС жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында целлюлоза мен карбоксиметилцеллюлоза өндірісі жөніндегі «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС зауытының құрылысы жүргізілуде. Бұрынғы кезде матадан дайын өнімдерді жасау жөніндегі ірі өндіруші компания ретінде танымал болған «Восход» компаниясы бар, кәсіпорын қазіргі таңда тек қана мемлекеттік тапсырыстар бойынша ғана жұмыс жасайды, сонымен қатар мұнай-газ компаниялары үшін нысанды киім мен арнайы киімдер тігеді.
Аталған саланың дамуында әлемдік даму бағыттарын білмеу, осы саланың маңыздылығын түсінбеу, ақша қаражаттарының жетіспеушілігі сияқты проблемалар кедергі жасайды.
3.13.5. Өндірістік жағдайлар
Қазақстандағы қағаз өнеркәсібі одан әрі даму үшін жақсы базаға ие:
төменгі өндірістік шығындарды ескере отырып;
шикізат өңірлерінің жақын жерде орналасуы (Қазақстанның Оңтүстік өңірі, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан);
тоқыма бұйымдарын өткізуге арналған әлеуетті нарықтардың жақын жерде орналасуы (Батыс, Шығыс Еуропа, Азия-Тынық мұхит өңірі, Жақын шығыс елдер, сонымен қатар ТМД елдері);
жеткілікті деңгейдегі адам ресурстарының базасы.
3.14. Былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі
3.14.1. Шикізат базасы
Соңғы жылдары мал басының көбеюіне байланысты былғары шикізаты мен жүн өндірісінің барлық түрі артуда.
2003, 2006 - 2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мал саны, мың бас
2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, республика бойынша жалпы алғанда мүйізді ірі қара басының саны 5 853 мың басты құраған. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 20,2 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ды құрайды. Мүйізді ірі қара басының басым көпшілігі - 3935,4 мың бас (83,7 %) тұрғындардың шаруашылықтарында шоғырланған. Шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі - 636,5 мың басты (10,9 %) құрайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал саны 319,2 мың басты (5,4 %) құрайды.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, жылқы малының басы жалпы алғанда республика бойынша 1289,6 мың басты құраған. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 21,2 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырғанда 4,4 %-ды құрайды. Жылқы санының айтарлықтай бөлігі - 964,4 мың бас (74,8 %) тұрғындардың шаруа қожалықтарында өсіріледі. Шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі - 255,2 мың басты (19,8 %) құрайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал басы 70,0 мың басты (5,4 %) құрайды.
Жалпы алғанда республика бойынша 2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, түйе саны 143,7 мың басты құраған. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 25,1 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырғанда 3,7 %-ды құрайды. Түйе санының айтарлықтай бөлігі - 100,8 мың бас (70,1 %) тұрғындардың шаруа қожалықтарында өсіріледі. Шаруа (фермерлік) қожалықтардың үлесі - 28,2 мың басты (19,6 %) құрайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы мал басы 14,7 мың басты (10,2 %) құрайды.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, республика бойынша жалпы алғанда қой мен ешкі саны 16151,7 мың басты құрады. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 32,2 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырмалы түрде алғанда 5,2 %-ды құрайды.
Қой мен ешкі санының басым бөлігі - 9 694,8 мың бас (71,5 %) тұрғындардың шаруа қожалықтарында өсіріледі. Шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі - 3732,5 мың басты (23,1 %) құрайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы мал басы 870,9 мың басты (5,4 %) құрайды.
Мал басын облыстар бойынша үлестіргендегі көрсеткіш мынадай: Шығыс Қазақстан облысы - 767,6 мың бас (13,1 %); Алматы - 762,4 мың бас (13 %); Оңтүстік Қазақстан облысы - 689,5 мың бас (11,8 %); Қостанай - 530,5 мың бас (9,1 %); Ақмола - 396,5 мың бас (6,8 %); Батыс Қазақстан облысы - 433,4 мың бас (7,4 %); Қарағанды - 460,5 мың бас (6,9 %); Ақтөбе - 435,5 мың бас (7,4 %); Солтүстік Қазақстан облысы - 346,9 мың бас (5,9 %); Павлодар - 354,1 мың бас (6 %); Жамбыл - 316,7 мың бас (5,4 %); Қызылорда - 238,4 мың бас (4,1 %); Атырау - 165,4 мың бас (2,8 %); Маңғыстау - 9,6 мың бас (0,2 %).
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі мүйізді ірі қара саны 2007 жылы 1245 мың басты құраған немесе республика бойынша жалпы мал басының 21 %-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
Облыстар бойынша мал басын үлестіру көрсеткіші төмендегідей: Алматыда - 206 мың бас (16 %); Шығыс Қазақстан облысында - 178,8 мың бас (13,3 %); Оңтүстік Қазақстан облысында - 133,9 мың бас (10,4 %); Қарағандыда - 122,8 мың бас (9,5); Ақмолада - 89 мың бас (6,9 %); Солтүстік Қазақстан облысында - 82,2 мың бас (6 %); Жамбылда - 80,8 мың бас (6,3 %); Қостанайда - 74,9 мың бас (5,8 %); Ақтөбеде - 66,4 мың бас (5,1 %); Павлодарда - 69,9 мың бас (5,4 %); Қызылордада - 57,6 мың бас (4,5 %); Батыс Қазақстан облысында - 56,9 мың бас (4,4 %); Атырауда - 40,8 мың бас (3,2 %); Маңғыстау облысында - 36,2 мың бас (2,8 %).
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі жылқы саны 2007 жылы 272 мың басты құраған немесе республика бойынша жалпы мал басының 20 %-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
Жекелеген облыстар бойынша мал басының саны төмендегі көрсеткішпен беріледі: Маңғыстау облысы - 40,1 мың бас (27,9 %); Атырау - 29 мың бас (20,2 %); Қызылорда - 26,9 мың бас (18,7 %); Ақтөбе - 16 мың бас (11,1 %); Оңтүстік Қазақстан облысы - 15,6 мың бас (10,9 %); басқа облыстар - 16,1 мың бас (11,2 %).
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі түйе саны 2007 жылы 47,6 мың басты құраған республика бойынша жалпы мал басының 33 %-ын құрап отыр, бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
2007 жылғы мәліметтер бойынша, қой мен ешкінің ең жиі шоғырлануы (10 356,1 мың бас немесе республикадағы қой мен ешкінің жалпы санының 64,1 %-ы) келесі төрт облыста: Оңтүстік Қазақстан облысында - 3305,2 мың бас (20,5 %), Алматыда - 2830,8 мың бас (17,5 %), Жамбылда - 2162,0 мың бас (13,4 %), Шығыс Қазақстан облысында - 2058,1 мың бас (12,7 %). Басқа он облыстарда - 5795,6 мың бас немесе қой мен ешкінің жалпы санының 35,9 %-ы.
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі қой мен ешкі саны 2007 жылы 6208 мың басты құраған республика бойынша жалпы мал басының 38 %-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
3.14.2. Былғары өндірісі және оны тұтыну
Өңделетін былғары шикізатының өндірістік мақсатына байланысты мал терілері ұсақ және ірі былғары шикізаттарына бөлінеді. Ұсақ былғары шикізатына салмағы 10 кг-ға дейінгі бұзаулардың, құлындардың, боталардың терісі, ал ірі былғары шикізатына салмағы 10 кг-нан астам мал терілері жатады. Қой мен ешкінің терісі ұсақ былғары шикізатына жатады.
Шошқа өсіру шаруашылығында басқа мал түрлерімен салыстырғанда тері алу айтарлықтай аз мөлшерге ие, өйткені шошқаны терісін ажыратып алмастан пайдаланады.