Клирингтік орталықтар орталық қарсы уәкіл ретінде әрекет ете алады - әрбір сатып алушы үшін әрбір сатушы және сатушы үшін сатып алушының болып табылуы.
55. Тауар биржасы қойма құжаттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру мәмілелері және тауар биржасының ішкі құжаттарына сәйкес спорт-тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру мәмілелері бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
56. Биржалық сауда қатысушысы биржалық мәмілелер бойынша орындалуы көрсетілген құралдармен қамтамасыз етілген, міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету қаражаты тауар биржасы және/немесе клирингтік ұйымымен белгіленген тәртіппен биржалық мәміле бойынша жәбірленуші тарапқа аударылады.
5. Тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта жаңартудың шарттары мен тәртібі
57. Тауар биржасының сауда жүйесінде техникалық ақаулар туындаған және биржалық сауданы ұйымдастыруға байланысты қызметтер көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, тауар биржасы техникалық ақаулар журналында техникалық ақау фактісі мен уақытын тіркейді, қызметтер көрсетуді тоқтатады және мыналарға бағытталған шараларды тез қабылдайды:
1) техникалық ақауларға әкелетін себептерді анықтау және жою;
2) ақаулардың техникалық, салдарын жою;
3) тауар биржасының сауда жүйесінде орналасқан ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және техникалық ақаулар нәтижесінде жойылған ақпаратты қалпына келтіру.
58. Биржалық сауда-саттықтың жеке қатысушысының жұмысына кедергі келтіретін техникалық ақаулар жағдайында, ақаулардың себебі биржалық сауда-саттыққа қатысушының күшімен және қаражатымен, егер ақаулар тауар биржасына байланысты емес себептерден туындаса, өзге жағдайларда - тауар биржасының күшімен және қаражатымен жойылады.
59. Ақауларды жедел жою мүмкін болмаған кезде, биржалық сауда-саттық қатысушысы телефондық байланыс құралы арқылы тауар биржасына ол жариялаған өтінімді алып тастауға өтініш беруі мүмкін. Телефон бойынша өтініш ұсынылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей көрсетілген өтініш жазбаша немесе электронды нысанда тауар биржасына жіберіледі. Тауар биржасы телефон бойынша өтініш алынғаннан кейін тауар биржасының сауда жүйесінен осы биржалық сауда-саттық қатысушысы жариялаған өтінімдерді жояды.
60. Тауар биржасының сауда жүйесінде ақаулар анықталған кезде тауар биржасы сауда-саттықты тоқтату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы сауда-саттық қатысушыларына тауар биржасының сауда жүйесін пайдаланумен немесе басқа да қол жетімді тәсілмен хабарланады. Сауда жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі қалыптасқаннан кейін сауда-саттық қайта басталады.
61. Егер сауда жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыру мүмкін болмаса, сауда биржасы сауда-саттықты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды. Аталған шешімді тауар биржасының сауда-саттық жүйесін пайдаланып немесе басқа қол жетімді тәсілмен барлық биржалық сауда-саттық қатысушыларына хабарлайды.
62. Тауар биржасы алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларға сүйене отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға арналған бағалар деңгейінің ең төменгі немесе барынша жоғары шектерден асқан жағдайда, сауда-саттықты тоқтата алады.
6. Биржалық төрелік қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктері
63. Биржалық мәмілелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасымен реттеледі.
64. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелікті тұрақты жұмыс істейтін төрелік ретінде тауар биржасы құрады. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы аралық соттың регламентін, осы аралық сотта қызметін жүзеге асыратын аралық судьялардың тізімін бекітуге тиіс.
65. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік Қазақстан Республикасының Конститутциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дауларды қарайды.
66. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік шарт талаптарына сәйкес және іскерлік айналымының дағдысын ескере отырып, шешім қабылдайды.
67. Дау қатынастарын реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде заңдардың жалпы бастамалары мен мағынасынан шыға отырып, дауларды шешеді.
68. Биржа сауда-саттықтың дау аралық тараптарының арасында жасалған келісімнің, яғни тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауында туындаған немесе туындауы мүмкін даулар туралы тараптардың жазбаша келісімінің болуы кезінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауына берілуі мүмкін.
69. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік қызметінің тәртібі тауар биржасы бекіткен, тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламентімен айқындалады.
70. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік аралық талқылауды тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
71. Қуынушы өз талаптарын тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікке берілетін жазбаша нысандағы, талап өтініште баяндайды. Талап өтініштің көшірмесі жауап берушіге жіберіледі.
72. Аралық келісім жасаған тараптар тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің шешімін орындау міндеттерін өзіне алады. Тараптар және тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік шешімі әділетті орындалуына бар күшін салады.
73. Істердің мән-жайы зерттелгеннен кейін тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрамына кіретін аралық соттардың басым дауысымен шешім қабылдайды.
74. Шешім тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің отырысында хабарланады.
75. Егер аралық талқылау барысында тараптар дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін бұзбайтын бейбіт келісімді жасау арқылы реттелсе, тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік талқылауды тоқтатады.
76. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің шешімі аралық талқылаумен бірге қабылданды деп есептеледі және ол аралық сот (соттар) қол қойған күні күшіне енеді.
7. Биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі
77. Тауар биржасы Үлгі ережеге қосымша болып табылатын үлгі нысандарға сәйкес мынадай ішкі құжаттарды:
1) Биржа ережесін;
2) биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдердің нысанын не талаптарын;
3) биржалық сауда-саттық мәні болып табылатын тауарлардың тізбесін (тауарлар тобын);
4) нақты биржалық сауда-саттықта биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер тізілімін;
5) тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің регламентін;
6) тауар биржасы өз мүшелерімен жасасатын қызмет көрсету туралы шарттың нысанын;
7) сауда-саттыққа қатысушыларға жасалған биржалық мәмілелер туралы есептің мазмұнына нысанды не қойылатын талаптарды;
8) тауар биржасымен етілетін қызметтер бойынша тарифтер;
9) тауар биржасына оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды әзірлейді және бекітеді.
78. Тауар биржасы:
1) тауар биржасының тауар жүйесін пайдалану талаптарын;
2) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық сауда-саттыққа қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
3) әлеуетті брокерлер мен дилерлер мүшелігінің шарттарын және тауар биржасының апта сайынғы негізде оның мүшелері болып табылатын брокерлер мен дилерлердің тізілімін жүргізуді;
4) кейіннен уәкілетті органға хабарлай отырып, апта сайынғы негізде биржаның ресми сайтында оның мүшелері болып табылатын брокерлер мен дилерлер бойынша ақпаратты жариялауға;
5) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
6) тауар биржасының сауда жүйесін пайдалануды;
7) халықаралық биржалық сауда-саттықтарды дамытуды регламенттейтін құжаттарды қабылдай (бекіте) алады.
79. Сауда-саттық қатысушылары үшін тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, сауда-саттық қатысушыларының, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүддесінде пайдалануға жол берілмейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету шарттарын қамтуы тиіс.
80. Биржалық сауда-саттықты өткізу тетіктерін реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттары олар күшіне енгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тауар биржасының мүшелеріне хабарланады, оның ішінде оларды тауар биржасының интернет-ресурсында жариялау жолымен.
8. Тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі
81. Биржалық сауда-саттыққа қатысушы биржалық мәмілелерді өзінің жеке мүддесінде не өз клиентінің бұйрығына сәйкес жасайды.
82. Биржалық мәміле биржалық сауда-саттық барысында биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер негізінде жасалады.
83. Дауыстық биржалық сауда-саттық барысында жасалған мәміле бойынша биржа мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс биржалық мәмілені есепке алудың жеке парағын үш данада жасайды:
1) биржалық мәміленің күні және нөмірі;
2) мәміле жасасқан биржалық брокерлер/дилерлердің атауы;
3) брокерлер/дилерлер тапсырмасы бойынша әрекет еткен клиенттерінің атауы;
4) тауардың атауы;
5) тауар бірлігінің құны;
6) тауар саны;
7) мәміленің жалпы құны;
8) төлеу және тауарды жеткізу шарттары.
84. Биржалық мәміленің есепке алу парағы қағаз тасығышта ресімделеді және биржа мөрінің баспа-таңбасымен куәландырылады, оған биржалық мәмілені жасасқан сауда-саттыққа қатысушылардың трейдерлері және тауар биржасының уәкілетті қызметкері қол қояды. Бұл ретте биржалық мәмілені есепке алу парағының бір данасы биржалық мәміленің орындалуын кейіннен бақылау үшін тауар биржасының арнайы журналында тігіледі, ал биржалық мәмілені есепке алу парағының басқа даналары биржалық мәміле тараптарына олар тиісті шартты одан әрі ресімдеу үшін табыс етіледі.
85. Электрондық биржалық сауда-саттық барысында жасалған мәміле бойынша биржаның сауда жүйесі және/немесе оның клирингтік орталығы автоматты түрде биржалық мәміле бойынша есепті (бұдан әрі - Биржалық мәміле бойынша есеп) дайындайды, ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) биржалық сауда-саттыққа қатысушының атауы және оның бірегей биржалық сәйкестендіргіші (биржалық сауда-саттыққа қатысушыға берілген жеке код);
2) мәмілені жасасу күні және уақыты;
3) тауардың атауы немесе коды (биржалық сауда-саттық процесінде тауарды бір мәнді сәйкестендіру үшін тауар биржасы белгілеген оның белгісі);
4) тауар бірлігінің бағасы;
5) тауар саны;
6) мәміленің жалпы сомасы.
Сондай-ақ биржалық есепте мынадай мәліметтер көрсетілуі мүмкін:
7) мәміле бойынша контрагенттің атауы және деректемелері;
8) мәміленің жалпы сомасынан бөлінген ҚҚС сомасы;
9) төлеу және тауарды жеткізу мерзімі;
10) биржа мен сауда-саттыққа қатысушының келісімі бойынша өзге де шарттар.
86. Биржалық мәміле бойынша есеп мәміле жасасқан сауда-саттыққа қатысушыға оған биржаның және/немесе оның клирингтік орталығының уәкілетті қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, тауар биржасының және/немесе оның клирингтік орталығының электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша ұсынылады.
Биржалық мәміле бойынша есеп мәміле жасасқан сауда-саттыққа қатысушыға сауда сессиясы мен клирингтің аяқталысымен ұсынылады.
87. Сауда сессиясының қорытындылары бойынша электрондық биржалық сауда-саттыққа қатысушыға әр биржалық мәміле бойынша жеке есепті ұсынусыз, ол сауда сессиясы барысында жасасқан барлық биржалық мәмілелер бойынша жиынтық есеп ұсыныла алады.
88. Сауда-саттыққа қатысушының талабы бойынша тауар биржасы және/немесе оның клирингтік орталығы сауда-саттыққа қатысушыға тауар биржасының және/немесе оның клирингтік орталығының уәкілетті қызметкері қол қойған және биржаның мөрімен куәландырылған қағаздағы биржалық мәміле бойынша есепті ұсынады.
89. Биржалық сауда-саттық қорытындылары бойынша тауар биржасының сауда жүйесінде осы сауда сессиясында жасалған биржалық сауда-саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелерінің жиынтық тізілімі қалыптастырылады, оны тауар биржасының маклері немесе өзге уәкілетті адамы тіркейді.
90. Дауыстық биржалық сауда-саттықты өткізудің сауда сессиясы аяқталысымен тауар биржасының сауда жүйесінде биржалық мәміле жасаған биржалық сауда-саттыққа әр қатысушысына маклер, сауда-саттыққа қатысушысының трейдері қол қоятын және тауар биржасының мөрімен куәландырылатын биржалық сауда-саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелерінің тізілімі екі данада қалыптастырылады. Биржалық сауда-саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелері тізілімінің бір данасы биржалық мәмілелердің орындалуын бақылау үшін тауар биржасында қалады. Биржалық сауда-саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелері тізілімінің екінші данасы оның трейдеріне табыс етіледі.
91. Биржалық сауда-саттыққа қатысушы трейдерінің биржалық мәмілені есепке алу парағына және (немесе) мәмілелер тізіліміне қол қоймауы Биржа ережелерін бұзу болып табылады.
92. Электрондық биржалық сауда-саттық барысында биржалық мәмілені жасасуды растайтын құжат Биржалық мәміле бойынша есеп болып табылады. Осы мәмілені растайтын басқа құжаттарды ресімдеу талап етілмейді.
93. Электрондық биржалық сауда-саттық барысында жасасқан биржалық мәміле бойынша тауарларды жеткізу және төлеу шарттарын (тараптардың жауапкершілігін және т.б) нақтылау қажеттілігі жағдайында мәміле тараптары мәміле жасасудың сауда күнінен кейінгі сауда күнінен кешіктірмей мәміле тараптарының және тауар биржасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, оларды биржа арқылы келісуді қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы биржалық мәміле бойынша тиісті шартқа (бұдан әрі - электрондық шарт) қол қояды.
94. Тауар биржасымен қағаз тасығышына көшірілген және биржа мөрімен куәландырылған электрондық шарт электрондық шарттың телнұсқасы болып танылады.
95. Мәміле тарапының талабы бойынша тауар биржасы талап түскен күннен бір жұмыс күні ішінде тарапқа электрондық шарттың телнұсқасын ұсынады.
Телнұсқаны ұсыну тәртібі және осы қызметті көрсету құны Биржа ережесімен белгіленеді.
96. Дауыстық биржалық сауда-саттық барысында биржалық мәмілені жасасуды растайтын құжат биржалық мәмілені есепке алу парағы болып табылады.
Көрсетілген биржалық мәміле бойынша тараптар үш данадағы шартқа қол қойып, осы биржалық мәміле жасалған күннен он жұмыс күні ішінде осы Үлгі ереженің 98-тармағымен көзделген тәртіппен оны тауар биржасында тіркейді.
Осы шартқа қол қоюдан бас тарту немесе жалтару жасалған биржалық мәмілені жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды.
97. Осы Үлгі ереженің 93 және 96-тармақтарында көрсетілген шарт жасалған биржалық мәміленің мәніне қатаң сәйкес болуы тиіс және биржалық мәміленің өзін жасасқан күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі. Көрсетілген шарттың кіріспесінде міндетті түрде көрсетілген биржалық мәмілеге сілтеме келтірілуі тиіс.
98. Шартты тіркеу оны тауар биржасына ұсынған күнінен бір жұмыс күні ішінде шарттың әр данасына тауар биржасының тіркеу мөртабанын қойып, оны уәкілетті қызметкердің қолымен куәландыру жолымен жүргізіледі. Бұл ретте тіркелген шарттың бір данасы тауар биржасына қалады.
99. Брокерлер мен дилерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есепке алынуын әр клиент бойынша бөлек жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәмілелер жасалған күнінен бес жыл ішінде сақтауға міндетті.
100. Тауар биржалары биржалық сауданы ұйымдастыру қызметімен айналысуды тоқтатқанға және көрсетілген мәліметтерді мұрағатқа тапсырғанға дейін оның электрондық құжат айналымы жүйесінде жасалған электрондық шарттар бойынша мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
9. Тауар биржасының уәкілетті мемлекеттік органға есептерді ұсыну, сондай-ақ өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі
101. Тауар биржасы осы Үлгі ережеге қосымшада белгіленген есеп нысанына сәйкес байланыстың электрондық арналары арқылы уәкілетті мемлекеттік органға өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша электрондық есепті ұсынады.
102. Тауар биржасы есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша уәкілетті мемлекеттік органға есепті тиісті есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
103. Тауар биржасы, оның мүшелері туралы және биржалық сауда-саттық нәтижелері туралы ақпаратты ашу мақсатында тауар биржасы оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді.
104. Әр сауда күнінің қорытындылары бойынша тауар биржасы сауда сессиясы аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде тауар биржасының интернет-ресурсында мынадай мәліметтерді қамтитын биржалық сауда-саттық нәтижелері туралы ақпаратты жариялайды:
1) стандартталған тауарлар (жеткізудің бірыңғай шарттарындағы біртекті тауарлар) бойынша:
сауда-саттықты өткізу күні;
тауардың атауы немесе коды;
мәмілелер саны;
мәмілелердің ең жоғары және ең төмен бағасы;
сауда сессиясындағы барлық мәмілелер бойынша жалпы айналым.
2) стандартталмаған тауарлар бойынша:
сауда-саттықты өткізу күні;
мәмілені жасасу уақыты және оның нөмірі;
мәмілені жасаған брокерлердің/дилерлердің атауы (электрондық коды);
тауардың атауы;
тауар саны;
тауар бағасы;
шарт бойынша жалпы құны;
жеткізу шарттары.
105. Заңнамалық актілермен уәкілетті мемлекеттік органға тауар биржалары есептіктердің басқа түрлерді белгілеуді мүмкін.
10. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге сатып алуды өткізу қағидалары
106. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу Биржа ережесінде белгіленген тәртіппен қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
107. Тек уәкілетті брокерлердің/дилерлердің трейдерлері ғана мемлекеттік сатып алу бойынша сауда-саттыққа қатысып, сауда жүйесіне сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерді ұсына алады.
108. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алу тек қана электрондық биржа сауда-саттықтары арқылы жүргізіледі.
109. Тауар биржасы мемлекеттік сатып алу бойынша сауда-саттыққа қатысатын брокерлерге/дилерлерге электрондық құжат айналым бойынша қызметті және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігін ұсынуы тиіс.
110. Тауар биржасы мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде сауда-саттық кестесі түріндегі хабарландыруды биржалық сауда-саттықты өткізу күніне дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей тауар биржасының интернет-ресурсында орналастырады.
111. Мемлекеттік сатып алуды тауар биржалары арқылы жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға бюджетінде көзделген қаражат шеңберінде ақылы негізде көрсетіледі.
112. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алудан басқа өзге сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін.
113. Тауар биржалар арқылы өзге сатып алу осы Үлгі ережелер және биржаның Ережелермен көзделген жалпы тәртіппен стандартты аукцион режимінде немесе қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізілуі мүмкін.
Биржа саудасының үлгі ережесіне
қосымша
Есептілік нысаны
№ | Тауар биржаларының атауы | Жасалған мәмілелердің көлемі, мың теңге | оның ішінде: | Жасалған мәмілелердің саны | Өнім түрлері бойынша |
спорт-мәмілелер | мерзімді мәмілелер |
жалпы | мемлекеттік сатып алу бойынша | жалпы | мемлекеттік сатып алу бойынша | жалпы | мемлекеттік сатып алу бойынша | жалпы | мемлекеттік сатып алу бойынша |
1 | | | | | | | | | | |
2 | | | | | | | | | | |
3 | | | | | | | | | | |