Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 Қаулысы
(2013.29.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 852 Қаулысымен күші жойылды
«Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығын қараңыз
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 59 Қаулысымен үлгі ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2042 қаулысымен
бекітілген
Биржа саудасының
үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы өзінің Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі - Биржаның ережесі) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
2) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім - Үлгі ережеге сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық сауда-саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық сауда-саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
3) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
4) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісімшарт;
6) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Биржа ережесі шеңберінде жүргізілетін процесс;
7) биржалық алым - тауар биржасы биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру үшін алатын комиссия;
8) есептік ұйым - банк немесе онымен тауар биржасы және (немесе) клирингтік орталық биржалық сауда-саттық өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі және биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру туралы шарттар жасаған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым;
9) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
10) классикалық сауда режимі - бірін-бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі;
11) қосарланған қарсы аукцион режимі - сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
12) маклер - биржалық сауда-саттықтарға қатысушылар жасаған биржалық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті тауар биржасының қызметкері;
13) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;
14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) сауда режимі - өтінімдерді жариялау және тауар биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасу шарттарының жинағы;
17) стандартты аукцион режимі - сатып алушы (сатушы) - аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;
18) тауар биржасының сауда жүйесі - тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы биржалық тауарлармен мәмілелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, ішкі құжаттары және өзге де қажетті активтер мен рәсімдер кешені;
19) электрондық сауда жүйесі - электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтамасыз етіледі, дерекқорлар, телекоммуникациялық құралдар және басқа да жабдықтар кешені;
20) тауар биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға;
21) трейдер - биржалық сауда-саттыққа қатысушының, онымен биржалық сауда-саттыққа қатысушының атынан мәмілелерді жасасуға байланысты тауар биржаларының әрекеттерін тауар биржасының сауда жүйесінде жүзеге асыруға өкілдік берілген және белгілеген тәртіппен тауар биржасында тіркелген қызметкер;
22) дауыс биржалық сауда-саттықтар - биржалық сауда-саттықтардың қатысушылары қолдар белгілер немесе дауыспен назарын аудару арқылы мәмілелерді өткізу келісілетін арнайы орында биржалық сауда-саттықтардың қатысушылардың жинауы түрінде жүзеге асырылатын биржалық сауда-саттықтарды өткізу процесі;
23) электрондық биржалық сауда-саттықтар - электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық мәмілелерді жасайтын биржалық брокерлердің (биржалық дилерлердің) авторландырылған трейдерлері қатысатын биржалық сауда-саттықтарды өткізу процесі;
24) кросс-мәміле - брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша іс-әрекет ете отырып не өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
25) атаулы мәміле - биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысының алдын ала екіжақты уағдаластығы бойынша жасалған биржалық мәміле;
26) фьючерстік мәміле - есеп айырысулар клиринттік орталық арқылы кепілді төлей отырып жүргізілетін, сауда-саттыққа қатысушылар мәміле жасалған сәтте белгіленген баға бойынша биржалық тауардың белгілі бір санын болашақта белгілі бір кезеңде беруге (қабылдауға) өзіне міндеттеме қабылдай отырып, тауар биржасында мерзімді келісімшартпен жасалатын биржалық мәміле.
4. Биржа ережесі биржалық сауда-саттықтардың барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
5. Тауар биржасы биржалық сауда-саттықтардың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелердің жасалуы бойынша тең шарттарды қамтамасыз етеді.
2. Тауар биржасына мүшелікке қабылдаудың, мүшелікті тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібі
6. Тауар биржасының мүшелері тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылады.
7. Биржа мүшелерінің саны жетеуден кем болмауға тиіс.
Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
8. Тауар биржасына мүшелік Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа қатысуды құқығын береді.
9. Тауар биржасының мүшелігіне қабылдау үшін үміткер тауар биржасына мына құжаттарды ұсынады:
1) мынадай мәліметтер көрсетілген тауар биржасы мүшелігіне қабылдау туралы өтініш:
толық атауы;
орналасқан орны, телефон және факс нөмірі, электрондық почта мекенжайы;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні мен нөмірі;
мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын осы шот өзінің шоты болып табылатын-табылмайтыны көрсетілген банктік шоттардың деректемелері;
2) жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) уәкілетті орган берген тауар биржасында биржалық брокер/дилердің қызметін жүзеге асыру бойынша лицензия туралы мәліметі;
4) мүшелік кіру жарнасын төлегені туралы түбіртек;
5) тауар биржасына қызмет көрсететін клирингтік ұйыммен немесе клирингті өткізу үшін тиісті құрылымдық бөлімше бар болса тауар биржасының өзімен клирингтік қызмет көрсету шарты.
10. Үміткерді тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы шешімді Үлгі ереженің 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тауар биржасы қабылдайды. Үміткерге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарланады.
11. Үлгі ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы және (немесе) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттардың ұсынылуы тауар биржасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
12. Тауар биржасына мүшелікті тоқтата тұру мынадай негіздер бойынша:
1) мынадай мәліметтерді:
мүшелікті тоқтату себебін;
тоқтата тұру мерзімін;
биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелердің орындалғанын көрсете отырып, өтініш берген тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша.
Тауар биржасы мүшелікті тоқтата тұру туралы өтінішті өтініш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер анықталған жағдайда, тауар биржасы өтінішті қарауға биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер орындалғанға дейін қабылдамайды.
2) тауар биржасындағы биржалық брокер/дилер қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның әрекетін тоқтата тұруы;
3) белгіленген мүшелік жарналар бір рет төленбеген жағдайда;
4) тауарлар биржасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталмаған жағдай бойынша жүзеге асырылады.
13. Тауар биржасына мүшелікті тоқтату мынадай негіздер:
1) тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша мынадай мәліметтер көрсетілген өтінішті ұсыну:
мүшелікті тоқтату себебін;
биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелердің орындалғанын көрсете отырып, өтініш берген тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша.
Бұл ретте тауар биржасы мүшелікті тоқтату туралы өтінішті ол қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер анықталған жағдайда, тауар биржасы өтінішті қарауға биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер орындалғанға дейін қабылдамайды;
2) уәкілетті орган берген тауар биржасындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия әрекетінің тоқтатылуы;
3) қойылған мүшелік жарналар және басқа төлемдердің жүйелі түрде төленбеген жағдайда;
4) тауар биржасы мүшесі таратылған жағдайда;
5) тауарлар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар бір жыл ішінде қайтадан сақталмаған жағдай бойынша жүзеге асырылады.
14. Тауар биржасындағы мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді тауар биржасы Биржа ережесінде көзделген тәртіппен қабылдайды.
3. Биржалық сауда-саттықтарды өткізу тәртібі, оның ішінде атаулы және кросс-мәмілелерді жасасу ерекшеліктері
15. Биржалық сауда-саттықтың қатысушылары, брокерлер және/немесе дилерлер болып табылады. Биржалық сауда-саттық тауар биржасы белгілеген нысан бойынша қолданылатын сауда режимінің ерекшеліктерін есепке алумен биржалық сауда-саттыққа қатысушылар берген биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер негізінде жүргізіледі.
16. Биржалық сауда-саттықтар сауда күнінің ішінде жүргізіледі. Сауда күнінің басталу және аяқталу, сауда алдындағы мерзім (ол өткізілген жағдайда), сауда сессиясы және клирингтің уақытын сауда биржасы айқындайды.
17. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) ниеті бар биржалық сауда-саттыққа қатысушы тауар биржасына биржалар саудалық сессия ішінде сауда биржасына биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім береді.
Биржалық тауарды сатуға арналған өтінімде бағаны төмендету мүмкіндігі көрсетілуі мүмкін, биржалық тауарды сатып алуға арналған өтінімде - оны көтеруге, сондай-ақ биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерде биржалық сауда барысында биржалық мәміленің басқа да келісу мүмкіндіктері көрсетілуі мүмкін.
18. Биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдері Биржа ережесінде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен беріледі.
19. Өтінімдерді қабылдаудан бас тарту үшін:
1) өтінімнің дұрыс ресімделмеуі, өтінімді берудің белгіленген мерзімдерінің және тәртіптерінің бұзылуы. Бұл ретте өтінімді ресімдеу тәртібі Биржа ережесімен айқындалады;
2) биржалық мәмілелер қамтамасыз етіле отырып жасалған жағдайда міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің болмауы;
3) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық алымдарды төлемеуі негіз болып табылады.
20. Дауыс беру түрінде өткізілетін сауда-саттықта биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тауар биржасы бұл туралы биржалық сауда-саттықтардың қатысушысы биржалық сауда-саттықтар басталғанға дейін, ал электрондық түрде сауда-саттықтар өткізілген жағдайда мұндай өтінім берілгеннен кейін бірден хабардар етіледі.
21. Биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерді беруі осы өтінімдерде көрсетілген шарттарда биржалық сауда-саттықты жасаумен олардың сөзсіз келісуін білдіреді.
22. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) қабылданған өтінімдер тауар биржасында тіркеу және Биржа ережесінде белгіленген тәртіппен тауар биржасының сауда жүйесіне қосуға тиіс.
23. Биржалық сауда-саттыққа қатысушы өтінімнің шарттарын өзгерте немесе оның Биржа ережесінде қойылған мерзімдерінде және тәртіппен қайтара алады.
24. Тауар биржасы биржалық сауда-саттық басталғанға дейін:
1) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер тізілімін құрайды. Тізілім тауар биржасы бекіткен нысан бойынша жасалады;
2) трейдерлерді тіркейді;
3) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдердің қалыптастырылған тізілімі туралы трейдерлерді хабардар етеді;
4) ашылу бағасын, бағалық дәлізді, бағаның қадамын белгілейді және биржалық сауда-саттыққа қатысушыларға хабарлайды.
Электрондық биржалық сауда-саттықты дайындау осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жүзеге асырылмайды.
25. Өтінімдердің тізіліміне енгізілген биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінім берген трейдер, қашықтан қолжетімділікті қолдана отырып өткізілетін биржалық сауда-саттықты (абоненттік жүйелердің жергілікті желілермен өзара әрекеттесуі аумақтық коммуникациялық желілер арқылы жүзеге асырылғанда) қоспағанда, биржалық сауда-саттықты өткізген кезде операциялық биржа залында қатысады. Тауар биржасын алдын ала хабардар етпей биржалық сауда-саттықта трейдердің қатыспауы Биржа ережесінің бұзылуы болып табылады.
26. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелерден бір жақты бас тартуға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, өзге заңнамалық актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
27. Биржалық сауда-саттықта белгілі биржалық тауармен жасалған мәмілелердің міндеттемелері бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері осы биржалық тауармен мәмілелер бойынша шарттармен айқындалады.
28. Мүдделік жанжалдар туындаған жағдайда, тауар биржасының мүшелері мәмілені өз мүддесінен емес, клиент мүдделерінің басымдығын ескере отырып жасайды.
29. Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және есебінен жасауға болмайды.
30. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
31. Тауар биржасында осы Үлгі ережелерде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсына отырып және мұндай қамтамасыз етуді ұсынбай-ақ биржалық мәмілелер жасалуы мүмкін.
32. Тауар биржасында:
1) халықаралық іскер операциялармен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спорт-тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бере отырып жасалған мәмілелер;
2) фьючерстік мәмілелер;
3) опциондық мәмілелер;
4) қойма құжаттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бере отырып мәмілелер жасалады.
33. Тауар биржасында фьючерстік және опциондық мәмілелерді жасау құқығына тек қана брокерлер және (немесе) дилерлер ие.
34. Биржалық сауда-саттықтар мынадай сауда режимдерінде өткізіледі:
1) стандартты аукцион режимі;
2) классикалық сауда режимі;
3) қосарланған қарсы аукцион режимі.
35. Стандартты аукцион режимінде биржалық сауда-саттық төмендетуге не көтеруге аукцион түрінде өткізіледі, оның барысында сауда-саттыққа қатысушы - аукцион бастамашысы мен сауда-саттыққа қатысушы - аукцион жеңімпазы арасында биржалық мәміле жасалады.
36. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттық дауыстық не электрондық биржалық сауда-саттық түрінде өткізіледі.
37. Стандартты аукцион режимінде дауыстық биржалық сауда-саттық түрінде өткізілетін сауда-саттық әр аукцион бойынша қатысушылар саны кемінде бес қатысушыны құрағанда ғана өткізілді деп танылады.
38. Төмендетуге не көтеруге аукцион өткізу туралы хабарландыру аукцион өткізу күніне дейін бес күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
39. Дауыстық биржалық сауда-саттық түріндегі стандартты аукционды өткізген кезде аукционға барлық қатысушылар қол қоятын және олардың мөрлерімен куәландырылатын тиісті қағаз хаттамасын ресімдеу міндетті. Қағаз хаттамасы стандартты аукционға әр қатысушы үшін бір данадан және тауар биржасы үшін бір данадан есептегенде бірнеше данада жасалады және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тауар биржасының хаттамаларын есепке алу журналына сәйкес хаттаманың жасалған күнін, уақытын, орнын және оның нөмірін;
2) аукционға тапсырыс беруші - брокердің және оның клиентінің атауын;
3) аукцион түрін (төмендетуге немесе көтеруге);
4) сатып алынатын тауар параметрлерін, оның санын, бастапқы бағасын;
5) аукционды өткізу барысындағы бағаның өзгеру қадамын;
6) аукцион тапсырыс берушісінің аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын;
7) аукционға жіберілген аукцион қатысушылары - брокерлер мен олардың клиенттерінің атауын, СТН (БСН, ЖСН);
8) аукционды өткізу процесінде аукционға қатысушылардың сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдері туралы ақпаратты;
9) аукцион жеңімпазы туралы ақпаратты (брокер мен оның клиентінің атауы, СТН (БСН, ЖСН);
10) аукцион жеңімпазының сатуға (сатып алуға) арналған өтінімінің шарттарын.
40. Классикалық сауда режимі мен қосарланған қарсы аукцион режиміндегі сауда-саттық электрондық биржалық сауда-саттық түрінде өткізіледі.
41. Классикалық сауда режимін барысында тек бірін-бірі танитын сауда-саттыққа қатысушылар және олардың клиенттері арасында атаулы мәмілелер жасалатын биржалық сауда-саттық өткізіледі.
42. Атаулы мәміле биржаның сауда-саттық күні барысында сауда-саттыққа қатысушылардың трейдерлері арасындағы келіссөздер нәтижелері бойынша анықталатын шарттық баға бойынша жасалады.
43. Сауда-саттыққа қатысушылардың трейдерлері арасындағы келіссөздер нәтижелері атаулы мәміле жасасқан кезде сауда-саттыққа қатысушылармен міндетті түрде құжатталуы тиіс. Сауда-саттыққа қатысушылардың келіссөздер нәтижелерін қағаз және/немесе электрондық түрде құжаттауға жол беріледі.
44. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттық сауда-саттыққа қатысушылардың биржаның сауда жүйесіне қарсы өтінімдер арасында ең жақсы баға бойынша сату (сатып алу) және биржалық мәміле жасасуға анонимді өтінімдерді ұсыну арқылы өткізіледі.
45. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықа қатысу сауда-саттыққа қатысушылар тауар биржасына немесе оның клирингтік орталығына сауда-саттыққа қатысушылардың осы сауда режимінде жасалған биржалық мәміле бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін кепілдік қамтамасыз етуді алдын ала енгізген жағдайда ғана мүмкін.
46. Қосарланған қарсы аукцион режимінде атаулы және кросс мәмілелерін жасасуға жол берілмейді.
47. Сауда режимдерінде биржалық сауда-саттықты өткізудің тәртібі мен ерекшеліктері Үлгі ереженің осы тарауының ережелерін есепке ала отырып, айқындалады.
4. Биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасалған мәмілелер
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі
48. Тауар биржасымен биржалық саудаға қатысушылардың есебі Биржа ережесіне және биржалық қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
49. Тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша биржалық тауар төлемі мен оларды жеткізу мынадай тәсілдермен, бірақ олармен шектелмей жүзеге асырылады:
1) тауар биржасымен немесе клирингтік ұйыммен биржалық сауда-саттық нәтижелері бойынша тиісті мәміле жасалған клиринг жүзеге асыратын Биржа ережесіне көзделген биржалық тауарларды жеткізуді растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ашылатын биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын есептік ұйымның қатысуын көздейтін шарт жасалған клирингтік ұйымның есепті ұйымда шотты ашу жолымен биржалық тауарға төлем жасау;
2) қарапайым немесе екі жақты қойма куәлігін (кепілді куәліктен бөлек қойма куәлігі) немесе биржалық тауардың болуы немесе тиеу-түсіру фактісін растайтын Биржа ережесінде айқындалған өзге де құжаттардың тиісті мәмілесі жасалған Биржа ережесінде айқындалған мамандандырылған ұйымда шарттарды сақтауға беру кезінде «төлемге қарсы жеткізу» шарттарында шот ашпай-ақ есептік ұйым арқылы биржалық тауарларға төлем жасау;
3) сатып алушының биржалық тауарға алдын ала ақы төлем жасау шарттарында биржалық тауарды жеткізу;
4) сатушымен биржалық тауарды алдын ала жеткізу шарттарында биржалық тауарларға ақы төлеу.
50. Биржа ережесінде биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айрысудың бір немесе бірнеше тәсілдері көзделуі мүмкін.
51. Егер Биржа ережесінде белгілі бір сауда режимінде биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысудың бірнеше тәсілі көзделген болса, тараптар өтінім беру кезінде есеп айырысу кодын көрсету арқылы мәмілелерді жасасу кезінде осындай тәсілдердің бірін таңдайды.
52. Қамтамасыз етуді ұсыну арқылы биржалық мәмілелер негізінде жасалған шарттар бойынша есеп айырысу мынадай жағдайларда тауар биржасының және/немесе оның клирингтік орталығының есебі пайдаланыла отырып жүргізіледі:
1) егер биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сатушы немесе сатушы мүддесін білдіруші ретінде көрінетін, биржалық сауда қатысушысы және шарт талаптары бойынша ұсынылса, есеп айырысулар алдын ала төлеу нысанында жүргізіледі;
2) егер биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету биржалық сауда-саттықтарының қатысушы ретінде көрінетін, биржалық сауда қатысушысы және шарт талаптары бойынша ұсынылса, тауарды жеткізу оның төлеміне дейін жүзеге асырылады.
53. Тауар биржасы онда жасалатын фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында клирингтік орталықтар арқылы есеп айырысу қызметін көрсетуді ұйымдастырады.
54. Клирингтік орталық:
1) фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуына және осы мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалмауы не тиісінше орындалмауы нәтижесінде пайда болған зиянды өтеуге кепілдік беретін жарналардың түрлерін, мөлшерін және оларды алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ осы мәмілелерге қатысушылардың басқа да қаржылық міндеттемелерін айқындайды;
2) фьючерстік және опциондық мәмілелерге кепілдік беру үшін шаралар қабылдайды;
3) тауарлармен мәмілелер жасау нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебін жүзеге асырады.
4) талап анықтайды (немесе) және фьючерс және опцион мәмілелері бойынша тараптардың міндеттемесі, есептеулер ол бойынша ұйымдастырады.