5. Бөлiмшелердiң тәрбиешiлерi мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы:
ескерту немесе сөгiс.
135-бап. Кәмелетке толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру
1. 18 жасқа толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, тәрбиелеу колонияларында қалдырылады, бiрақ олар әрi дегенде 20 жасқа толғанға дейiн болады.
2. 18 жасқа толған және тәрбиелеу колонияларында қалдырылған сотталғандарға сотталған кәмелетке толмағандар үшiн жазаны өтеудiң жағдайлары, тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары қолданылады. 18 жасқа толған адамдардың еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
3. 18 жасқа толған сотталғандарды тәрбиелеу колониясында қалдырушы колония бастығының ұсынысы бойынша сот жүргiзедi.
136-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларынан түзеу колонияларына ауыстыру
1. 18 жасқа толған, өзiн терiс жағынан көрсеткен сотталғандар жазаларын одан әрi өтеу үшiн тәрбиелеу колониясынан жалпы режимдегi түзеу колониясына ауыстырылуы мүмкiн.
2. 18 жасқа толған сотталушыны түзеу колониясына ауыстыру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен сот қабылдайды.
3. 20 жасқа толған барлық сотталғандар жазаларын одан әрi өтеу үшiн тәрбиелеу колониясы бастығының қаулысымен тәрбиелеу колониясынан жалпы режимдегi түзеу колониясына ауыстырылады.
137-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу және оларды өз бетiнше өмiр сүруге даярлау мақсатында сотталғандардың бойында заңды бұзбау мiнез-құлқын, еңбек пен оқуға адал қарауды қалыптастыруға, кәсiптiк даярлауға, білімi мен мәдени деңгейiн көтеруге бағытталған бiрыңғай оқу-тәрбие процесi ұйымдастырылады.
2. Тәрбие жұмысы әрбiр сотталушының жеке басының дара ерекшелiктерi мен бостандықта өмiрге ойдағыдай үйренiсуi ескерiле отырып жүргiзiледi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуы мен кәсiптiк даярлануы тәрбиелеу колониясының кешкi мектептерi мен кәсiпорындары негiзiнде жүзеге асырылады.
138-бап. Тәрбиелеу колонияларының жұмысына қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы
1. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және мекеменiң материалдық-техникалық базасын нығайту iсiне, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыста жайғастыру мәселелерiн шешуде колония әкiмшiлiгiне көмек көрсету үшiн тәрбиелеу колониясының жанынан мемлекеттік кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өкiлдерiнен қамқоршылық кеңесi құрылады.
Қамқоршылық кеңесiн ұйымдастыру мен оның қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ережемен регламенттеледi.
2. Сотталғандарға тәрбие ықпалының тиiмдiлiгiн арттыру және колония әкiмшiлiгiне көмек көрсету мақсатында тәрбиелеу колониясында топтардың жанынан сотталғандардың ата-аналары мен басқа да жақын туыстарынан ата-аналар комитетi құрылуы мүмкiн. Ата-аналар комитеттерiнiң қызметi тәрбиелеу колониясының бастығы бекiтетiн ережемен реттеледi.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен 5-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-Бөлім. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты
әскери қызмет бойынша шектеу, қамау
түріндегі жазаларды атқару
18-тарау. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі
жазаны атқару
139-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен ережелерi
1. Соттың үкіміне сәйкес әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны атқару туралы өкiм келiп түскен соң үш күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметшi қандай негiзде және қандай мерзiм iшiнде лауазымды өсiруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қандай мерзiм есептелмейтiнi түсiндiрiледi. Сонымен бiрге сот үкіміне сәйкес сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен әскери қызмет бойынша шектеудi өтеу кезеңiнде тиiстi бюджетке қандай мөлшер ұсталып қалатыны көрсетiледi. Бұйрық әскери бөлiмде жарияланады, сотталған әскери қызметшiнiң назарына жеткiзiледi және атқаруға қабылданады.
2. Үкiмнiң келiп түскенi туралы, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның атқарылуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа үш күн мерзiмде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.
140-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен ұстап қалу
Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен соттың үкімімен белгiленген ұстап қалу лауазымдық айлықақысынан, әскери атағы бойынша үстемеақысынан, ай сайынғы және өзге үстемеақылары мен басқа да қосымша ақша төлемдерiнен есептеледi.
141-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметiн өзгерту
1. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметшiнiң жазаны атқару тәртібінде соттың үкімімен белгiленген мерзiм iшiнде лауазымын жоғарылатуға болмайды.
2. Егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлар ескерiле отырып, сотталған әскери қызметшiнi бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкiн болмаса, ол әскери бөлiмнiң тиiстi командирiнiң шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң iшiнде де, басқа бөлiмге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылады, бұл туралы үкiмдi шығарған сотқа хабарланады.
142-бап. Сотталған әскери қызметшiмен тәрбие жұмысы
Сотталған әскери қызметшiмен әскери бөлiмнiң командирi жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауiптілік дәрежесiн, сотталған әскери қызметшiнiң жеке басын, сондай-ақ оның мiнез-құлқы мен әскери қызметке көзқарасын ескере отырып тәрбие жұмысын жүргiзедi.
143-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқарудың тоқтатылуы
Соттың үкімімен және әскери бөлiм бойынша жарияланған бұйрықпен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн үш күннен кешiктiрмей әскери бөлiмнiң командирi әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаның атқарылуын тоқтату туралы оның тоқтатылатын күнi көрсетiлген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшiрмесi үкiмдi шығарған сотқа жiберiледi.
144-бап. Әскери қызметтен босатылатын сотталған әскери қызметшiнi әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазадан босату немесе оны ауыстыру
Соттың үкімімен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн сотталған әскери қызметшi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
Бұл жағдайда әскери бөлiм командирi сотқа жазаның өтелмей қалған бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жолдайды.
19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерге
қатысты қамауды атқару
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 145-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
145-бап. Әскери қызметшiлердiң қамауды өтеу орындары
Қамауға сотталған әскери қызметшiлер жазаны гаупвахтада өтейдi. Офицерлер, сержанттық, старшиналық және қатардағы құрамдардың әскери қызметшiлерi өзге негiздер бойынша гаупвахтада ұсталатын әскери қызметшiлерден бөлек және жеке ұсталады.
146-бап. Сотталғандарды гаупвахтаға жiберу тәртібі
Қамауға сотталған әскери қызметшiлер жазаны өтеу үшiн үкiмдi атқару туралы соттың өкімі алынғаннан кейiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен үш күн мерзiмде гаупвахтаға жiберiлуге тиiс.
147-бап. Сотталғандарды гаупвахтада ұстаудың тәртібі мен жағдайлары
Гаупвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшiлерге қатысты қамау түріндегі жазаны атқарудың осы Кодекстiң 64-бабында, сондай-ақ әскери жарғыларда белгiленген тәртібі мен жағдайлары қолданылады.
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
148-бап. Сотталғандарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары
1. Сотталғандарға үлгiлi мiнез-құлқы үшiн алғыс немесе бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу түрiнде көтермелеу шаралары қолданылады.
2. Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшiн сотталушыға сөгiс немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераға көшiру түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын гарнизонның бастығы пайдаланады.
149-бап. Сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
1. Қамау түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызметтiң жалпы мерзiмiне және кезектi әскери атақ беруге арналған еңбек сiңiрген жылдарына есептелмейдi.
2. Жазаны өтеу уақытында сотталушыны кезектi әскери атақ беруге, жоғары қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға және әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, бұған денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайлар қосылмайды.
3. Қамауға сотталған әскери қызметшiлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейдi.
20-тарау. 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-Бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау
21-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаудың
тәртібі мен жағдайлары
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 529-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 165-бап өзгертілді
165-бап. Жалпы ережелер
1. Өлiм жазасына сотталған адамды ұстаудың жағдайы оны күшейтiлген күзетпен және жалғыз адамдық камерада оқшаулаумен қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш берген жағдайда үкiмнiң орындалуы Қазақстан Республикасының Президентi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Сотталушы кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқан жағдайда тергеушілік оқшаулау орнының әкiмшiлiгi прокурордың қатысуымен тиiстi акт жасайды.
4. Сот үкімінiң заңды күшiне енуi, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртібімен соттың үкіміне қарсылық жасау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы және iстi қадағалау тәртібімен қарау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қорытындылары, сондай-ақ кешiрiм жасау туралы өтiнiштiң қабылданбағаны туралы хабарлама немесе сотталушының кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруден бас тартқаны туралы акт өлiм жазасы түріндегі жазаны орындау үшiн негiз болып табылады.
5. Өлiм жазасы туралы үкiм ол күшiне енген кезден бастап ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II; 10.03.04 ж. № 529-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 166-бап өзгертілді
166-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
1. Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталушының заңда белгiленген тәртiппен кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген жағдайда, сотталғанның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылған уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін де бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.
2. Ол:
заңда көзделген тәртiппен қажеттi азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды ресiмдеуге;
заң көмегiн алуға және ұзақтығы мен санына шек қойылмай адвокатпен кездесуге;
қажеттi медициналық көмек алуға;
хаттарды шек қойылмай алуға және жiберуге;
зайыбымен, жақын туыстарымен ай сайын бiр қысқа мерзiмдi кездесуге;
дiн қызметшiсiмен кездесуге;
күн сайын ұзақтығы отыз минут болатын сейiлдеудi пайдалануға;
тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi нәрселердi сатып алуға қатаң режимдегi түзеу колониясында ұсталатын сотталғандар үшiн көзделген мөлшерде ақша жұмсауға құқылы.
3. Өздерi жөніндегі сот үкімі заңды күшiне енген, бiрақ кешiрiм жасау мәселесi шешiлмеген не кешiрiм жасау туралы өтiнiшi қанағаттандырылған өлiм жазасында сотталғандар жазасын одан әрi өтеу үшiн түзеу мекемесiне жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 123-бабында көзделген жағдайларда ұсталады.
4. Өздерi жөніндегі кешiрiм жасау туралы өтiнiш қабылданбаған өлiм жазасына сотталғандар үкiмдi орындау үшiн тиiстi мекемелерге жiберiлгенге дейiн осы Кодекстiң 127-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда ұсталады.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 167-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
167-бап. Өлiм жазасын орындау тәртібі
1. Өлiм жазасы жария етпей ату жолымен орындалады. Бiрнеше адамға қатысты өлiм жазасын орындау әрбiреуiне қатысты жеке және өзгелерi жоқта орындалады.
2. Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы атқарылатын мекеменiң өкiлi және дәрiгер болады.
3. Сотталушының өлгенiн дәрiгер куәландырады. Сот үкімінiң орындалғаны туралы хаттама жасалады, оған осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қол қояды.
4. Жазаны атқарған органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа, сондай-ақ сотталған адамның зайыбына немесе жақын туыстарының бiрiне өлiм жазасының атқарылғаны туралы хабарлауға мiндеттi. Өлiктiң жерленген жерi туралы туыстарына жерленген кезден екi жыл өткен соң хабарланады.
5. Азаматтық хал актілерін жазу органына әкiмшiлiк белгiлеген үлгiде хабарлама жiбередi және туыстарына олардың өлуi туралы куәлiктi қайдан алуына болатын орынды хабарлайды.
7-Бөлім. Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден
босатылған сотталғандарға көмек және
оларға бақылау жасау
22-тарау. Жазаны өтеуден босату
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 168-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
168-бап. Жазаны өтеуден босатудың негiздерi
Жазаны өтеуден босатудың негiздерi мыналар болып табылады:
сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеу;
iс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе iс жүргiзудiң қысқартылуына байланысты сот үкімі күшiнiң жойылуы;
жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату;
жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру;
кешiрiм жасау немесе рақымшылық жасау;
сотталған адамның мүгедектігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы бекітетін тізбеде көзделген сырқаты;
заңда көзделген өзге де негiздер.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II заңымен ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 169-бап өзгертілді
169-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға ұсыну тәртібі
1. 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Кешiрiм жасауға ұсынылатын сотталушы жөнiнде жазаны атқарушы мекеме немесе орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өтiнiш енгiзедi.
3. Жазасын өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру
туралы өтініште және кешiрiм жасау туралы ұсыныста сотталушының жеке басын сипаттайтын деректер, сондай-ақ оның мiнез-құлқы, жазасын өтеу кезіндегі еңбек пен оқуға көзқарасы баяндалуға тиiс.
4. Рақымшылық жасауды қолдану тәртібін рақымшылық жасау туралы актiнi шығарушы орган белгiлейдi.
5. Жүйке бұзылуы салдарынан жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсыныспен бiрге медициналық комиссияның қорытындысы және сотталушының жеке iсi жолданады.
6. Ауыр сырқатқа байланысты жазаны өтеуден босату туралы ұсынысты сотқа жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы енгiзедi. Ұсыныспен бiрге сотқа медициналық немесе медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының қорытындысы мен сотталушының жеке iсi жолданады. Ұсыныста сотталушының жазасын өтеу кезіндегі мiнез-құлқын сипаттайтын деректер болуға тиiс.
7. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамдар I және II топтағы мүгедек деп танылған жағдайда жазаны атқарушы мекеме немесе орган оны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босату туралы ұсыныс енгiзедi.
8. Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған әйелдердiң жүктілігi анықталған жағдайда жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның бастығы сотқа жүктілігi мен тууы бойынша демалыс берген күннен бастап оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс енгiзедi.
9. Сотталушы заңмен белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату, не одан бас тарту, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы мәселенi бiр ай мерзiмде қарауға және өтінішхат шығаруға мiндеттi , ол кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға жіберіледі. Жазасын өтеу мерзімінің заңмен белгіленген бір бөлігін өтеген сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі туралы жәбірленушіні не оның өкілін мекеменің немесе жазаны орындаушы органның әкімшілігі үкім шығарған сот берген мекен-жай бойынша почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етеді.
10. алып тасталды
11. Сот шартты-мерзiмiнен бұрын босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстырудан бас тартқан жағдайда, осы негiздердiң кез келгенi бойынша қайта өтініш енгізу - бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап алты айдан ерте орын алмауы керек.
12. Шартты-мерзiмiнен бұрын босатылғандар, сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталғандар, егер олар заңда көзделген жағдайларда түзеу мекемелерiне жiберiлген болса, жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағына ауыстыруды шартты-мерзiмiнен бұрын босатудан бас тарту туралы сот шешiмi шығарылған күннен бастап ерте дегенде бiр жыл өткен соң қайта ұсынуға болады.
170-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынудың ерекшелiктерi
1. Өмiр бойы бас бостандығынан айырудан шартты-мерзiмiнен босату сотталушының алдыңғы үш жылдың iшiнде жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзушылығы болмаған жағдайда ғана қолданылады.
2. Өмiр бойы бас бостандығынан өтеу кезеңiнде жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандар шартты-мерзiмнен бұрын босатуға ұсынылмайды.
3. Сот сотталушыны шартты-мерзiмнен бұрын босатудан бас тартқан жағдайда сот бас тарту туралы шешiм қабылдаған күннен бастап ерте дегенде үш жыл өткен соң қайталап ұсыныс енгізу орын алуы мүмкiн.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) заңдарымен 171-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 171-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
171-бап. Жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер жөнiнде жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру
1. Түзеу колониясында жазасын өтеушi жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге сот тиiсiнше бес жылға дейінгі, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге жазаның атқарылуын кейiнге қалдыруы мүмкiн.
2. Жазаның атқарылуын кейiнге қалдыру жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан артық мерзiмге сотталған әйелдерге қолданылмайды.
3. Түзеу колониясының әкiмшiлiгi сотқа сотталған әйелге жазаны қолдануды кейiнге қалдыру туралы ұсыныс немесе оның тиiстi өтiнiшiн жолдайды. Оған қылмыстық-атқару инспекциясы жасаған әйелдiң мiнездемесi, әйелдi және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға келiскен туысқандарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актiсi, жүктілігi туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ сотталушының жеке iсi қоса тiркеледi.
4. Түзеу колониясының әкiмшiлiгi сотталған әйел жөнiнде жазаның атқарылуын кейiнге қалдыру туралы сот қаулысын алған соң оны босатады. Сотталушыдан өзiнiң тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына барып жеткен күнiнен бастап үш күн мерзiмде баруы туралы қолхат алынады.
5. Сотталған әйел тұратын жерiне мемлекет есебiнен өзi барады.
6. Босатылған күнiнде сотталған әйелдiң тұратын жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына босатылған күнi көрсетіліп, жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы сот ұйғарымның көшiрмесi жiберiледi.
7. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған әйел келген соң үш тәулiк iшiнде оны есепке алуға, босатылған орны бойынша түзеу колониясының жеке iсiн сұратуға мiндеттi және бұдан әрi оның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асырады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 172-бап өзгертілді
172-бап. Сотталған әйелдiң жазасын атқаруды кейiнге қалдыру ережелерiн сақтамауының салдары
1. Сотталған әйел, осы Кодекстiң 171-бабында көрсетiлгенiндей, босаған күнiнен бастап екi апта мерзiмде келмеген жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясы белгiленген тәртiппен iздеу жариялайды.
2. Қоғамдық тәртiптi бұзуға жол берген, өзiне жазаны атқаруды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған әйел, егер өзi жөнiнде мерзiмiн кейiнге қалдыру кезеңiнде әкiмшiлiк жазалары не тәртiптілік немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылған болса, не егер ол баланы тәрбиелеуден немесе оны күтiп-бағудан жалтарса, қылмыстық атқару инспекциясы жазбаша ескерту жасайды.
3. Егер сотталған әйел баласынан бас тартса, не жасырынса немесе баланы тәрбиелеуден, немесе қылмыстық-атқару инспекциясы шығарған екi мәрте жазбаша ескертуден кейiн қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырса, инспекция сотқа оның тұрғылықты жерi бойынша жазаны атқаруды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталушыны сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзедi. Ұсынысқа жазаны атқаруды кейiнге қалдыру туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркеледi.
4. Жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейiн немесе бала өлген жағдайда не жүктілік үзiлген ретте қылмыстық-атқару инспекциясы әйелдiң тұратын жерi бойынша оның мiнез-құлқын ескере отырып, сотталған әйелдi жазасының қалған бөлiгiн өтеуден босату туралы не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағымен ауыстыру туралы, не оны түзеу мекемесiне жiберу туралы сотқа ұсыныс жолдайды.
2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 173-бап өзгертілді
173-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртібі
1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру, сондай-ақ әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны өтеу заңға сәйкес жазаның мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерістер ескерiле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнде тоқтатылады.
2. Қамауға және бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi бiтетiн болса, сотталушы жазаны өтеуден демалыс алдындағы немесе мереке алдындағы күнi босатылады. Жазаның мерзiмi айлармен есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн болмаса - сол айдың соңғы күнiмен бiтедi.
3. Сотталушыға босатылған кезде оған тиесiлi заттары мен құндылықтары, оның жеке шотында сақтаулы ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi.
4. Қамау немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылатын сотталушы адамның жеке iсiнде сақтаулы тұрған төлқұжаты немесе жеке басының куәлiгi, еңбек кiтапшасы мен зейнеткерлiк куәлiгi, сондай-ақ өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына берiледi. Сотталушының жеке iсiнде төлқұжаты, жеке басының куәлiгi, еңбек кiтапшасы мен зейнеткерлiк куәлiгi болмаған жағдайда жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi олардың алынуына алдын-ала шаралар қолданады.
5. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталған соң алынса - келесi күнi таңертең жүргiзiледi.
6. Қылмыстық-атқару инспекциясы түзеу жұмыстары түріндегі жазаның аяқталған күнiнде, ал бұл жазадан басқа негiздер бойынша босатылған жағдайда тиiстi құжаттарды алған соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сотталушы жазасын өтеп жатқан кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгiне оның жалақысынан ұсталып қалатындарды тоқтатуды ұсынуға мiндеттi. Сотталушыға жазасын өтегенi туралы құжат берiледi.