Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2004 жылғы 10 наурыздағы № 529-II Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат):
49-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.»;
төртінші бөлік «орындалады.»деген сөздің алдынан», сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.».
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат):
1) 458-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін өлім жазасы туралы үкімді қайта қарау осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.»;
2) 459-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Заңды күшіне енген өлім жазасы туралы үкімдер өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы да мүмкін.».
3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат):
1) 69-баптың 8-тармағы», сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады.»деген сөздермен толықтырылсын;
2) 126-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі «өтейді.»деген сөз», сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады.»деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 127-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар басқа сотталғандардан оқшау, жалғыз адамдық камераларда ұсталады.»;
4) 165-баптың 5-тармағы «бір жыл өткеннен ерте орындалмайды.»деген сөздер «ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.»деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 166-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген жағдайда, сотталғанның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылған уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін де бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар.».
Қазақстан Республикасының