Бұл ретте мемлекеттік орган, өтiнiм берушіге осы тармақта көзделген мәмiлелердi жасауға рұқсат беруден, егер бұл бір елден шыққан бір тұлғада немесе тұлғалар тобында мұнай операцияларын жүргізу құқықтарының шоғырлануына әкеп соғатын болса, бас тартуға құқылы.
Аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.
4. Мыналарға:
1) шегiнде еңбек, қаржы ресурстары мен өзге де ресурстардың еркiн орын ауыстыруы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының рынок кеңiстiгiнiң;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас және дербес қаржы жүйесiнiң, соның iшiнде елдiң бүкiл аумағында ұлттық валюта-теңге айналысының;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерiнiң қалыптасуы мен iркiлiссiз жұмыс iстеуi мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
5. Мыналарға:
1) Қазақстан экономикасына инвестициялардың құйылуына кедергi жасайтын;
2) теңге бағамының күрт құлдырауына, мемлекеттiң алтын-валюта активтерiнiң сарқылуына, елдiң экономикасы мен ақша айналысын тұралатып тастауы мүмкiн мемлекеттік қарыз көлемiнiң өсуiне ұрындыратын;
3) капиталдың елден сыртқа бақылаусыз әкетiлуiне ықпал ететiн шешiмдер қабылдауға және iс-қимылға тыйым салынады және бұл жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 2005.14.10 № 79-III Заңымен 6 тармақпен толықтырылды
6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарына (объектiлерiне) меншiк құқығының ауысуына және туындауына шектеу қояды.
ҚР 28.04.00 ж. № 45-11 Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қоғамдық қауiпсiздiк мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепiлдiктерiн нығайтуға;
2) қазақстандық патриотизмге және ұлтаралық татулыққа негiзделген жалпыұлттық психологияны қалыптастыруға;
3) Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға;
4) халықтың табиғи өсiмiн көтермелеуге және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы әрекет жасау жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етуге;
5) қылмысқа, соның iшiнде оның ұйымдасқан түрлерiне, сыбайлас жемқорлық пен терроршылдыққа қарсы күрестi күшейтуге;
6) саяси тұрақтылыққа қауiп төндiретiн жұмыссыздықтың күрт өсуi мен халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуiн тежеуге;
7) халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiне, Қазақстан халқының тектiк қорына қауiп төндiретiн нашақорлық пен маскүнемдiктiң, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк факторлардың алдын алуға;
8) елдiң интеллектуалдық әлеуетiнiң төмендеуiне кедергi жасауға бағытталған шешiмдерiмен және iс-әрекеттерiмен қамтамасыз етiледi.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан халқының бiрлiгiн бұзуға және ұлтаралық қатынастар жай-күйiн нашарлатуға;
2) елдегi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты бұзуға;
3) дiннiң мемлекет iстерiне және мемлекеттiң дiн iстерiне заңсыз араласуына әкеп соқтыруға;
4) қылмыс пен құқық бұзушылықтың өсуiне көрiнеу алып келуге ықпал ететiн шешiмдер қабылдау мен iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
3. Азаматтардың, соның iшiнде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң:
1) конституциялық құрылысты құлатуға немесе күштеп өзгертуге, соның iшiнде жiкшiлдiкке немесе Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, оның аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына және бөлiнбейтiндiгiне қатер төндiретiн немесе өзге де iс-қимылға;
2) билiктi басып алуға;
3) Қазақстан Республикасының қалыптасқан органдарының, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес сайланған (тағайындалған) лауазымды адамдардың өкiлеттiгiн күш қолданып тоқтатуға немесе қызметiне кедергi келтiруге;
4) орын алып отырған конфессиялық айырмашылықтар мен түрлi дiни көзқарастарды саяси мақсатқа пайдалануға шақыруы ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiредi және заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады деп танылады.
4. алынып тасталды
20-бап. Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдарының, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен азаматтардың мiндетi:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайтуға;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң жауынгерлiк қабiлет деңгейiн ұстап тұруға және оны арттыруға;
3) жұмылдырушы қуаттар мен жұмылдырушылық резервтердi (ресурстарды) сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жауынгерлiк қабiлетiне нұқсан келтiруi мүмкiн шешiмдер мен iс-қимылдардың қандайын болса да қолдануға тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға көзделген реттердi қоспағанда:
1) Қазақстан аумағында шет мемлекеттердiң әскери базаларын орналастыруға;
2) шет мемлекеттердiң әскери құрамаларының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк түйiсуi мен өткiзiлуiне жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес тартылады.
21-бап. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Тиiстi мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мiндетi:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау;
2) Қазақстанға экологиялық жағынан қауiптi технологиялардың, заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелiнуiне жол бермеу;
3) ел аумағының радиоактивтi, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу;
4) экологиялық жағынан қауiптi және жетiлдiрiлмеген технологиялардың қолданылу ауқымын қысқарту;
5) шаруашылық және өзге де қызметтiң келеңсiз экологиялық зардаптарын жою болып табылады.
ҚР 28.04.00 ж. № 45-11 Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасында ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттік ақпарат ресурстарын қорғаудың ұлттық жүйесi құрылып, нығайтылады.
2. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды адамдарының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауы дүниежүзiлiк саяси және экономикалық даму үрдiстерi, басқа, әсiресе шектес мемлекеттердiң саясаты мен экономикасындағы ахуалдар туралы шынайы және алдын ала берiлетiн ақпаратқа негiзделуге тиiс.
3. Мемлекеттік органдардың, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың мiндетi:
1) Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiне;
2) басқа мемлекеттердiң тарапынан ақпараттық экспансия жасау мен қоршауға;
3) Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiн, Үкіметін және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштерiн ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеу жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдану болып табылады.
4. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және оның үздiксiз жұмыс iстеуi;
2) Қазақстанның байланыс пен информатиканың әлемдiк жүйесiне кiруi жөніндегі ұлттық мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
5. Мыналарға:
1) бес жыл iшiнде лауазымдық жағдайына байланысты мемлекеттік құпия болып табылатын мәлiметтерге қол жеткiзген адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне;
2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағында мазмұны ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін баспа өнімін және шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуға;
3) мемлекет мүдделерiне байланысты қызметтiк және өзге де ақпаратты жария етуге;
4) шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы заңды тұлға - бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң немесе осы салада қызметiн жүзеге асырушының акциялар пакетiнiң (үлесiнiң, пайлардың) 20 процентiнен астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
6. алынып тасталды
05.07.04 ж. № 568-II ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Байланыс саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ақпараттық оқшаулануын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар инвесторларға берілетін кепілдіктерді сақтай отырып, магистральдық байланыс жолдарын басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне, сондай-ақ шет ел қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншігіндегі байланыс желілеріне осы Заңда айқындалған тәртіппен бақылау жасауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін сақтау мақсатында, оның ішінде ерекше кезеңде әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желілерінің үздіксіз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдану мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының органдары мен лауазымды адамдары байланыс желілерін салу, оларды пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сақтау талаптарын басшылыққа алуға тиіс.
4. Мыналарға:
1) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың магистральдық байланыс жолдарын басқаруына және пайдалануына;
2) басқару орталығы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан байланыс желілерін оның аумағында құруға және пайдалануға;
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде байланыс жолын иеленуші және (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының он процентінен астамын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның келісімінсіз жеке және заңды тұлғалардың дербес немесе бір топ адамдар құрамында сатып алуына немесе меншікке өзгеше алуына;
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыратын, жер бетіндегі (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) байланыс жолдарын иеленетін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының, сондай-ақ үлестерінің, пайларының жиынтығы 49 процентінен астамын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғалардың тікелей және (немесе) жанама иеленуіне, пайдалануына, билік етуіне және (немесе) басқаруына;
5) жедел-іздестіру шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін байланыс желілерін пайдалануға беруге тыйым салынады.
5. Байланыс саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларын (үлестерін, пайларын) иелену немесе олардың қызметіне қатысу бөлігіндегі өзге де шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
23-бап. Мемлекеттік институттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Мемлекеттік институттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының аса маңызды мiндетi, олардың қызметтiк iс-әрекетiн бағалау өлшемдерiнiң бiрi болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарда:
1) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының бағыттары мен кезеңдерiн стратегиялық жоспарлау;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заң шығару, басқару актілері мен өзге де актiлердi әзiрлеуi, қабылдауы және орындауы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
3. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, соның iшiнде оның құқық қорғау органдарының қауiпсiздiк қызметтерi мен соттарының бiртұтас жүйесiнiң;
2) Қазақстан Республикасының бiртұтас құқықтық жүйесiнiң қалыптасуы мен iркiлiссiз жұмыс iстеуi мүдделерiне қайшы келетiн қандай да болсын шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
4. Мемлекет:
1) мемлекеттік қызметтiң беделi мен абыройын арттыруға;
2) белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн адамдардың мемлекеттік қызметке кiруiне жол бермейтiн ұйымдық-құқықтық тетiктер қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданады.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерi өз қызметiнде жалпы мемлекеттік мүдделердi басшылыққа алуға мiндеттi. Мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік өкiметтiң беделiне күмән келтiруi мүмкiн, лауазымдық жағдайын қызметтен тыс мүдделерге пайдалануға апарып соғатын шешiмдер қабылдауына және iс-қимыл жасауына тыйым салынады.
6. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, соның iшiнде мемлекеттік сатып алуға арналған қаражатты және бөлiнген несие ресурстарын үлестеп бөлуге;
2) рұқсаттар мен лицензиялар беруге;
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен преференциялар беруге;
4) мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiруге байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерi заңдарда белгiленген шекте ашық және бақылаулы сипатта болуға тиiс.
24-бап. Сыртқы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiктiң халықаралық кепiлдiктерiн алу мақсатында Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын халықаралық (ғаламдық, аймақтық) қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады.
2. Сыртқы саяси қатынастар саласында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету:
1) ғаламдық бейбiтшiлiк тәртібін қалыптастыру жөніндегі халықаралық күш-жiгерге қатысудан;
2) Қазақстанның геосаяси төңiрегіндегі ұжымдық қауiпсiздiктiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мен нығайтудан;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң мүдделерiне сай қызмет iстейтiн халықаралық ұйымдарға қатысудан;
4) елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қатысудан;
5) қажет болған жағдайларда шектес мемлекеттермен бiрлесiп, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелердi шешуден тұрады.
3. Қазақстан Республикасы:
1) сенiмдi шекаралық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік шекараны қорғау жүйесiн дамытып, нығайтады;
2) ұқсас халықаралық бақылау жүйелерiне кiрiгу арқылы мемлекеттiң әуе кеңiстiгiне бақылаудың ұлттық жүйесiн қалыптастырады;
3) заңсыз көшiп келуге жол бермеу жөнiнде қажеттi шаралардың бәрiн қолданады.
4. Қазақстан Республикасына қарсы зиянкестiк қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстанның егемендiгiне, аумақтық тұтастығына, оның халқының бiрлiгiне, елдегi қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа жария қарсы шығатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және осындай жария бой көрсетуге жол берген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ел шегiнен қуылуға тиiс әрi Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес өзге түрде де жауапқа тартылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштердiң қызметi мен осыған бағытталған шаралар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
26-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын қадағалау
Осы Заңның және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл қолданылуына жоғары дәрежелi қадағалауды Қазақстан Республикасының Прокуратурасы жүзеге асырады.
2007.07.08. № 321-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
27-бап. Ұлттық қауiпсiздiк туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Осы Заңның өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
Осы Заңның ережелерi ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен әдiстерiн реттейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау үшiн негiз болып табылады.
29-бап. Халықаралық шарттар және елдiң ұлттық қауiпсiздiгi
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн немесе мемлекеттік тәуелсiздiгiн жоғалтуға әкеп соғатын;
2) Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтары аясын тарылтатын халықаралық шарттар жасасуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының