«республикалық бюджет қаражатының» деген сөздер «бюджет қаражатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-баптың екінші бөлігінде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен шарт жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайларда, адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражатының есебіне жатқызылуы тиіс.»;
19) 174-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердің, олардың заңды өкілдерінің қылмыстық процесті жүргізуші органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың немесе жәбірленушінің (жеке айыптаушының) өкілінің осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, куәнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердің мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебінен өтелуге жатады:»;
20) 175-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:
«5-1) жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) заң көмегін көрсеткені үшін төленетін сомалардан, оны төлеуден босатылған жағдайда;»;
21) 176-бапта:
екінші бөлігіндегі «сондай-ақ осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда қорғаушыға» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің (жеке айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты іс жүргізу шығындары бюджет қаражаты есебіне жатқызылады.»;
22) 216-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 73-бабының екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.»;
23) 217-баптың төртінші бөлігіндегі «Осы» деген сөз «Осы Кодекстің 73-бабының екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 244-бапта:
тақырыбы «жәбірленушінің» деген сөзден кейін «, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлігінің бірінші абзацы - «айыпталушының» деген сөзден кейін «, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің» және 5) тармағы «айыпталушы» деген сөзден кейін «, қорғаушы және жәбірленушінің өкілі» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік «жарияланатын» деген сөзден кейін «дәлелді» деген сөзбен толықтырылсын;
25) 275-баптың бірінші бөлігінде:
«оның қорғаушысына» деген сөздерден кейін «айыптау тізімін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«және нөмірленген» деген сөздер «, нөмірленген, іс парақтарының тізімдемесіне енгізілген, тігілген және тергеу органының мөрімен бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 284-баптың екінші бөлігінің алтыншы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Айыптау қорытындысының көшірмесі қорғаушыға, жәбірленушіге және оның өкіліне табыс етіледі.»;
27) 309-бап «сотталушы адамға» деген сөздерден кейін «, оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 316-баптың бірінші бөлігіндегі «дәлелдерді зерттеуге қатысады» деген сөздер «осы Кодекстің 125-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет заттарды, құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді, басқа дәлелдерді зерттеуге қатысады» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 328-баптың үшінші бөлігі:
«айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны;» деген сөздерден кейін «сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары;» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын;
«Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады.»;
30) 388-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іске қылмыстық процесті жүргізуші органның тағайындауы бойынша қорғаушы не жәбірленушінің өкілі қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу туралы, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы шығарады.»;
31) 415-баптың үшінші бөлігінде:
4) тармағында:
«қорғаушының» деген сөзден кейін «немесе жәбірленушінің өкілі» деген сөздермен толықтырылсын;
«оның» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармағында:
«сотталушының» деген сөзден кейін «немесе жәбірленушінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«өзі білетін» деген сөздер «өздері білетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 455-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Сотталған адамдарға адвокаттар заң көмегін соттың қаулысы негізінде көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
33) мынадай мазмұндағы 467-1-баппен толықтырылсын:
«467-1-бап. Адвокаттың қадағалау сатысындағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
Егер сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талап қоюшының) өтініші, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда, адвокаттың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, ауыстыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 72-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.».
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат):
1) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың санына, ұзақтығына шек қойылмай және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, олардың арызы бойынша адвокаттармен кездесуге рұқсат беріледі.»;
2) 166-баптың 2-тармағының үшінші абзацы «заң көмегін алуға және» деген сөздерден кейін «олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат, № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат):
1) 60-баптың екінші бөлігіндегі «Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«114-бап. Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету
1. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босатуға және оларды бюджет қаражатының есебіне жатқызуға құқылы. Судья (сот) адамды оның өтініші бойынша заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босатуға және оларды заңда көзделген мынадай жағдайларда:
1) асыраушының өлімімен, мертігуімен немесе өзге де жұмыспен байланысты бүлінген денсаулықтан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы дауларды қарау кезінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлер үшін кәсіпкерлік қызметке байланысты емес дауларды қарау кезінде бюджет қаражатының есебіне жатқызуға міндетті.
2. Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
3. Азаматтың заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы өтінішіне заң көмегін тегін алуға құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.
4. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша азаматты заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босату туралы не өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы судья немесе сот дәлелденген ұйғарым шығарады.
5. Азаматты заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті адвокаттардың кәсіби ұйымына дереу жіберіледі.»;
3) 304-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңға сәйкес мұндай адвокаттың заң көмегі тегін көрсетіледі.».
5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар, № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат):
1) 588-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «, кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері» деген сөздер алып тасталсын;
2) 590-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 588-бабының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар қорғаушы ретінде олардың іске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, сондай-ақ осы Кодекстің 586-бабының үшінші бөлігінде және 587-бабының үшінші бөлігінде аталған құжаттарды) тапсырады.».
6. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «адвокат лицензиясы», «адвокаттар лицензияларын», «адвокатты лицензиясынан», «адвокат лицензиясын» деген сөздер тиісінше «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы», «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияларын», «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан», «адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету,» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.»;
4) 4, 5, 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды;
3) сенім білдірушінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысады;
4) қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;
5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелікте (сотта) және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;
8) сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;
2. Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.
3. Көмек сұрап келген адам оған заң көмегін тегін көрсету үшін, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде адвокат таңдауда еркін.
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
5-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
1. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.
Шарт жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі.
Мыналар:
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;
2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырмалардың нысаны;
4) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.
Олар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.
Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді.
2. Заңнамада көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстары анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымы бойынша бюджет қаражатынан жүргізіледі.
3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6-бап. Заң көмегін тегін көрсету
1. Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокатқа адам жүгінгеннен кейін заң көмегі тікелей көрсетіледі. Өтініш білдіруші жүгінгеннен кейін тікелей заң көмегін беру мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұндай жағдайларда заң көмегін беру ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттық құрылым басшысы ұзарта алады. Бір мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек қана бір рет ала алады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу тиісті сот шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы акті және өзі мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының өтінімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны және төлеуге жататын сома туралы мәліметтер болуға тиіс.
Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен заң көмегінің есебін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.»;
5) 9-баптың 4-тармағындағы «айналысу құқығына» деген сөздер «айналысуға» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттік қызметте болған;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін тұрақты немесе босатылған негізде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін мәслихат депутатының өкілеттіктерін орындаған;
3) мерзімді әскери қызмет өткерген;
4) осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оның адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайларда лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Қабылданған шешім туралы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған адам, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
12-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.