"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір № 407
(2007.10.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;
2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекітілсiн.
2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріндегі, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелеріндегі күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орталықтары белгiленсiн.
3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi санының нормативi:
бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі;
он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi;
сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып бекітілсiн.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық
күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары
мен арнаулы техникалық құралдардың
ТIЗБЕСI
1. Арнаулы қорғау құралдары:
1) резина таяқшалары;
2) инкассация мен құндылықтар тасымалдауға арналған бронды машиналар;
3) 1 және 5 қорғау сыныбының қорғау жилеттерi;
4) 1 және 3 қорғау сыныбының қорғау шлемдерi.
2. Арнаулы техникалық құралдар:
1) күзеттiк, дабылдық белгi беру жүйелерi;
2) өтудi бақылау жүйесi;
3) қосарлы қолдану техникасына жатпайтын теледидарлық
байқаудың бейне бақылаулық және бейне күзеттiк жүйелерi;
4) қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылыстарды айқындайтын детекторлар;
5) радиоактивтi, химикалық және басқа улағыш заттарды
айқындайтын детекторлар;
6) хабарландыруды беретiн жүйелер.
Ескерту: 1. Резина таяқшаны қолдану кезiнде олармен құқық бұзушының басынан мойнынан және бұғаналы жерлерiнен, iшi мен жыныс органдарынан ұруға тыйым салынады.
2. Республиканың аумағында қолданылатын техника қауiпсiздiк жүйесiнiң арнайы жабдықтарының атауы Қазақстан Республикасы IIМ жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi құжаттарының
нысандары мен үлгiлерi
1. Жеке күзет ұйымының, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi құжатының нысаны мен үлгiсi.
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады.
Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады.
Сыртында, бет жағында:
КУӘЛIК
УДОСТОВЕРЕНИЕ
деген жазу болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.
Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттік рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келісіледi.
2. Жеке күзетші құжатының нысаны мен үлгісі
Куәліктің екі жағында жазулары бар көлемі 105 х 75 мм. бланкіге баспаханалық тәсілмен көк түсті бланкіде орындалады. Жапсырылатын фотосуреттің көлемі 3,5 х 4,5 см. құрайды.
Жеке күзетші ЛИЦЕНЗИЯ
УДОСТОВЕРЕНИЕ
КУӘЛІГІ частного охранника Серия ____ № __
Серия АА №000001 Берілген уақыты
Дата выдачи "___"________
Тегі/Фамилия___________________
Аты/Имя _______________________ На занятие ______________
Әкесінің/Отчество______________ (көрсетілген
аты _________________________
қызметтің түрі
вид оказываемых услуг)
фото
Бастық/Начальник ______________ Аймағында күзет ісімен
(уәкілетті Айналысуға құқығы бар
наименование Имеет право заниматься
______________________________ охранной деятельностью
органның атауы на территории ___________
уполномоченного органа) _________________________
_________________________
Қолы/Подпись _________________
Действительно до
"____"___________________
М.о. Берілген уақыты Дейін күшінде
М.п. Дата выдачи
_______________________
"____"_________________
________________________________
!Күзет қызметін жүргізуші !
!субъектінің атауы !
! !
!____________________ !
!______________________________!
!_____ !
!
!Мекен-жайы !
!______________________________!
!2000 ж. "___"_______ !
!Лицензия № _____ !
!______________________________!
! № ______ КУӘЛІК !
! !
!Т.А.Ә. _______________________!
!______________________________!
!______________________________!
!М.о. __________ лауазымында !
! Бастық _____________ !
!______________________________!
__________________________
! КУӘЛІК !
! УДОСТОВЕРЕНИЕ !
! !
! !
__________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 686 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы "Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне:
көрсетiлген Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын;
көрсетiлген Ережеге 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi пайдаланатын азаматтық және қызметтiк қарулардың және оларға патрондардың үлгiлерi, моделдерi және саны
1. Жеке күзетшiлердiң, жеке күзет ұйымдары, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
Жеке күзетшiлер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлiмшелерiнiң, мемлекеттік органдар ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi 1 постыға 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады.
Сыртқы постыдағы күзетшi ұзын ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады.
Iшкi постыдағы күзетшi қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады.
Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 қару бiрлiгi.
Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетiн жарақаттық әрекеттегi патрондар пайдаланылуы мүмкiн.
Ауысымға шыққан жеке құрамға әр қару бiрлiгiне 10 патроннан берiледi.
2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өндiру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау процесiнде қымбат бағалы металлдар мен алмастардың сақталуы, темір жол және әуе көлiгiн бағалы және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желiлерiн, жарылғыш және улы заттар, радиоактивтi материалдар қоймаларын (сақтау орны), мемлекеттік материалды резервтер қоймаларын (сақтау орны) күзету жөніндегі мiндеттердi орындайтын күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
Қару-жарақтың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi ! Қарудың түрі
!---------------------------
! винтовка, ! тапанша,
! карабин ! револьвер
--------------------------------------------------------------------
Аумақтық бөлiмнiң, бiрiктiрiлген - 1
жасақтың, күзет бөлiмшесiнiң жеке
командасының, жасақтың бастығы
(аталған басшылардың орынбасарлары),
жасақтың құрамындағы команданың бастығы
Топ бастығы, бөлiмше командирi - 1
(қарауыл бастығының мiндеттерiн
атқаруы кезiнде)
Өткізу бюросының бастығы - 1
Iшкi постыдағы немесе бақылау-өткізу - 1
пунктіндегі күзетшi
Сыртқы постыдағы күзетшi 1 -
Қызмет иттерiн жетектеушi, - 1
патрульдiк-iздестiру иттерiн жолға
салушы
--------------------------------------------------------------------
Қару-жараққа патрондардың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Қарудың ! Қарауылға ! Қару ! Патрондарды бiр жылда
түрi ! нарядқа ! бiрлiгiне ! жұмсау
! тұрған күзет !патрондардың !--------------------------
! бөлiмшесiнiң !азайтылмайтын! 1 қызметкерге ! 1 ұңғы
! жеке құрамы ! қоры ! оқу мақсаты ! қарудың
! қамтамасыз ! ! үшін ! атылуын
! етiледi ! ! !тексеру
! ! ! ! үшiн
--------------------------------------------------------------------
Винтовкаға 15 патрон 60 10 8
(1938/44 ж.ж. (оқпанда)
үлгiдегi
карабин
Тапаншаға 2 магазинде 32 12 8
16 патрон
Револьверге 14 патрон 28 12 8
(қорапта)
--------------------------------------------------------------------
Ескерту:
1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi.
3. Тегiс ұңғылы мылтықтарға арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады.
4. Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк.
5. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткізу үшiн командаға (отрядқа) 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi.
6. Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
Екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң күзетiн жүзеге асыратын, күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi әр қызметкерге 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады.
Сыртқы постыдағы қызметкерлер ойықты оқпен атылатын қарумен (карабин, винтовка) қаруланады.
Iшкi постыдағы қызметкерлер қысқа ұңғылы ойықты оқпен атылатын қарумен (тапанша, револьвер) қаруланады.
Қару-жарақтың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Екiншi дәрежелi банк күзет ! Қарудың түрі
№№ ! бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi !-------------------------
! ! винтовка, ! тапанша,
! ! карабин ! револьвер
--------------------------------------------------------------------
1. Бөлiмшенiң бастығы - 1
2. Бөлiмше бастығының орынбасары - 1
3. Бөлiмше командирi - 1
4. Iшкi постыдағы немесе бақылау-өткізу - 1
пунктіндегі қызметкер
5. Сыртқы постыдағы қызметкер
6. Бағалы заттарды тасымалдауға 1 1
арналған арнайы автокөлiктердiң
жүргiзушiсi
--------------------------------------------------------------------
Қаруға патрондардың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Қарудың! Қарауылға ! Қару ! Патрондарды бiр жылда
№№ ! түрлері! нарядқа ! бiрлiгiне ! жұмсау
! ! тұрған екінші!патрондардың !--------------------------
! ! дәрежелі банк!азайтылмайтын! 1 қызметкерге ! 1 ұңғы
! ! күзет бөлім. ! қоры ! оқу мақсаты ! қарудың
! ! шесінің жеке ! ! үшін ! атылуын
! ! құрамы қам. ! ! ! тексеру
! !тамасыз етіледі ! ! үшiн
--------------------------------------------------------------------
1 Винтовкаға 15 патрон 60 10 8
(1938/44 ж.ж. (оқпанда)
үлгiдегi
карабин)
2 Тапаншаға 2 магазинде 32 12 8
16 патрон
3 Револьверге 14 патрон 28 12 8
(қорапта)
--------------------------------------------------------------------
Ескертулер:
1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет екiншi дәрежелi банк күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi.
3. Күзеттiң барлық түрi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк.
4. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткізу үшiн жасаққа 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қару иелерi мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастырудың ережесiнде":
"Қару иелерi мен пайдаланушыларының даярлаудың оқу жоспарына түсiндiрмелер" және "Оқу жоспары" деген бөлiмдерi мынадай редакцияда жазылсын:
"Күзетшiлердi мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау жөніндегі бағдарлама, оның мазмұны мен біліктiлiк талаптары
Күзет қызметкерлерiн даярлаудың және қайта даярлаудың мақсаты олардың қызметтік мiндеттердi орындауы үшiн қажетті теориялық білім мен практикалық дағдылар алуы болып табылады.