Оқу орнының педагогикалық ұжымына жергiлiктi жағдайларға қарай осы Арнайы курстың бағдарламасы шеңберiнде тақырыптық жоспарлар мен тақырыптардың мазмұнын жасау, теориялық және практикалық сабақтардың арасындағы оқу сағаттарының ара қатынасын өзгерту құқығы берiледi.
Бiр оқыту курсының ұзақтығы күзетшiнi арнаулы даярлау үшiн 96 оқу сағаты және күзетшiнi қайта даярлау үшiн 36 оқу сағаты. Күзетшiнi қайта даярлау жыл сайын лауазымдағы үзiлiссiз жұмыс стажы жағдайында және жұмысқа жаңадан қабылдау кезiнде жүргiзiледi.
Күзетшiнi даярлау және қайта даярлау жөніндегі курс аяқталғаннан кейiн оқу орынында өтiлген тақырыптар бойынша емтихандар алынады. Емтихандарды күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң бiрыңғай есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын бөлiмшенiң уәкiлеттi органының өкiлi төрағасы болып табылатын құрамында кемiнде 3 адам бар комиссия өткiзедi. Күзетшiнiң емтиханды қайталап тапсыруын комиссия бастапқы емтихан тапсырудан кейiн кемiнде екi аптадан соң өткізуi мүмкiн.
Емтихандарды жақсы тапсырған адамдарға оқу орнының басшысы мен емтихандық комиссияның барлық мүшелерi қол қойған оқу орнының өткiзiлген оқыту курсы туралы куәлiгi берiледi. Комиссия мүшесiнiң қолының болмауы берiлген оқу курсын бiтiргенi туралы куәлiктiң жарамсыздығына әкеп соғады.
Күзетшiнi оқыту арнаулы курсының бағдарламасына мынадай пәндер:
- құқықтық білімдердiң негiзi - 10 сағат;
- қызметтiк даярлау - 16 сағат;
- арнаулы техника мен байланыстың негiздерi - 4 сағат;
- криминалистика - 4 сағат;
- оқ ату даярлығы - 26 сағат;
- арнаулы дене шынықтыру даярлығы - 32 сағат;
- медициналық даярлық - 4 сағат, кiруi тиiс.
Күзетшiлердi даярлау және қайта даярлау жөніндегі оқу орындарына қойылатын біліктiлiк талаптары, сондай-ақ мынадай негiзгi талаптарға жауап беретiн тиiстi оқу-материалдық базасының болуы:
- тиiстi санитарлық нормаларға сай сабақтарды жүргiзуге арналған үй-жайлардың болуы;
- оқыту бағдарламасында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың болуы;
- оқ ату даярлығы жөніндегі сабақтарды өткізу үшiн арнайы жабдықталған атыс тирiнiң болуы;
- оқытылатын пәнге сәйкес біліктiлiгi мен білім беру деңгейi бар оқытушылар құрамының болуы болып табылады.
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерiн арнайы
даярлаудың оқу жоспары
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Бөлiмнiң атауы ! Барлық ! Олардың iшiнде
№ ! ! сағат !--------------------------
! ! ! Дәрiстер ! Практикалық
! ! ! ! сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1. Қылмыстық-құқықтық 10 10 -
білім негiздерi
2. Қызметтiк (кәсiби даярлық) 16 12 4
3. Арнаулы техника мен 4 3 1
байланыс құралдарының
негiздерi
4. Оқ ату даярлығы 26 10 16
5. Арнайы дене шынықтыру 32 10 22
даярлығы
6. Медициналық даярлық 4 3 1
7. Криминалистика 4 3 1
Жиыны: 96 51 45
--------------------------------------------------------------------
1. Құқықтық білім негiздерi
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Тақырыптың атауы ! Барлық ! Оның ішінде
№ ! ! сағат !--------------------------
! ! ! Дәрiстер ! Практикалық
! ! ! ! сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1. Қылмыс, қылмыстың құрамы 2 2 -
ұғымы.
Қылмыстық жаза және оның
мақсаттары ұғымы
2. Қажеттi қорғаныс. 2 2 -
Қастандық жасаған адамды
ұстау.
Аса қажеттiлiк
3. Әкiмшiлiк тәртiп 2 2 -
бұзушылық ұғымы.
Әкiмшiлiк жауапкершiлiк
және оның негiздерi
4. Қаруды қолданудың 2 2 -
құқықтық негiздерi
5. Жеке күзет қызметтерi 2 2 -
қызметшiлерiнiң
өкiлеттiктерiн асыра
пайдалануы
БАРЛЫҒЫ: 10 10 -
--------------------------------------------------------------------
2. Қызметтiк дайындық
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Тақырыптың атауы ! Барлық ! Оның ішінде
№ ! ! сағат !--------------------------
! ! ! Дәрiстер ! Практикалық
! ! ! ! сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1. Мемлекеттік емес күзет 1 1 -
қызметiн ұйымдастыру,
оның мiндеттерi мен
негiзгi бағыттары
2. Күзет қызметкерлерiнiң 2 2 -
құқықтары мен мiндеттерi.
Күзет қызметкерлерiнiң
құқықтық жағдайы,
әлеуметтiк қорғалуы мен
жауапкершiлiгi
3. Күзетiлетiн объектiлердегi 2 - 2
өткізу және объект
iшіндегі режимдi
ұйымдастыру мен жүзеге
асыру. Қарау жүргiзудiң
негiздерi мен тәртібі
4. Күзет қызметкерлерiнiң 2 2 -
өрт шыққан жағдайдағы
iс-қимылдары. Құтқару
қызметтерiн шақыру және
оларды объектiге кiргiзу
тәртібі. Өрт сөндiрудiң
бастапқы құралдарын
қолдану жұмысы
5. Тұрақты күзетілетiн 2 - 2
объектiлерде қызмет
өткерудiң тәртібі
6. Қызметтi ұйымдастыру 2 2 -
және оны өткерудiң
негiздерi: а) банктерде
және басқа да зор
материалдық құндылықтар
сақталатын орындарда;
б) сауда мекемелерiнде
7. Оқиға болған жердi 2 2 -
күзетудi ұйымдастыру.
Iздердi және заттай
айғақтарды сақтау
8. Ерекше жағдайлар. 2 2 -
Жағдайға баға беру
психологиясы. Ерекше
жағдайдың дамуын болжау.
Өзiн-өзi ұстай бiлу.
9. Кәсiптiк мәдениет пен 1 1 -
әдеп
БАРЛЫҒЫ: 16 12 4
--------------------------------------------------------------------
3. Арнаулы техника мен байланыс құралдарының
негiздерi
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Тақырыптың атауы ! Барлық ! Оның ішінде
№ ! ! сағат !----------------------
! ! ! Дәрiстер !Практикалық
! ! ! !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1. Қазiргi заманғы белгi беру 1 1 -
құралдарының мақсаты, оларды
объектiлерде орналастыру
орындары.
Бөгде адамдар енген жағдайда
iске қосылуының белгiлерi
2. ОБП және дербес белгi беру 1 1 -
құралдары арқылы объектiлердiң
күзетiлуiн ұйымдастыру
ерекшелiктерi.
Көп шептi белгi беру
құралдарын құру арқылы аса
маңызды объектiлердi қорғау
қағидаттары
3. Күзетте қолданылатын сымды 1 1 -
және радиобайланыс құралдары
4. Күзет-өрт дабылы 1 1 1
құралдарының объектiлер
күзетiн қамтамасыз етудегi
рөлi мен маңызы
БАРЛЫҒЫ: 4 3 1
--------------------------------------------------------------------
4. Атыс дайындығы
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Тақырыптың атауы ! Барлық ! Оның ішінде
№ ! ! сағат !----------------------
! ! ! Дәрiстер !Практикалық
! ! ! !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1. Атыс негiздерi. Баллистика 2 2 -
2. Қару мен арнайы құралдарды 4 4 -
қолданудың құқықты негiздерi
мен тәртібі
3. Ойықты, тегiс ұңғылы және 4 2 -
газды қарудың мақсаты,
ұрыстағы қасиетi, құрылысы
4. Атыс қаруының (ойықты, 4 - 2
тегiс ұңғылы, газды)
материалдық бөлiгi
5. Атыс жүргiзу кезіндегі 2 - 4
қаруды қауiпсiз қолдану
ережелерi
6. Қарудан оқ ату тәсiлдерi 2 - 2
мен ережелерi
7. Ойықты, тегiс ұңғылы 2 - 2
және газды қаруды ұстау
кезіндегі қауiпсiздiк
шаралары
8. Тапаншадан, автоматтан 2 - 2
және винчестерден оқ
атуға арналған жаттығуларды
орындау тәртібі
9. Ойықты, тегiс ұңғылы - - -
және газды қаруды теориялық
жағынан және оның материалдық
базасын бiлу жөніндегі сынақ
10. Практикалық атыстар 4 - 4
БАРЛЫҒЫ: 26 10 16
--------------------------------------------------------------------
5. Арнаулы дене шынықтыру даярлығы
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Тақырыптың атауы ! Барлық ! Оның ішінде
№ ! ! сағат !----------------------
! ! ! Дәрiстер !Практикалық
! ! ! !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1. Қоян-қолтық ұрыс тәсiлдерiн, 2 2 -
белсендi қорғаныс құралдары
мен кiсендердi қолданудың
құқықтық негiздерi
2. Күзет қызметтерi қызметкерлер. 4 2 2
iнiң қоян-қолтық ұрыс
тәсiлдерiн, белсендi қорғаныс
құралдарын, кiсендердi
қызметтiк iстер қолдануының
негiздерi
3. Қоян-қолтық ұрыс тәсiлдерiн 2 2 -
қолданушы қызметкерлердiң
құқықтары мен жауапкершiлiгi
4. Сырттай қарау амалдары. 4 2 2
Қауiпсiздiк шаралары
5. Қоян-қолтық ұрыс элементтерi 4 - 4
бар соққылар және ондай
соққылардан қорғану.
Резеңке таяқпен соғу және
қорғану
6. Әртүрлi қапсырып-құшақтап 2 - 2
ұстаулардан босау
7. Қаруланған адамның суық 4 - 4
қарумен немесе қару ретiнде
пайдаланылатын басқа да
заттармен соққы беруiнен
қорғану
8. Қарумен қауiп төндiруден 4 - 4
және қаруды алып қою
әрекетiнен қорғану,
қылмыскерлердi қауiпсiздендiру
9. Қылмыскерлердiң босатылуы, 6 2 4
оларды ұстау және қуалау
кезiнде әріптесiне көмектесу
10. Сынақтар тапсыру арқылы 6 2 4
бақылау сабақтарын өткізу
Барлығы: 32 10 22
--------------------------------------------------------------------