Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті функцияларын, өкілеттіктері мен мүлкін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы Агенттік туралы ереженің Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 19 және 20-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
№ 1071 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) өзге де рұқсат ету мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс.
9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқару саясатын әзірлеу;
2) елді мекендердің шекаралары (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО-дан және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) мен газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу;
3) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысын және құрылыс қызметін, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық салаларындағы салааралық үйлестіру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері) жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясат пен салааралық үйлестіруді қалыптастырады және жүргізеді;
2) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) реттелетін салада нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді, бекітеді және қолданысқа енгізеді;
4) реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;
5) реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
7) бағалы сәулет-қала құрылысы мұрасын сақтауды, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елді мекендерді игеру мен дамытудың басым бағыттары жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
8) құрылыс объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережесін әзірлейді және бекітеді;
9) белгіленген тәртіппен құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды әзірлейді;
10) есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын халқы бар республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндерді қоспағанда, мемлекеттік, өңіраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерді салуға (аумақтарда құрылыс салуға) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарайды және бекітеді;
12) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
13) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асырады;
14) мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеуді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды аттестатауды жүзеге асырады;
15) республикалық маңызды бар объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды ресімдейді және береді, осы объектілерде қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
16) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасауды және жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
17) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізеді;
19) реттелетін салада техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі;
20) елорда әкімдігімен келісілген елорда мен қала маңындағы аймақ аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің (мемлекеттік нормативтік құжаттардың) жобаларын бекітеді;
21) егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, осы мәселелер құзыретіне жататын басқа орталық атқарушы органдармен келісім бойынша мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, жою) тәртібін белгілейді;
22) құрылыс салудың аумақтық ережесін әзірлеу тәртібін айқындайды;
23) анықталған ақауларды сипаттай отырып жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырыс берушіге (меншік иесіне) берілетін, объектілердің анықтамасы мен ведомосінің нысанын белгілейді;
24) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді;
25) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеуге тапсырысты жүзеге асырады;
26) елді мекендердің шекаралары (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және әзірлеу тәртібін айқындайды;
27) республикалық маңызы бар қалалар, сондай-ақ жүз мың тұрғыннан астам халқы бар өзге қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келіседі;
28) шағын елді мекендерді дамыту мен салудың құрамын, мазмұнын және схемаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындайды;
29) құрылыс үшін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмаларға қойылған нормативтік талаптарды бекітеді;
30) алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу мен келісу тәртібін, міндетті құрамы мен мазмұнын белгілейді;
31) ғимараттарды, құрылыстарды, көліктік және инженерлік коммуникацияларды, салу, абаттандыру жөніндегі жобаларды іске асыруды (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісін) бастау үшін қажетті рұқсат алуға арналған құжаттар тізбесін белгілеу тәртібін айқындайды;
32) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы біліктілік талаптарын және қызмет түрлерін лицензиялау ережесін әзірлейді;
33) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
34) реттелетін саладағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
35) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асырады;
36) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысы хаттамасының және үй-жайлар (пәтерлер) иелеріне жазбаша сауал жүргізілген кезде дауыс беру парағының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
37) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;
38) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
39) республикалық маңызы бар объектілер мен кешендер бойынша қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына заңнамада белгіленген тәртіппен қатысады;
40) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;
41) елді мекендердің су бұру жүйелеріндегі ағынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді;
42) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
15. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағаның орынбасарлары болады.
Төраға Агенттікке басшылықты жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Агенттік Төрағасы:
1) Агенттікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіреді;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
3) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
17. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
18. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Агенттік төрағасы отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
19 тармақ Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
19. Жауапты хатшы:
1) Агенттік төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Агенттік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Агенттік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады;
14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықты актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
19) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттік атынан өкілдік етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20 тармақ Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
20. Жауапты хатшы мыналарға:
1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
21. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.
22. Агенттіктің төрағасы жанынан консультативті-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен алқаның саны мен дербес құрамын Агенттік төрағасы бекітеді.
23. Агенттік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Агенттік жұмысының регламентімен және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.
4. Агенттіктің мүлкі
24. Агенттік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Агенттік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.
25. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
№ 1071 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» («Мемсараптау РМК»), Астана қаласы.
2. «Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты» (ҚазСҚҒЗИ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 шілдедегі
№ 1071 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне».
3. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
8-тармақ «Астана қаласы,» деген сөздерден кейін «Есіл ауданы,» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта:
3) тармақшадағы «электр энергетикасы» деген сөздерден кейін «(0,4 кВт электр желісі объектілерінен, жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өз құзіреті шегінде:
электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну (желілер бойынша 0,4 кВт электр энергиясын беру мен тұтынудан басқа) және ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі саласында;
техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтың пайдалану сипаттамасы, энергия өндіретін, энергия беретін, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың (жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа) технологиялық мұқтаждықтарына электр энергиясы мен жылу энергиясын жұмсау нормалары саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін (техникалық регламенттерді қоспағанда) әзірлейді және бекітеді;».
4. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
2-тармақтың 2) тармақшасы «басқару» деген сөзден кейін «, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, мемлекеттік басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «35-көше, № 2 үй,» деген сөздер «Орынбор көшесі, № 8 үй,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді, түзетуді, мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді, іске асыруды мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағдарлауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастырады;
5) мемлекеттік органдардың Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
6) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оны жасау тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлейді және бекітеді;
9) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;
10) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді;
11) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингілеу мен талдауды жүзеге асырады;
12) салық және бюджет саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
13) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
14) бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
15) бюджет түсімдерін болжамдауды жүзеге асырады;
16) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының болжамдарын жасайды;