17) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытындылар дайындайды;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлейді;
20) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлейді;
21) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
22) пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізеді;
23) бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шоты арасында бөлу кестесін әзірлейді және бекітеді;
24) рентабельділігі төмен келісім-шарттар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
25) пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкасын белгілей отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың тізбесіне қосу туралы қаулыларының жобаларын әзірлейді;
26) Министрліктің құзыреті шегінде аумақтық (өңірлік) даму саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
27) елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлейді;
28) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлейді;
29) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің үш жылдық кезеңге арналған көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлейді;
30) инвестициялық саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
31) жоспарлауды мониторингілеу мен бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды бағалауды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
32) бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне қорытынды дайындайды;
33) концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынатын ұсыныстарға сараптама, концессия шарттары жобаларының сараптамасын, техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама, конкурстық құжаттамаға сараптама, концессиялық өтінімдерге талдау мен сараптама, концессия шарттары жобаларға сараптама, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредит есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады;
34) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
35) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;
36) мемлекет кепілгерлігін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;
37) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;
38) орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады;
39) объектілер бөлінісінде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;
40) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
41) үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындайды;
42) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың жай-күйі мен алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды жүргізеді;
43) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
44) бюджеттік жобалардың іске асырылуы мен байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингілеуді және бағалауды жүргізеді;
45) байланысты гранттарды пайдалану туралы оларды бағалау нәтижелеріне негізделген жиынтық есепті жыл сайын қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
46) мемлекеттің активтерін басқару саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
47) мемлекеттік меншікті басқаруды талдау мен бағалауды жүзеге асырады;
48) ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келіседі;
49) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар стратегияларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;
50) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
51) мемлекеттік басқару органдардың қызметін функционалдық талдауды жүзеге асырады;
52) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлейді және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
53) автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
54) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, әкімшілік аумақтық бірлестіктердің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
55) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысады;
56) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметін үйлестіреді;
57) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады және үйлестіреді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
58) мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмыс бейінін өзгерткен кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы ұсыныстар енгізеді;
59) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
60) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асырады;
61) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
62) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастырады және үйлестіреді;
63) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;
64) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
65) жеке кәсіпкерлік қызметінің салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
66) республиканың өңірлерінде шағын кәсіпкерліктің қалыптасуына және инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;
67) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
68) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
69) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіреді;
70) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдайлар жасайды;
71) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік көмек ұйымдастырады;
72) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарықтарына шығуы үшін жағдайлар жасайды;
73) шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттайды;
74) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
75) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
76) лицензиарлар ұсынатын ақпаратты жинауды, талдауды, өңдеуді жүзеге асырады;
77) Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
78) экономика саласында қолданбалы талдамалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Министрліктің құзыреті шегінде консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды, тәуелсіз сарапшыларды тартады;
79) Министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді жетілдіруді ұйымдастырады;
80) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
81) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және олар бойынша қорытындылар береді.»;
16-тармақта:
8) тармақшадағы «директорлары» деген сөз «басшылары» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Министр, жауапты хатшы, министрдің орынбасарлары (вице-министрлер), сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға міндетті және бұл үшін дербес жауапты болады.».
5. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
6-тармақтың 10) тармақшасындағы «, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» деген сөздер «дамыту» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті,» деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақта:
1) тармақшаның төртінші және жетінші абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) экономиканы әртараптандыру және үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту үдерістерін үйлестіруді жүзеге асыру;»;
13-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«индустриялық даму, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігі, ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны реттеуді жүзеге асырады;»;
22) тармақшадағы «ірі» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8), 32-9), 32-10), 32-11), 32-12), 32-13), 32-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
32-2) инновациялық қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;
32-3) инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерін әзірлейді;
32-4) мемлекеттік органдардың инновациялық қызметті дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
32-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті ынталандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
32-6) инновациялық гранттарды бөледі;
32-7) инновациялық грант туралы үлгілік шарт нысанын бекітеді;
32-8) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді;
32-9) инновациялық дамыту шараларының кешенін әзірлейді;
32-10) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуын, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
32-11) инновациялық даму институттарының тізбесін әзірлейді;
32-12) технопарктер жанынан құрылған сарапшылар кеңестерінің жұмыс тәртібін айқындайды;
32-13) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту үшін жағдайлар жасайды;
32-14) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;»;
33), 34), 35), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 150) тармақшамен толықтырылсын:
«150) жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында министрлік қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады.»;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) реттелетін салада, оның ішінде, тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және қорғаныс өнеркәсібінде, құрылыс индустриясы, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту, техникалық реттеу және өлшем бірліктері, ғылыми-технологиялық, инновациялық және инвестициялық қызмет, қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау, ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
29), 60), 61), 62), 63), 64), 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73), 74), 75), 76), 77), 78), 106) және 107) тармақшалар алынып тасталсын;
91) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «техникалық реттеу және өлшем бірліктері саласында» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
«сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздерден кейін «(елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа),» деген сөздермен толықтырылсын;
«ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа),» деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта:
95) тармақшадағы «және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды» деген сөздер алынып тасталсын;
156), 157), 158) тармақшалар алынып тасталсын;
14-тармақта:
4), 95) тармақшалардағы «сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздерден кейін «шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
49) тармақшадағы «қорғау» деген сөзден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа)» басқа сөздермен толықтырылсын;
152) тармақшаның төртінші абзацындағы «шаруашылық» деген сөз «шаруашылығы (елді мекендерде орналасқандарынан басқа)» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
7-тармақтың 1-тармақшасындағы «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздер алынып тасталсын;
8. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 8 және 11-2-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-бөліммен және жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
41. «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы 100%».
9. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні тандауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 7-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі».