Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 1695 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №4, 53-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесі:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Аса маңызды ұшуларды жүзеге асыратын (коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз) және сертификаттық талаптарға сәйкес келетін қазақстандық авиакомпанияларға коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз Пайдаланушының сертификаты (1-1-қосымша) берілуі мүмкін.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 28 қазандағы
№ 1695 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
30 қаңтардағы № 106 қаулысымен
бекітілген Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді сертификаттау
ережесіне 1-1-қосымша
- Елтаңба -
___________________________________________________________________
Уәкілетті орган
Пайдаланушының сертификаты
коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз
№ _____
Осымен пайдаланушы - ________________________
(пайдаланушының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің _____________ №____ қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін pегламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.
Пайдаланушы - _______________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес ______________________________
(авиациялық қызметтердің
____________________________________________________________________________________
түрлері, халықаралық ұшулар және т.б.)
жүзеге асыруға қабілетті.
Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол кері қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін күшінде болады.
Инспекциялық бақылауды _______________________ жүзеге асырады.
(уәкілетті органның атауы)
МО Уәкілетті органның басшысы
__________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшіне енген күні: ___ж. «_____»_______
Қолданылу мерзімі: ___ж. «_____»_______ дейін