Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 20 наурыздағы № 364 қаулысы
(2008.01.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 20 наурыздағы
№ 364 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 2, 3, 5, 6-тармақтарда «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1261 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Ақпаратминистрлігіне» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 224-8, 224-9, 224-10, 224-11, 224-12, 224-13, 224-14, 224-15-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 224-16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"224-16 СТЛ-000337 «Қазақстан»
республикалық
телерадиокорпорациясы« ЖАҚ».
4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 171-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
«2003-2005 жылдар» деген бөлiмде:
«Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау» деген 4-кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 32, 34-жолдарда:
«Орындалуына жауаптылар» деген бағанда «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген Жоспарға ескерту мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі».
5. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi № 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат):
2-тармақта «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 278-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
реттiк нөмiрi 7-жолда «Орындалуына жауаптылар» деген бағандағы «ТОҚМ» деген аббревиатура алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 42-жолда «Орындалуына жауаптылар» деген бағандағы «МАКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 126-құжат):
1) 3, 4-тармақтарда «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 23-жолдарда:
«Орындалуына жауаптылар» және «Болжамды шығыстар» деген бағандарда «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қабылданған қысқартулар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі".
9. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)