жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асыру;
жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін пункттерде автомобиль, теңіз, темір жол және әуе қатынастарында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және тиісті аумақта жұқпалы, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдер әкелінген және таралған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық (алдын алу) іс-шаралар жүргізу;
тиісті деректер банкін жасай отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жүзеге асыру, есепке алу мен статистиканы жүргізу;
адамдарды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылыққа арналған және ауыз суды, химиялық уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім беру;
басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өзара іс-қимыл;
дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыру және олардың объектілер мен ошақтарда жүргізілуін бақылау;
өзінің құзыреті шегінде тәуекелді бағалауды жүргізу;
жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылау;
өнімге, тауарларға, процестер мен қызметтерге арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамаларды, стандарттарды қарау және келісу, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде міндетті түрде лицензиялануы тиіс қызмет түрлеріне қорытындылар беру;
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының зертханаларын санитарлық ережелерге сәйкестігіне аттестаттауды жүргізу;
алдын алу (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарының сақталуын, тасымалдануы мен пайдаланылуын бақылау;
Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау.
15. Министрлік өзіне жүктелген негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің құзыреті шегінде орындалуы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікке Министр басшылық етеді, ол өзіне бағынатын Министрліктің жұмысына дербес жауап берді.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Министр:
1) денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өзінің орынбасарларының өкілеттіліктерін белгілейді;
4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
7) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
8) мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын бекітеді;
9) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Үкіметтің, Министрдің отставкасы жауапты хатшының өкілеттіктерін тоқтатуға әкелмейді.
22. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асырады және оның тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің және оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының әзірленуін қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
25. Министрліктің консультациялық-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
26. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттілігі жауапты хатшы бекітетін Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
27. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген, сондай-ақ құны министрліктің теңгерімінде көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
28. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және, егер заңда өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 944 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1117 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. Мемлекеттік кәсіпорындар
1. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты
2. Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
4. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
5. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
6. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
7. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы
8. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
9. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
10. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы жанындағы емдеу-өндірістік шеберханасы
11. Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
12. С.Ж. Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихы мұражайы
13. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы
14. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы
15. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
16. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
17. «Денсаулық сақтауды дамыту институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
18. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
19. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты
20. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
21. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
22. Республикалық қан орталығы
23. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі
24. «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы
25. «Алатау» балалар клиникалық санаторийі
26. Республикалық аллергология орталығы
27. Республикалық оқу-әдістеме орталығы
28. Семей мемлекеттік медицина академиясы
29. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы
30. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
31. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
32. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
33. Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты
34. Дәрілік заттарды сараптау және стандарттау республикалық базалық зертханасы
35. Ұлттық ғылыми медициналық орталық
36. Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы
37. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шаруашылық басқармасы
38. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы
39. Республикалық балаларды оңалту орталығы
2. Мемлекеттік мекемелер
40. Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы
41. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
42. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
43. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы
44. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
45. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
46. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
47. Орал обаға қарсы күрес станциясы
48. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы
49. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
50. Қазақ республикалық лепрозорийі
51. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
52. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь
53. Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь
54. «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы
55. Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана
56. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық
57. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
58. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы
59. Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана
60. «Қарағай» республикалық оңалту орталығы
61. Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы
62. Сот медицинасы орталығы
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
63. Астана қаласында салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерінің дирекциясы
4. Акцияларының мемлекеттік пакеттері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне
иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік
қоғамдар
64. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 944 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 533-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мен 2-тармағы алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мен 2-тармағы алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 628-құжат) 2 және 3-тармақтары алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдарды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 760 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 403-құжат) 3-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 13-тармағы алынып тасталсын;
6. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 384-құжат) 2-тармағы алынып тасталсын.