«Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар
мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту» 2001-2005 жылдарға арналған
республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 29 желтоқсандағы № 1956 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462; 08.04.04 ж. № 387
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту» 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама бекітілсін.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiндегі 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1956 қаулысымен бекітілген
«Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн
радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және
дамыту» 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты
ғылыми-техникалық бағдарлама
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 (бұрынғы ред. қара); 08.04.04 ж. № 387 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен бағдарламаның төлқұжаты өзгертілді
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер
үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен
құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту.
Бағдарламаның
қысқаша мазмұны Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi:
отандық аспап-сайман паркiн, соның
iшiнде ақпараттық-телекоммуникациялық
жүйелер үшiн құру мақсатында жоғары
технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн
радиоэлектрондық аспаптар мен құралдар
әзiрлеу, өндiрiстi ұйымдастыру және шығару;
отандық ғылымды қажетсiнетiн
өндiрiстердi дамыту және радиоэлектрондық
мақсаттағы бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi
шығару; жоғары ақпараттық технологияларды,
соның iшiнде ғарыштық ұшу аппараттарынан
алынған ақпаратты пайдалану арқылы
геоақпараттық жүйелердi ("ГАЖ-
технологиясы") дамыту; мемлекеттiң
радиотехникалық саладағы қорғаныс
жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету; елде бар
ғылыми-техникалық әлеуеттi және жоғары
біліктi жұмыс күшiн мейлiнше пайдалану
және қосымша жұмыс орындарын құру.
Күтiлетiн нәтижелер:
жоғары ақпараттық-телекоммуника-
циялық технологияны, соның ішінде сандық
электрондық карталар негiзіндегі автоматты
басқару жүйелерiн игеру үшiн
радиоэлектрондық құралдар мен жүйелердi
шығару және техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiн басқарудың тиiмдiлiгi мен
шапшаңдығын арттыру мақсатында автоматты
басқару жүйелерiн әзiрлеу және құру;
жалпы және арнайы мақсаттағы
телекоммуникация және байланыс жүйесiн
дамыту үшiн ғылыми және жобалау-
конструкторлық база құру.
Қаржыландыру көлемi мен көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық
сипаттағы қолданбалы ғылыми
зерттеулерге арналған республикалық бюджетте
көзделетiн қаражат есебiнен
және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны
2001-2005 жылдарға арналған
бюджеттен қаржыландырудың қажеттi көлемi 727,7
миллион теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар
бойынша: 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға -
140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге;
2004 жылға - 155 млн.теңге;
2005 жылға - 162,7 млн.теңге.
Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама
бойынша республикалық
бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша
тартылатын бюджеттен тыс қаражаттың жоспарланатын
көлемi шамамен 2,0 млрд. теңгенi құрайды.
Мемлекеттік тапсырысшы-Бағдарламаның әкiмшiсi -
Қазақстан Республикасының Индустрия және
сауда министрлігі.
Іске асырылу 2001-2005 жылдар.
мерзімі
2. КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 8 қаулысына сәйкес құрылған "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығының" негiзгi мiндеттерi отандық радиоэлектроника саласын дамыту үшiн ғылыми-әдiстемелiк, техникалық, кадрлық әлеуетті сақтау мен дамыту және база құру, "Сары-Шаған" полигонының аппараттық-аспаптық кешенiн конверсиялау болып белгiлендi. Осы мiндеттердiң шешiмi "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргі заманғы жүйелерiн құру" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылды, оның 1997-2000 жылдарға арналып түзетілген негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 маусымдағы № 1002 қаулысымен бекітiлдi.
Қазiргi кезде жоғарыда аталған Бағдарламаның негізгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi орындалды: радиоэлектроника саласын дамыту үшiн материалдық-техникалық және технологиялық база құрылды, радиоэлектрондық және радиотехникалық, аспаптардың бiрқатар шағын топтамалары әзiрленiп, шығарылды. "Сары-Шаған" полигонында радиотехникалық кешендерi конверсиялау жүзеге асырылды, ол ғарыштық ақпаратты қабылдау және өңдеу жүйесiн құруға және бiрiншi ғарыштық түсiрулер алуға мүмкiндiк бередi.
Осы саладағы жұмыстардың ары қарай дамуы Қазақстанның радиоэлектрондық бейiндегі конверсиялық кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттары базасында, соның iшiнде "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "ҚР РЭБ ҰО" ААҚ) кәсiпорындарында, алдыңғы қатарлы технологиялар негiзiнде радиоэлектроника құралдары мен өнiмдерi өндiрiсiн әзiрлеп, ұйымдастыру болып табылады.
Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасында жақын және алыс шетелдер шығарған әртүрлi бақылау-өлшеу және ақпараттық-телекоммуникациялық құралдары мен жүйелерi пәрмендi түрде сатып алынып, енгізiлiп жатыр. Олар кәсiпорындар қажеттiлiктер үшiн де, аса ауқымды, жалпы мемлекеттік мәнi зор қажеттiктер үшiн де пайдалануда. Бұл ағым жас мемлекетiмiздiң технологиялық тәуелсiздiгiне қауіп төндiретiндiктен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе саласындағы отандық мамандарды алаңдатып отыр, соның iшiнде:
ақпараттандыру мен телекоммуникацияландыру жүйесінде негiзгi құрал ретiнде шетелдiк техника мен технологияны енгiзе отырып, Қазақстан телекоммуникациялық техника мен оны бағдарламалық қамтамасыз ететiн шетел өндiрушiлерiне тәуелді болады:
шетелдiк жүйелердi сатып алу мен техникалық қамтамасыз ету үшiн қаражат пен адамдар күшi кетедi, оның орнына өзiмiздiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйенi құру арқылы республика жұртшылығын еңбекпен қамту деңгейiн көтерiп, қосымша жұмыс орындарын құру тиiмдi болар едi;
тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, шетелдiк жүйелердi енгізу, Қазақстанның өз ұлттық ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құрудың ауқымды мәселелерiн жоя алмайды, өйткенi шетелдiк жүйелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы байланыс жүйесiнiң ерекшелiктерiн ескермейдi, оның шарттарына нашар бейiмделедi және ақпараттық қауiпсiздiк жөнiнде ұйымдық-техникалық iс-шаралар жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Осыған орай, мәселенi шешу қазiргi кезде қалыптасып отырған ақпараттық инфрақұрылымның ерекшелiгiн және ең алдымен басым ұлттық мүдденi ескеретiн, ең бастысы - стратегиялық маңызды отын-энергетикалық және кен-металлургиялық кешендер, коммуникациялар мен байланыс салаларында, Қазақстанның аса iрi де, аймақтық та ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру саласындағы меншiктi шетел тауарын алмастыратын жобалар мен әзiрлемелердi iске асыру жөнiнде жағдай туғызу болып саналады.
Осы мiндеттердi шешу үшiн "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бағытталған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мәжілісiнде қаралып, мақұлданды (2000 жылғы 27 маусымдағы № 11-60/И-374 хаттама).
3. МӘСЕЛЕНIҢ ҚАЗIРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Елдiң барлық өнеркәсiптiк кешенiнiң толыққанды жұмыс iстеуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау белсендi және толық түрде әлемдiк ақпарат жүйесiне кiрудi және бiрыңғай ақпараттық кеңiстiкке шоғырлануды қажет етедi, ол қазiргі ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құру арқылы, олардың негiзiн құраушы табиғаты әртүрлi (эфирлiк, сымдық, талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) және электроөткiзгiш желiсіндегі жоғарғы жиiліктерi (ЭӨЖ-ЖЖ)) ақпаратты берудiң физикалық каналдары болып табылады, сондай-ақ каналқұру және коммутациялық аппараттар жасап шығару.
Пайдаланудағы радиоэлектрондық құралдар мен жүйелер негiзiнен физикалық және моральды ескiрген және қазіргі ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды iске асыруды қамтамасыз етпейдi. Бiрiншi кезекте бұл жалғастырушы байланыс аппараттарына қатысты: телефон станцияларының негiзгi парктерiн он күн сайынғы және орналасу құрылғысы құрайды, олар электрондық бақылау жүйесiн және телефонмен сөйлесулердi тарифтеудi пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Сондай-ақ, практикада пайдаланылатын аяққы терминалдық құрылғысы қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi, олардың негiзгi тұтынушы параметрi көпқызметтiк (мультимедиялылық) болуы тиiс. Республикада аяққы құрылғы ретiнде дербес компьютерлердi пайдаланудың жалпы қабылданған тенденциясын iске асыру қажет. Сатып алынатын қазiргi шетелдiк телекоммуникациялық құралдар мен жүйелер бiрқатар жағдайларда қолданыстағы байланыс жүйелерiне бейiмделмейдi.
Өндiрiстi ұйымдастыру үшiн база болып табылатын ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстарды жүргізудi ынталандырушы фактор - отандық сауда-саттықтың айтарлықтай кеңдiгі болып табылады.
Мысалы, магистралдық жүйе саласының ТОБЖ арқылы өтетiн ЭХЖ байланыс желісінiң жылдық тұтыну қажеттiлiгі 3 000 км болса, тек қана ашық акционерлік қоғамы "Қазақтелеком" үшiн 2 000 данадан аса жылдық жердiң жасанды серiгі станциясы қажет.
Ең маңызды мәселе ISDN сандық үлгiге көшу болып саналатын коммутациялық құрал-жабдық саласында республика бойынша жылдық қажеттiлiк мынаны құрайды: абонент желісі құрал-жабдығының шоғырлануы - 50 мың порттар; коммутациялық құрал-жабдық - 30-50 мың порттар; таксофон кабиналары - 1100 дана; шығыс баулы электрондық жиынтықтар - 3.0 мың дана.
Қазақстан Республикасының радио және телехабарлар желісіне ескiрген теле және радио тораптарының паркiн шұғыл түрде жаңа, қазiргі уақыт талабына сәйкес элементтiк базасына арналып орындалған отандық құрал-жабдықтармен ауыстыру бiрнеше кезеңде 2000 жылдан 2002 жылға дейiн жүргізiлу жоспарлануда. Мұнда қуаттылығына байланысты жылдық қажеттiлiк 10-нан 1000 данаға дейiн болмақ.
Қазiргi терминалдық құрылғыларға деген республикадағы базар сұраныстарының сыйымдылығы бiрнеше жүз мың дана құрайды, және де бұл талаптардың үзбей өсіп келе жатқан жағдайында, бұл олардың қызметтік мүмкіншіліктері сияқты, сондай-ақ олардың бір операторға деген есебі.
"Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы қазақстандық тұтынушыларды отандық радиоэлектрондық аспаптар және құралдармен қамтамасыз ету мiндеттерiн, сондай-ақ шетел тауарларын алмастыру аса маңызды мәселелердi шешуге және жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға бағытталған.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның мақсаты - ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелердiң отандық аспап-сайман паркiн құру мақсатында жоғары технологиялық ғылымды қажетсiнетiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдардың кең номенклатурасын әзiрлеу, өндiрiстi ұйымдастыру және шығару.
Бағдарламаның мiндеттерi:
отандық ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту және радиоэлектрондық мақсаттағы бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi шығару;
жоғары ақпараттық технологияларды, соның iшiнде ғарыштық ұшу аппараттарынан алынған ақпарат негiзiнде цифрлы электронды карталарды пайдалану арқылы геоақпараттық жүйелердi (ГАЖ-технологиясы) дамыту;
мемлекеттiң радиотехникалық саладағы қорғаныс жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
елде бар ғылыми ғылыми-техникалық әлеуеттi және жоғары біліктi жұмыс күшiн мейлiнше тарту және қосымша жұмыс орындарын құру;
қазақстандық өндiрушiлердi халықаралық экономикалық байланыстар жүйесiне және радиоэлектрондық саладағы халықаралық еңбек бөлiнiсiне енгізу;
қазақстандық радиоэлектрондық өнiмдi тұтынушыларда отандық өндiрiс өнiмiне деген сұранысты қалыптастыру.
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН
IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарламаны iске асырудағы негiзгi бағыттар мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын және өндірістік кешенiн ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз ету бойынша жүйелеу жобасын әзiрлеу және iске асыру:
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құруда жеке тораптары мен бөлшектерiн қалыпқа түсiру және жүйелеу талаптарын сақтау бойынша нормативтiк-әдiстемелiк ұсыныстар жасау;
автоматтандырылған бақылау жүйелерiн және көлiк құбыр өткiзгiш телеметриялық жүйелерi мен электрэнергетикасын диспетчерлеудi әзiрлеу, әрекетке келтiру;
темір жол басқару бөлiмшесiн және ТОБЖ-бен ЭХЖ-ЖЖ байланыс жүйесiн орталықтандырылған диспетчерлiк жүйесiн әзiрлеу мен құру;
көлiк құралдарының тасымалына, бақылау жасайтын телекоммуникациялық жүйе құру.
2. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн отандық өндiрiстiң құрал-аспаптар паркiн қалыптастыру:
апатты жағдайды қауiпсiздендiретiн топтамалы өндiрiстi, электр қуатының сапасы мен шеттен тыс мөлшерiн; байланыс аспаптарының екiншi қуат алу арналарын әзiрлеу; мағлұмат беретiн аспаптар мен телеграфтық 1, 2 және 16 каналды модемi, коммутация пакеттер орталығы мен импульстiк-кодты модуляциялар үшiн аппаратуралар; электр қуатын есептейтiн 2 тармақтық құралдарды, метрлiк және дицеметрлiк арнадағы толқынды ұстайтын телевизиялық құралдарды; аса қысқа толқындағы радиоқабылдағыштарды жедел байланыс жүйесiн әзiрлеу және игеру;
ақпараттың техникалық құралдарын және есептегiш техниканы шығару бойынша ғылыми-әдiстемелiк, технологиялық және өндiрiстiк базаны дамыту;
ақпараттың техникалық құралдарын және есептегiш техниканы сервистiк қызмет көрсету жөнiнде аймақтық орталықтар желісін CALS технологиясын қолданумен (Continius Аcqisition аnd Life Cусlе Support-үздiксiз жетiлдiру және өнiмнiң сапасын қолдану) ұйымдастыру;
өнiмнiң сапасын есептейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құру, олардың iстен шығу себебiне талдау жасау, WЕВ-сервис серверлерiн құру;
өндiрiстiк процесте отандық жинақтаушы өнiмдердiң үлесiн ұлғайту бойынша ұйымдастыру-техникалық iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
кәсiпорынның - бағдарламаны орындаушының ғылыми-өндiрiстiк базасын бұдан әрi дамыту.
3. Ғарыштық ұшу аппараттарының ақпараттары негізінде алынған электрондық карталарды пайдалану арқылы ГАЖ-технологияларды құру және дамыту:
электронды карталарды пайдалана отырып, ГАЖ-технологиясын дамыту үшін қолданбалы бағдарламаны қамтамасыз етуді әзірлеу;
өңдеудiң бағдарламалық-техникалық кешенiн жетiлдiру және табиғатты пайдаланудың, экология, картография және геологияның мiндеттерi мен проблемаларын шешу үшiн болашағы бар ғарыштық аппараттарынан жоғары шешiмдiк Жердi қашықтықтан зерттеу мәлiметтер базасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң мүддесіндегі арнайы мiндеттер құру;
геостационарлық және төменгi орбиталық ғарыштық байланыс жердiң жасанды серiгi туралы астрономиялық және фотометриялық ақпаратты жинақтау және өңдеу аймақтық орталығын құру;
бiрыңғай уақыттың атомдық және Бүкiләлемдiк уақыт Ұлттық жүйесiн салыстыру жүйесiн құру.
4. Мемлекеттiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде радиоэлектрондық кешендер, жүйелер және құралдар құру:
автоматтандырылған кешендер, оның iшiнде жылу сәулелi, радиолокациялық, электросигнализациялық және басқа да арнайы құрал-жабдықтарды пайдалануды әзiрлеу және енгізу;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң әуе шабуылының жүйесi үшiн Орталық Азия аймағының әуеғарыштық жағдайы жайлы түскен мағлұматты өңдеп, жинақтайтын автоматтандырылған жүйе әзiрлеу және құру;
отандық әлеуеттi пайдалана отырып, радиоэлектрондық қарсы әрекет мәселесi бойынша тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
қайталау циклi 12 сағаттан аспайтын қайта құрылатын жұмыс бағдарламасы қағидатын пайдалану байланыс аппаратурасын әзiрлеу және шығару;
қуаты 4, 8, 16 КВт электроэнергияның автономдық ұялы көздерiн әзiрлеу және шығару;
әскери мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарына жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн әдiстер және стандартты емес құрал-жабдықтар әзiрлеу;
полигондарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн әскери оқытуды техникалық қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар жүргiзу;
әскери мақсаттағы радиоэлектрондық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң Әскери-ғылыми орталығына (ҚР ҚМ ӘҒО) ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету.