Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 1328 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 636 бірлік санында бекітілсін.»;
6-тармақтағы «Қосымшаға» деген сөз «1-қосымшаға» деген сөзбен және осы қаулының қосымшасында «қосымша» деген сөздің алдынан «1-» деген санмен толықтырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 1328 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере
отырып штат санының лимиті
Атауы | Штат санының лимиті |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 636 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 329 |
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы | 14 |
Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы | 8 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі | 307 |