Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1270 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1270 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтыру мен өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қостанай облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 822-15-жолмен толықтырылсын:
«822-15 «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қостанай облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 229-10-жол алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 160-21-жол алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 22-жол алынып тасталсын.
5. «Қорқыт Ата әуежайы» мен «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 516-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақтағы «Қорқыт Ата әуежайы» мен «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдарының» деген сөздер «Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «Қызылорда, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен» деген сөздер «Қызылорда облысының әкімдігімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«мен «Қостанай» халықаралық әуежайы» деген сөздер алынып тасталсын;
«қоғамдары» деген сөз «қоғамы» деген сөзбен ауыстырылсын.