«43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1208 Қаулысы
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |