жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;
жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы немесе әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
3. Ветеринариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi
Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының
әкелiнуi мен таралуынан қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер мiндеттi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына iндет тарамаған басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шекара және кеден пункттерiнде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
6. Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң ветеринариялық инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде ветеринариялық рәмiздерi бар арнаулы киім киiп жүредi.
7. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит еліндегі iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк иесiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
8. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң мемлекеттік шекара арқылы өтуi кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
21-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi
Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын
ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың ветеринариялық инспекторлары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен келiсе отырып ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру (тасымалдануы) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
5. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
22-бап. Базарлардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1. Базарлардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау мiндеттi болып табылады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер базарлардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады.
3. Базарлардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға:
1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қоса жiберiлетiн ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiн тексеру;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тексерiп қарау;
3) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын сақтауын тексеру;
4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтiн, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыру кiредi.
4. Базарларда мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтап, кейiн сараптама актiсiн берудi ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
5. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу мiндеттi болып табылады. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
6. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
7. Базар әкiмшiлiгi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзудi жүзеге асыру үшiн базардағы ветеринариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шарт негiзiнде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетiн қызметтiк үй-жайлар беруге мiндеттi.
23-бап. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен
шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және
өткізу жөніндегі ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау
1. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүргiзiлуi мiндеттi.
2. Дайындау, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қабылдайды, сақтайды және өткiзедi.
3. Жануарларды сою, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөніндегі ұйымдардың әкiмшiлiктерi жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау жөніндегі өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шарт негiзiнде қызметтiк үй-жай беруге мiндеттi.
4. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау ережелерi мен тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк
қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткізу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды, өткізудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады.
3. Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттар серияларын (топтарын) Қазақстан Республикасында қолдануға (пайдалануға) олардың ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгі анықталғаннан кейiн (ветеринариялық препараттардың сериялары (топтары) бақыланғаннан кейiн) жол берiледi.
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар өндiру жөніндегі ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөніндегі өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестiгiн анықтау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органымен келiсе отырып, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға
арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп
қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезінде техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс.
24-2-бап. Ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Қазақстан Республикасының аумағында жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалдануға тиіс.
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауіпсіздігін барлық сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде заңнамада көзделген тәртіппен сақтау мерзімдері және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнімдегі заттардың қалдықтары және ветеринариялық препараттардың құрамдас бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерден аспауға тиіс.
3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етілмейді.
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын нарыққа орналастыру кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын нарыққа орналастыру кезінде өндірушілер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиіс.
2. Мынадай:
1) осы Заңның және ветеринария саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін;
2) бүлінудің анық белгілері бар;
3) олардың шығарылу тегін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты мемлекеттік тірекелуі туралы ақпараты жоқ;
4) берілген ақпаратқа сәйкес келмейтін және оларға қатысты олардың шығарылу тегін растайын құжаттардың жалғандығы туралы негізделген күмәні бар;
5) белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көздемеген мәліметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараттары жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын нарыққа шығаруға болмайды.
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп
қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен олардың бұдан әрі пайдаланылуына немесе кәдеге жаратылуына, жойылуына сараптама жасалуға тиіс.
2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрі пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемі көрсетіліп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иісі күшті шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнімге тән емес рең беретін бояғышпен жарамсыздандырылуға тиіс.
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен
адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның
iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу
жөніндегі мiндеттерi
Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелермен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
5) ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
7) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беруге;
8) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануға;
9) ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;
10) ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткізу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
12) ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге;
13) жаңа, жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсуге мiндеттi.
26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
1. Ветеринариялық iс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
2. Ветеринариялық ic-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi және жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы мiндеттi болып табылады.
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбесiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен карантин тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган шектеу iс-шараларын белгiлеуi мүмкiн.
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
1. Iндет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзілген аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемiнен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлерi бойынша қордың нормативiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнiн белгiлейдi.
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
3. Ветеринариялық нормативтер iндеттердiң объективтi және негiзделген мониторингiн жүргiзу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған ветеринариялық iс-шаралардың көлемi мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкiндiктерiн болжау үшiн негiз болып табылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ветеринариялық нормативтер ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді және ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады.
30-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi
алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және
өңдеу
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қоюға және жойылуға не алып қойылмай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан өздерiне келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және жағдайларда өтеттiруге құқығы бар.
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi ұстауды, өсiрудi, пайдалануды, өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi, тасымалдау мен өткізудi жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органымен келiсе отырып, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
32-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру,