2) облыс аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың туындаған жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
4) ветенариялық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау кіреді.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының құзыретiне:
1) ауданның (қаланың) жергiлiктi өкiлдi органына елдi мекендерде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерiн, жануарлар ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету;
4) ветеринариялық ережелер мен нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
6) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өсіру, дайындау (сою), жануарлардың өнімдері мен шикізатын қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөнінде комиссиялар ұйымдастыру;
7) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринариялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау кіреді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң құзыретi
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң құзыретiне:
1) елдi мекен жерлерiнде мал жаятын орындарды айқындау;
2) елдi мекен аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру кiреді.
11-бап. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мынадай нысандарда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар:
1) мынадай функцияларды:
ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргiзе отырып, жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттiк және әдiстемелiк мiндеттердi;
Қазақстан Республикасындағы жабайы хайуанаттар ауруларының iндет мониторингiн жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды тiркеу сынағынан, байқаудан өткізудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасауды;
жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi ауруларының ошақтарын жоюды;
мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау постыларында көлiк құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсiпорындар құрады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есеп пен есептілік жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет
1. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби ветеринариялық білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар
3. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
4. Жеке және заңды тұлғалар өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi бойынша ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi.
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөніндегі қызметiн бақылауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
5) ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
6) базарларда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды; мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептерi мен жағдайларын ашып, анықтауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына сай келетiн ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ереженi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-1- баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру тәртібі
1. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық бақылау:
1) базарларда - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөптiк қоспаларды сату орындарын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орындарында;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөнiндегі ұйымдарда;
3) мынадай қызмет түрлерiн:
ветеринариялық емдеу-профилактикалық;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткізудi;
ветеринариялық мақсаттарға арналған биологиялық препараттарды, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды өткізу;
базарлардағы ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтi жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорындарда;
5) шекаралық және кедендiк пункттерде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде;
6) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне;
10) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетiлген объектiлерде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды тиiстi аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары iлеспе ветеринариялық құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
3. Базарларда, жануарларды өсiру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты шекаралық және кедендiк пункттерде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы нысанасында ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау күн сайын өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор, тиiстi мемлекеттік органдардың объектiлерiн ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актiсiн жасайды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттік органдардың объектiлерiне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
6. Тексеру актісі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актiсi үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қол қояды.
Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екiншi данасы тексерiлетін адамға қолын қойғызып, берiледi, үшiншi данасы тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық инспекторына берiледi. Тексерiлетін адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы поштамен жiберiледi.
7. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актiсi нөмiрленген, тiгiлген және ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекітілген болуға тиiс арнайы тексеру актілерін тiркеу журналында тiркеледi.
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;
7) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөніндегі құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар
мен олардың орынбасарларының құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретiне:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) тиiстi аумақтағы iндеттi жағдайды бағалауды ескере отырып, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету кiредi.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Шекарадағы және көлiктегi бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және оның орынбасарларының құзыретiне:
1) шекарада және көлiкте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) шекарада және көлiкте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi шығару;
3) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық бақылау пункттерi мен бекеттерiнiң ветеринариялық инспекторларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кіреді.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстың аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кіреді.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
1) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлер басып шығару;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсыну;
5) шеттету үшiн негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге аумақтағы ветеринария инспекторларын қызметтен шеттету туралы шешiм шығару кiредi.
4. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
1) ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік вeтеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) аумағында жұмыс iстейтiн ветеринариялық инспекторларды қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кіреді.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
1. Ветеринариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне заңдарда белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүргiзуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
6) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жүктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органына хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Ветеринариялық инспекторлардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актілері
1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты ветеринариялық инспекторлар мынадай актiлер:
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;