5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:
1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;
4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;
5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.
3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.
4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады.
21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы
құрылыстарын балық және аңшылық
шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшiн (соның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөлiктерi, сондай-ақ су қорғау белдеулерiнiң учаскелерi балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша уәкiлеттi органның шешiмiмен балық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалануға берiлуi мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.
3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су объектiлерi және cy шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;
2) су объектiлерiнiң жағалауларын және су шаруашылығы құрылыстарын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.
108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
3. Мелиорациялық-техникалық жұмыстар жүргiзу мен балық аулауды, су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктер өсiру уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы молайту мен қорғау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн және аңшылық шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да iс-әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.
22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су
объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда
су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану
109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
110-бап. Су қоймаларын пайдалану
1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.
2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.
5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстіндегі ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.
7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың
зиянды әсеріне қарсы күресу
23-тарау. Су қорғау қызметі
112-бап. Су объектiлерiн қорғау
1. Су объектiлерi:
1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;
2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
2. Су объектiлерi:
1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;
3) балық қорлары мен басқа да су жануарларының азаюын;
4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;
5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;
7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
3. Су объектiлерiн қорғау:
1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;
2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;
3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;
4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргiзу;
6) су объектiлерiн қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.
2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүргiзiледi;
2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.
115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.
2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;
2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;
3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.
3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен алдын ала келісіледi.
116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупi бар аудандарда - қосымша төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісілiп бекітілген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде орналасқан ормандарда орман пайдалануды шектеу режимі Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектілерін қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді.
4. Су қорғау аймақтарының ормандарын пайдалануға беру Қазақстан Республикасының орман және су заңдарына сәйкес уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.
2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
118-бап. Су объектiлеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары
1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерістер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.
2. Cу объектiлеріндегі немесе өзен бассейндеріндегі және жер асты су көздеріндегі төтенше экологиялық жағдайды Қазақстан Республикасының Үкіметі жариялайды.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
119-бап. Су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау
1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган , жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жер асты суларының су жинау алаңдарында радиоактивтi және химиялық қалдықтар көмудi, үйiндiлердi, зираттарды, мал қорымдарын және жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға тыйым салынады.
3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.
4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиіс.
5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөніндегі басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.
7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cy пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.
8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.
9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.
24-тарау. Шағын су объектілері және
оларды қорғау ерекшеліктері
121-бап. Шағын су объектiлерi
1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:
тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1 тармақ өзгертілді
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөніндегі шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шаралар кешенi жеке көзделедi.
3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен келісілген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу
және оларды жою
123-бап. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:
су тасу, су басу, топан су басу;
жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;
жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;
топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.