Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 728 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 мамырдағы
№ 728 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж, № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Сәдуақасова Елдана Мәкенқызы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Саванков Александр Михайлович | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы»; |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы, Ахметов Қабдығали, Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Федоров Олег Анатольевич, Тілеухан Нәркес Түлекқызы шығарылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)