313. Конкурстық құжаттамада мынадай деректер:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
3) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін сапалық сипаттамасы;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың түпкілікті сапалы нәтиже алуға бағытталған шарттары көрсетілген техникалық айрықшалылығы;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі қажет адамдардың (отбасылардың) саны;
6) қызметтер көрсетілетін орны;
7) қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
8) төлем шарттары мен елеулі жағдайлары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
9) өзінің (және өзі тартатын қоса орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі;
10) жиынтығы шарт бойынша қызметтердің жалпы көлемінің 40 %-нан артығын қоса орындаушыларға беруге тыйым салу туралы ақпарат;
11) конкурсқа қатысуға берілген өтінім мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімдерінің талап етілетін қолданылу мерзімі;
12) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер солардың көмегімен түсіндіру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілетін орнын, күні мен уақытын сұрата алатын тәсілдері;
13) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттің ашылатын орны, күні мен уақыты (жұмыс күнінің жергілікті уақыт бойынша он бір сағатынан кешіктірмей);
14) конвертті ашу рәсімінің, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру сипаттамасы;
15) соның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын бағадан басқа, барлық өлшемдердің, оның ішінде осындай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәні мен шартты баға есебі әдістемесінің сипаттамасы;
16) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын қызметтерді (әр лот бойынша) сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
314. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
315. Конкурстық құжаттамада заңды тұлғаның құқықтық нысанына нұсқамалардың және қызметтердің жеке әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың болуына жол берілмейді.
316. Біртектес немесе бір тектес арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тектес қызметтерді конкурстық құжаттамада арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санаттары мен оларды ұсыну шарттары бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ, конкурстың жеңімпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
317. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
2) өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар сауда тізілімінің нотариалды куәландырылған заңды үзінді көшірмесін мемлекеттік және (немесе) орыс тіліне аудармасымен қоса ұсынуға тиіс;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін. Заңды тұлға өз қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді ұсынуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасын. Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылған күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
тиісті салық органының салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан артық берешегінің болмауы туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) не салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегінің болуы туралы, конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылатын күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген және мөртаңбамен бекітілген, белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) онымен қоса орындаушылардың арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін біліктілігі туралы, әлеуетті өнім берушінің және оның қоса орындаушыларының арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар көрсетілген арнаулы біліктілік және өзге де талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын мәліметтерді қамтуға тиіс.
Әлеуетті өнім беруші қызметтерді қоса атқарушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың баға ұсынымына әсер етуші өлшемдер болған жағдайда, өтінімде оларды растаушы құжаттар да қамтылуға тиіс.
Сондай-ақ, өтінім конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде, әлеуетті жеткізушінің қоса орындаушыға жалпы жиынтығында қызметтер көлемінің 40 %-нан артығын беруіне тыйым салу шарты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;
4) көрсетілетін қызметтердің тізбесін (қатысатын лоттар көрсетілген), оның ішінде:
қызметтердің сапалық сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар);
көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштері;
қызметтерді көрсету орны, жағдайы мен мерзімдері (кезеңдері);
төлемнің балама шарттары (ондайлар бар болса);
көрсетілетін қызметтердің шығыстар бойынша толық жазылған бағасын;
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт заңды күшіне енген сәттен бастап, қызметтердің сапалық сипаттамасын және тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтерді қоса алғанда, олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы міндеттемені;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхатты қамтиды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілетінің болуын растау үшін) қамтуға тиіс.
318. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
319. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттер ашылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама жасайды.
Конкурсты ұйымдастырушы екінші жұмыс күнінің 16 сағатынан кешіктірмей жіберу хаттамасын барлық қатысушыларға жібереді және біліктілік талаптары бойынша іріктеуден өткен қатысушыларды конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің ұсынылу және ашылу уақыты туралы (үшінші жұмыс күнгі сағат 11-ден кешіктірмей) хабардар етеді.
Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ашылған күні конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі және конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылады.
320. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінім ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін және сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын бағаны ұсынған ең болмаса бір әлеуетті өнім беруші болса, конкурс өткізілді деп таниды.
321. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алудағы жеңімпазды анықтау кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алған тұлғалардың пікірі мен ұсынымдарын ескеруге құқылы.
322. Конкурсты ұйымдастырушылар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде, арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылған тізілімдерін салыстырып тексеру негізінде, орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін, қызметтерді жеткізушілерге ай сайын шығындарды өтейді.
323. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1 қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)
Ережеге
1-қосымша
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
номенклатурасы
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ережеге
2-қосымша
_______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алу жоспары
(тапсырыс берушінің атауы)
№ | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсе- тілетін қыз- меттердің атауы | Сатып алу тәсілі | Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипат- тамасы (си- паттауы) | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызмет- терді көрсету мерзімі | Тауарды беру, жұмыс- тарды орын- дау, қызмет- терді көрсету орны | Сатып алу үшін жоспар- лаған сома, теңге | Аванстық төлем мөлшері, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Сатып алынуы Заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер |
| | | Егер тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сипаттамасын осы бағанда сипаттау мүмкін болмаса, онда ол жеке қосымшада көрсетіледі (техникалық өзіндік ерекшелік) және мұнда қосымшаларға сілтеме көрсетіледі | | | Қажет болған кезде өнім беру (орындау/ көрсету) кестесі қоса берілуге тиіс | | | |
| Жиыны | х | х | х | х | х | х | | х |
Сатып алынуы Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер |
| | | Егер тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сипаттамасын осы бағанда сипаттау мүмкін болмаса, онда ол жеке қосым- шада көрсетіледі (техникалық өзіндік ерекшелік) және мұнда қосымшаларға сілтеме көрсетіледі | | | Қажет болған кезде өнім беру (орындау/ көрсету) кестесі қоса берілуге тиіс | | | |
| Жиыны | х | х | х | х | х | х | | х |
| Барлығы | х | х | х | х | х | х | | х |
Сатып алынуы бір қаржы жылынан асатын мерзімде жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер |
| | | | | | | | | |
| Жиыны | | | | | | | | |
| Барлығы | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі және қолы
М.О.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3 қосымшада бүкіл мәтін бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер алынып тасталды;«ашық/жабық» деген сөздер алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Ережеге
3-қосымша
Бекітемін:
_______________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы және осы
конкурстық құжаттаманы бекіткен оның лауазымды
тұлғасының Т.А.Ә. көрсету қажет)
200__жылғы «___» _________
шешімнің №________________
ҮЛГІ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
мемлекеттік сатып алу бойынша
_____________________________________________________________________________________________________
( конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын көрсету қажет)
Тапсырыс беруші______________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан орнын, СТН, банктік деректемелерін көрсету қажет)
Тапсырыс берушінің өкілі_______________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының - өкілінің Т.А.Ә., байланыс телефондарын және болса электрондық почтасының мекен-жайын көрсету қажет)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
___________________________________________________________________________________________________
(толық атауын, орналасқан орнын, СТН, банктік деректемелерін көрсету қажет)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі
___________________________________________________________________________________________________
(лауазымын, байланыс телефондарын және болса электрондық почтасының мекен-жайын қоса алғанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды тұлғасының - өкілінің Т.А.Ә. көрсету қажет)
Конкурстық құжаттаманың құны
___________________________________________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың құнын теңгемен көрсету не егер конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшін төлем алу көзделмесе немесе конкурстық құжаттама Интернет желісінде электрондық түрде орналастырылса, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: «Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»).
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Конкурс өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету қажет).
2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома____ теңгені құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) лоттарға бөлген жағдайда әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетуі қажет.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын______________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелерін көрсету қажет);
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының почталық мекен-жайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет).
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін _____ (кездесу өтетін орынды, күні мен уақытын көрсету қажет) кездесу өткізеді.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;