Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге ең жоғарғы шартты шегеріммен рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес сауал жібереді.
148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге не конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданбаған болып табылатын конкурсқа қатысушыға сауал жібереді.
149. Әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны жібереді.
Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
150. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
151. Егер бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.
152. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастыруға тиіс.
153. 152-тармақтың шарты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын оларды бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
154. Егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайда, осындай ұсыныс қабылданбайды және бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылады.
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
155. Тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 156-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
156. Мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, көрсетілетін қызметтерді жеткізген жағдайда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс.
157. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
158. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
159. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.
160. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
161. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 162 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
162. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап ашық тауар биржалары арқылы айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.
163. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
164. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
165. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
166. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар
Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала
іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне
қойылатын талаптар
167. Арнайы тәртіпті Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетілген тапсырыс берушілердің басқару органдары бекітеді және мыналарға:
1) әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;
2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды
4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге қолдау көрсету тәртібіне
168. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін біліктігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы әлеуетті өнім берушілерге берілетін хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) мәтінін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 169-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
169. Хабарлама мәтінінде бұлардан басқа, тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиіс.
170. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің арасында біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы Хабарлама беруді жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады
1) Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін Заңға сәйкес уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға хабарландыру мәтінін Бюллетенде жариялау үшін жіберуге;
2) тапсырыс берушінің веб-сайтында Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға;
3) уәкілетті органға Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекен-жайын жіберуге;
4) тапсырыс берушінің веб-сайтында хронологиялық тәртіппен Хабарлама алған адамның орналасқан жері, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ол туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны табыс ету фактісінің тіркелуін қамтамасыз етуге тиіс.
Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.
172. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (бұдан әрі - Өтінім) қарау директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген мерзімде жүргізіледі.
173. Әлеуетті өнім берушілер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тізбесін ұсынуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
174. Әлеуетті өнім берушілердің Өтінімдері тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.
175. Тізбеге енгізуге өтінімдерді қарауды директорлар кеңесі не бірінші басшы құрған комиссия жүзеге асырады.
176. Өтінімдерді қарау кезінде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:
1) Өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың Өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді;
2) Өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.
Өтінімді жетіспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге орай Өтінімді Хабарламаның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
177. Комиссия Өтінім, егер Өтінімде берілген мәнді қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.
178. Комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатыса алады.
179. Әлеуетті өнім беруші, егер:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның Өтінімі Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, Тізбеге енгізілмейді.
180. Егер әлеуетті өнім беруші Тізбеге енгізілмеген жағдайда, онда Тізбеге енгізу туралы хаттамада Өтінімді қайтарудың негіздемесі көрсетіледі.
181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілу үшін уәкілетті органға жіберілуге тиіс.
182. Комиссия Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды Тізбеге енгізеді.
183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға комиссияның төрағасы, отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ комиссияның хатшысы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
184. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді комиссияның қабылдаған шешімі туралы:
1) Тізбеге енгізу туралы хаттаманың көшірмесін беру не жіберу;
2) қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыру арқылы хабарлауға тиіс.
185. Комиссияның Тізбеге енгізу туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін
қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар
186. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тізбені қалыптастырады.
187. Директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады
1) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға Тізбенің мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін Тізбенің мәтінін жіберуге;
2) Тізбенің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.
188- тармаққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысын қара (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 188- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
188. Тізбе директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген білікті әлеуетті өнім берушілердің ең аз санынан тұруға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тізбені жаңартып отыруға тиіс. Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілер директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде олардың тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына және Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растауды беруге тиіс. Осындай талаптарға сәйкестігі расталмаған жағдайда, көрсетілген әлеуетті өнім беруші директорлар кеңесі немесе бірінші басшы бекіткен мерзімде Тізбеден шығарылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженің 187-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.
Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің
баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне
қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.
190. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелікті, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шарттың елеулі талаптарын, сондай-ақ өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрі - Талаптар) әзірлейді және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.
191. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші Талаптарды бекіткеннен кейін олардың сатып алу затын жеткізуге Өтінімдер беру мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінімдерді қарау тәртібін көрсете отырып, оларды Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілерге жібереді.
192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетілген күні, уақыты мен орнында өткізіледі. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізуге құқығы бар оның уәкілетті өкілі қатысуға тиіс.
193. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.
194. Әлеуетті өнім берушінің бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді Талаптарда белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.
196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
197. Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
198. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.
200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
201. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.
202. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады
2) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын Бюллетеньде жариялау үшін ақпарат жіберуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.
203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге тиіс.
204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 8 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 205-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
205. Электрондық мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында электрондық қызметтерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу осы Ережелермен белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне сәйкес ережелермен көзделген мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 206-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
206. Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтерді көрсетудің ережелерін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 207-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
207. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер көрсетуді электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 208- 219 және 220-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 221- 231-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 232- 234-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 235- 248-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Жалпы ережелер
249.ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
250. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 251-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 252-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
252. Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 253-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, веб-сайтта мәтіндерге тапсырыс берушілерді жариялауды, конкурсқа қатысуға рұқсат туралы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері ашылған конверттердегі қол қойылған хаттамаларды және конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жариялауды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.